Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / География |
Көрсетілім: 4038 |
|
|
|
«АҚШ» тақырыбын қайталау
Сабақтың тақырыбы: «АҚШ» тақырыбын қайталау
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың дамыған елдердің ең алыбы АҚШ туралы білімдерін толықтыру, АҚш туралы алған білімдерін дамыта отырып, білім-білік дағдыларын қалыптастыру. ҰБТ кезіндегі тапсырма түрлерін орындай білуге үйрету.
2. Шығармашылық қабілеттерін арттыру, өз бетімен жұмыс істеуге, теориялық материалдарды өз істерінде қолдануға, талдау жасауға, сызба құруға, топты ұйымшылдыққа, бір-бірін тыңдауға дағдыландыру.
3. Достыққа, білімділікке, экономикалық білім беру мен мамандық таңдауға, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Сабақтың әдістері: іздендіру, түсіндіру, ауызша сұрақ-жауап,шығармашылық, өз бетімен жұмыс, әңгімелеу, топтау, жинақтау.
Көрнекіліктер: дүние жүзінің карталары, слайдтар, сызбалар, қосымша интернет материалдарының түрлі тірек сызбалары, интерактивті тақтадан тест.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды 3 топқа бөлу. Топ басшыларын сайлау.
АҚШ туралы түсіндіре отырып, дамыған дүние жүзіндегі ең ірі ел екендігін, өтілген материал негізінде толық слайдтар арқылы қысқаша әңгімелеп өту.
Интерактивті тақтадан АҚШ-ты көрсетіп әңгімелеу.
Солтүстік Америка материгінде
Америка дүние бөлігінде
Жоғары дамыған елдер
Жоспар:
1. Мемлекеттің географиялық орны.
2. Мемлекеттің тарихы.
3. Мемлекеттің табиғат жағдайы мен табиғат ресурстары.
4. Халқы.
5. Шаруашылығы. Өнеркәсібі, ауылшаруашылығы.
6. Экономикалық аудандары.
7. Сыртқы экономикалық байланыстары.
Оқушылардың білімдерін тексеру мақсатында төмендегі тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, әртүрлі жұмыс түрлері орындалады.
Тірек сызбалармен жұмыс.
І. АҚШ туралы түсінік.
ІІ. АҚШ-тың экономикалық-географиялық жағдайы.
ІІІ. Мемлекет тарихы.
Әр топ өз жұмысын интерактивті тақтаға сызып көрсетеді. Оқушылар қорытындысын шығарып мониторингтік бағалау парағына белгілеп отырады.
Сөздік тест.
І. Үшінші теңіз жағалауы
Күн белдеуі
ІІ. Бір қабатты Америка
Империялық штат
ІІІ. Жеміс-жидек салған себеті
АҚШ мемлекетінің «бесігі»
Бұл терминдік ұғымдар ҰБТ кезінде келетін болғандықтан үнемі қайталап, еске түсіріп отырамыз.
Картамен жұмыс.
І. Флорида, Техас, Калифорния, Мичиган, Пенсильвания
ІІ. Виргиния, Аризона, Невада, Мэн, Теннеси
ІІІ. Колорадо, Айова, Аляска, Луизиана, Огойо
Әр топ өздеріне берілген штаттарды картаға жазып белгілейді. Бұл жұмыстан картаны оқи алатындығы анықталды.
Шығармашылық іздену жұмысы
І топ. Детройт қаласы.
ІІ топ. Нью-Йорк
ІІІ топ. Вашингтон.
Топ мүшелері АҚШ-тың ірі қалалары туралы шығармашылық іздену жұмыстарында слайдпен қаланың көрікті, маңызды жерлерін көрсетіп баяндады.
Сәйкестендіру тесті.
Мемлекеттік құрылымы 4 орын
Батыстағы тау жүйесі Миссисипи
Көмір алаптары Мексика шығанағы, Аляска
Жерінің ауданынан Солтүстік-шығыс, батыс, оңтүстік-батыс
Ең ірі өзені Федерациялық Республика
Мұнай мен газ Аппалач, Кентукки
Экономикалық аудандары Кордильера
Колумбия округі Вашингтон
Халқының саны жөнінен 3 орын
Сызбадағы бос орындарды толықтыру.
«Кім жылдам?» ойыны арқылы барлық сынып ұжымы жұмыс істейді. Оқушыларды жылдамдыққа, алғырлыққа, білімділікке тәрбиелеу.
1. Дүниежүзі бойынша АҚШ өнеркәсіп өнімдерін шығару жөнінен нешінші орында? (1)
2. Өнеркәсіп тауарларын шығарудан әлемнің кез келген мемлекетімен бәсекелестік қабілеті. (Жоғары)
3. АҚШ-тың дүниежүзілік нарықтағы дәстүрлі өнеркәсіп саласы. (Автомобиль жасау)
4. АҚШ-тың автомобиль компанияларын ата. (Дженерал Моторс, Крайслер, Форд Моторс)
5. Авиациялық техника жасаудан нешінші орында? (1)
6. Мұнай химиясының астанасы. (Хьюстон)
7. Қазақстандағы АҚШ-тың мұнай саласындағы компаниясы. (Шеврон, Тексако)
8. Кокстелінетін көмір алаптары. (Аппалачта)
9. Телекоммуникациялық жабдықтар, микросұлбалар жасаудан нешінші орында? (2)
10. Сиэтл қаласында 1916 жылы қандай зауыт салынды? (Боинг)
Бұл тапсырмада оқушыларға АҚШ-тың ең көрікті туристік объектілері туралы мағлұмат жинап, Қазақстанның туристік аймақтарымен салыстыру. Отанымызда туризм саласын дамытуға болатындығын баяндау.
Үйге тапсырма: АҚШ-қа байланысты тест құрастыру. «АҚШ менің көзіммен» тақырыбына эссе жазу. Жоғарыда орындалған тапсырмалар бойынша мониторингтік бағалау парағы интерактивті тақтада орындалады. Ұпай сандары қорытынды бағалау арқылы анықталады.
№ Оқушының
аты Тірек
сызбамен
жұмыс Сөздікпен
жұмыс Картамен
жұмыс Шығарма-
шылық Сәйкес-
тендіру Үй тапсыр-
масы Тест Қоры-тынды
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |