Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Иманды ұл, инабатты қыз- елдің көркі


Иманды ұл, инабатты қыз- елдің көркі

  Иманды ұл, инабатты қыз- елдің көркі

Тақырыбы:       Иманды ұл, инабатты қыз- елдің көркі

Мақсаты:        Балаларға ислам діні туралы түсінік бере отырып,                 

                     имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі:  Плакаттарға жазылған сөздер; «Ислам жолы-тазару жолы»,  

                  «Білсін деп қазақ ұланы...», «Исламдық діни терминдер»,

                  буклеттер, әртүрлі суреттер, мешіттің суреті, қыз, ұл тәрбиесі

                 туралы қабырға газеті

Сабақтың барысы:

Мұғалім: Қымбатты ұстаздар, қадірменді меймандар, оқушылар «Иманды ұл,   инабатты қыз елдің көркі» атты әдептілік сабағын бастауға рұқсат етіңіздер

1-оқушы: Ислам діні алғаш рет Аравияда дүниеге келді. Оның негізін салушы Мұхамед  Пайғамбар. Өзін мұсылман санайтын адам баласы төмендегідей бес парызды ұстауы керек.

  1. Аллаға сеніп Мұхамедтің үмбеті екенін мойындау.
  2. Дәрет алу, күніне бес рет намаз оқу.
  3. Жарлыларға зекет беру.
  4. Рамазан айында отыз күн ораза тұту.
  5. Қажыға, Меккеге бару.

Мұғалім: (Құран-кәріммен таныстыру)

               Құран кітапты қолға алғанда биссмилла рахман-рахим деп ұстау керек.  Құранда  6666 сүре жазылған. Құран кітапта жазылған аяттар адамды мұсылмандық  жолға бастайды. Мұхаммед Пайғамбар айтқан екен, қымбатты менің елшілерім  сендер қандай жұмыс бастасаңдар, қандай іске кіріссең де, бисмилла рахман- рахим деп баста, сонда сол істің сауабы тиеді. Істеген ісің жақсылыққа  бастайды деген.

(Мұхаммед Пайғамбар туралы түсінік беру) 

Мұхаммед Пайғамбар 570 жылы Меккеде дүниеге келген. Оның әкесі Абдулла, атасы Абдулл Муталып, түптеп келгенде Ыбырайым мен Ысмайыл пайғамбардың тікелей ұрпағы. Әкесі болашақ пайғамбар дүниеге келмей тұрып қайтыс болған.

Анасы Әмина Мұхаммед 6 жасқа келгенде қайтыс болады. Сондықтан

Мұхаммедтің тәрбиесі атасы мен ағасының мойнында болады. Бала жастайынан адал, әрі тәрбиелі болғандықтан жұрт оны «әл-әмин» деп атап кетті. Мұхаммед Пайғамбар 23 жыл пайғамбарлық діни жолда құран-кәрімнің аяттары сүрелерін бір кітапқа енгізді. 63 жасында көз жұмды. Денесі Мединедегі өз үйіне жерленді. Содан бері құранның бір сөзі де өзгертілген жоқ.

2-оқушы:  (Қыз бала тәрбиесі туралы)

          Қыз- елдің көркі. Сондықтан да халқымыз қызды аса қадірлеген. «Қыздың жолы жіңішке», «Қыз өрісің» дейді қазақта. Қызды қазақ жат жұрттың баласы санап үйде қонақ ретінде қараған. Яғни, бәрімізқыздан туыламыз, солардан өсіп-өнеміз. Қыз болашақ  жар, ана, әже. Сондықтан қызды әлпештеп, мәпелеп, инабатты етіп, тіл тигізбей тәрбиелеген. Сондықтан қыз біреудің жоғын жоқтайды да, өз жұртына тілеулес болады.

3-оқушы (Ұл бала тәрбиесі туралы)

Ұл бала қазақта шаңырақ иесі, ер азамат, ата-ананың отын тұтатушы. Ер бала өз ата-анасына, іні-қарындастарына қамқоршы, ел қорғаны болып саналады. Қазақ қызын ұзатып, ұлын үйлендірген, құда түсіп, құдасын құдайындай сыйлаған.

4-оқушы:                                         Ата-аналық үлкен сын

                                                       Бала өсіру ұлы өнер

                                                      Жақсылардың соңынан

                                                     Жарқын қыз бен ұл ерер

5-оқушы:                                     Әке сөзі - парыз

                                                   Ана сүті – қарыз

6-оқушы:                                   Ұл өссе-ұрпақ,

                                                  Қыз өссе- ырыс

7-оқушы:                                   Ұлың өссе -мұратың

                                                  Қызың өссе-жұратың

Мұғалім:       Енді жас нәрестеге байланысты әдет-ғұрыптарды еске түсірейік.

  1. Кіндік кесу
  2. Шілдехана тойы
  3. Балаға ат қою
  4. Бесікке салу
  5. Қырқынан шығару
  6. Тұсау кесу
  7. Сүндет тойы
  8. Тіл ашар
  9. Үйлену тойы

Міне, баланы дүниеге әкелгеннен кейінгі ата-ананың парызы осыларды жасау. Қазақтың салт-дәстүрімен өскен бала иман жүзді, қызы инабатты болары сөзсіз.

Міне, балалар біз бүгін ислам дінімен,  оның жаратушысымен таныстық. Әрдайым иманды болыңдар! Қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрпын жоғары бағалап, ұмытпаңдар!   


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Өнегелі отбасынан үлгілі ұрпақ өседі
Ел үмітін ақтаймыз, ата салтын сақтаймыз.
Имандылық-инабаттылық белгісі
Қыздар туралы
Ислам дінінің пайда болуы
Ислам діні туралы білім
Ислам діні туралы не білеміз?
Қасиетті Құран Кәрім
Қасиетті Құран кәрім және Адам ата жайында
Құран және ислам ілімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 10389 | Қосты: Батырханова Бағила Қалиясқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык