Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Күз-мереке, күз-береке


Күз-мереке, күз-береке

Тәрбие сағаты: Күз-мереке, күз-береке

Мерекелік сахналық көрініс
Сахна мерекеге сай жабдықталған: «Күз –мереке, күз-береке», «Бізде көп ән-жыр, ойын,қыздырамыз күз тойын» -секілді, «Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын, көңілдің серіппелі күйін ашсын.бақ пенен шаттық бірге қатар қонып береке бірлікпенен ортақтассын», -деген сөздер жазылынып ілінеді. Сахна шетінен»Күз  – жомарт маусым»,- деген бұрыш ашылып, оған күзде пісетін түрлі жеміс-жидектер қойылады.

Мұғалім: Күз дегеніміз-жазира даланың дархан дастарханы.Күз дегеніміз-байлық, мошылық.Күз дегеніміз-қауырт еңбек кезеңі.

Жүргізушілер: Тыңдаңыздар!Тыңдаңыздар!
                           Естімейтіндерге ымдаңыздар!
          Бүгін мектебімізде «Алтын күз» мерекесі тойланға-
лы жатыр! Мерекеге дайындықпен келген көп бала қойылымда ойнағалы, ал оны көрген есті көрермен ойланғалы жатыр!
Баршаңызға!  Баршаңызға!
              Жиналғанға ұқсайды барша мұнда!
          Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!
           Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!
        Бүгінгі біздің бағдарламамызда:

             Жұмбақ пен сөзжұмбақ шешіледі,
Ертегілер еселеп есіледі.
    Орайын өз сөзінің ойлап айтар
       Шешендер ал кеп сонда көсіледі.

      Келтіретін әрдайым сезім күйін,
        Көресіздер жастардың әсем биін.
   Қатыссаңыз кетірер көңіл кірін
           Ойынның ойнайсыздар неше түрін.

Әзілге  сірә шорқақ ел емеспіз,
     Қалайша қалжың сөзді елемеспіз.
   Ойын-оспақ болса егер кұткеніңіз
Оған да риза болып кенелерсіз.

Әншінің шарықтаған әнін естіп,
       Көңіліңіз қалары хақ біраз серпіліп.
Осылай бәрі-бәрі болып жатса
 Мақсатқа қалар едік біз де жетіп.
    Сонымен, ардақ тұтқан көрерменім! Соңында алғыстарыңызды айтасыздар, рақмет, рақмет деп бізге қайтасыздар!
    Ал, енді кешімізді алып қару мәртебесін сыныбымыздағы ең озат оқушымыз- Аскерова Алимаға береміз,- дей бергенде ортаға Дымбілмес шығып:
             ---Жоқ,жоқ, тұра тұрыңыздар, олай болмайды, кім жақсы оқиды- Алима!Кім жүгізеді –Алима! Бірдеңе бола қалса Алима! Алима! Олай болмайды, сонда мен осылай шеттеп қала беремін бе? Балалар, айтыңдаршы  мыналарға, «Алтын күз» мерекесін Дымбілмес жүргізсін деп.
Балалар: Жарайды,солай-ақ болсын .

Дымбілместің өлеңі:  Дымбілместі кім білмейді,
      Сабағынан дым білмейді.
Мұғалімі сұрай қалса,
    Төмен қарап міңгірлейді.

      Сөйтіп жүріп толам дейдй,
Жүргізуші болам дейді.
Мерекені қызықтырып,
     Көп көңіліне қонам дейді.

            Ал,жарайды,болса болсын,
           Көрерменнің көңілі толсын.
Айтар сөзін айта алса
            Дымбілмеске дарын қонсын.

Туа қалған бір күн кеште
           Шынымен –ақ дым білмес пе?
 Жалқаулығын қояр болса 
                                      Бәрін біліп үлгермес пе?  
Дымбілмес: Іхі, іхі (тамағын кенеп, галстугін түзеп алады)
1. Мектеп өмірінде ол бір пән
Бірінші нөмірімізде орындалатын...
(Басын қасиды,ұйқасын балалар тауып алады)

Балалар: Ән

Дымбілмес: Иә,иә,ән!
4-сынып оқушының орындауында ән.
Дымбілмес:
2.Тамашалап бәріңіз көріңіз
Назарларында (Шегіртке мен құмырсқа)атты..
Балалар: Көрініс
Дымбілмес:

3.Атап тұрмыз кұздің тойын,
Кезекті енді алады...

Балалар. Ойын

   «Күз белгісі неде?» ойыны ойналады. Ойын аукцион тәртібімен жүргізіледі. Шарты: Жүргізуші  (Күзде) деп бастап береді
Ойынға қатасып отырған көрермендер:
Жапырақтар сарғаяды;
Құстар қайтады;
Күн суытады;
Жаңбыр жауады;
Жеміс-жидектер піседі--- деп жауап береді.

4. Дымбілмес: Енді не айтсам екен?  -деп ары ойланып, бері ойланып тұрғанда сахнаға мұғалім шығады.
Мұғалім: Дымбілмес, рақмет, ары қарай енді өзім-ақ жүргіземін.
  Дымбілмес: Жарайды, өздерін біліңдер . Әйтсе де мен жаман жүргізгенім жоқ! Солай ғой, балалар?

Мұғалім: Біздің  «Алтын күз» кешімізге « Жігіт сұлтаны» атты сайысқа қатысамыз деп әр сыныптан ханзадалар келіп тұр.

1-сынып: 
2-сынып: 
3-сынып: Артур
4-сынып: Ермек
Сахнаға әділқазылар алқасы шақырылады: грамоталар ---газеттер, дастархан және қол өнерә байқауынан беріледі.
Күз келді қазағымның жеріне
  Жігіттер тұр сахнаның төрінде
Лайықты қазақтың баласына
    Өз өнерін, жігіттігің көрсеткені!

Ханзадаларға қойылатын талаптар:
1. Өзің- өзі таныстыру
Би--------Лиана
2. Өз өнерін көрсету
Көрініс-----4-сынып
3. Теңге  алу ойыны
Өлең---1-сынып
4. Шаш өру
Би-----2-сынып
5. Вареньяның түрін ажырату
Би----4-сынып
6. Жорға сайысы
Өлең----2-сынып
7. Бұа не? (картоп,сарымсақ, апельсин, лимон)
Көрініс----2-сынып

Аділқазыларға сөз беру. Қорытынды
Тоңазып атырап
Бар жеміс піседі.
Сарғайып жапырақ,
Саудырап түседі.
Аспанда сарғылт бұлт,
Жан-Жақта жатады.
Күн кеште суытып,
Жауын көп жауады.
Көктемде егін егетін,
Күзде жиып беретін,
Біздің дала бай дала,
Алтын астық айнала.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қош бол, сүйікті әліппе!
«Арайлы,алтын күз»
Берекелі күз
Еліне береке сыйлаған»
Армысың алтын күз
Тәрбие сағаты: Біз біріншеге келдік
Берекелі күз – мерекелі күз
Арайлы алтын күз
Күздің кереметі
Берекелі, алтын күз Мерекелі, алтын күз
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 8754 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык