Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 5909 |
|
|
|
Тіл – халық қазынасы
Сабақтың тақырыбы: Тіл – халық қазынасы
Сабақтың мақсаты:
«Тіл – халық қазынасы» деген тақырлықпен алынған сабақ арқылы балалар өз тілін ардақтап тұрып, құрметтеуге үйренеді. Ана тілінің қадір қасиетін түсініп өскен баланың жақсылыққа жаны құмар, таза, инабатты, сыпайы болып өсетіндігін және ұлттық қасиеттерімізді жоғалтпаудың бірден-бір қайнар көзі екендігін айтып түсіндіру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ тіл дамыту, сауат ашу, көркем әдебиет, есеп, дене тәрбиесі, айналамен таныстыру, ән сабақтарымен байланыстыра өткізу.
Жаңа сөздер: эпос, фольклор.
Көрнекі құралдар:әр түрлі түсті қағаздан жасалған гүлге, шарларға жазылған баспа әріптер, ойынға арналған сандар, асықтар, шаңырақ, әр түсті ленталар.
:
Әрекет кезендері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбер.
Әр гүлге жазылған баспаӘРІПТЕРМЕН АНА, БАЛА,ОТАН және шарларменҚАЗАҚСТАН деп жазып, әр жазу бойынша тақпақтар айтылады.
AHA
АНА өмір мәңгілік,
Жүзі нұрлы таңКҮЛІП.
АНА десе ӘРКІМНІҢ,
КөкірегіндеЖАНДЫ ҮМІТ.
БАЛА
Бала, бала, БАЛАМЫЗ,
БалдайТӘТТІ БАЛАМЫЗ.
Балаболып, ӘН САЛЫП,
Би дебилейАЛАМЫЗ.
ОТАН
Отанменің ата-анам,
Отандосым, бауырым.
Отанөлкем - астанам,
Отан туғаи ауылым.
ҚАЗАҚСТАН
Құрметте досым, қазақтың жерін,
Қазакстан Республикам менің!
1 Ана тілі арың бұл,
Айшықты ғой гүлден де.
Рухың биік, жаның нұр,
Қасиетін білгенде.
Өз тіліңде ойласаң,
Өз тіліңде ойнасаң,
Қандай әсем жарасты,
Өз ғұрпыңмен тойласаң.
2 - Аға, апа, інім - деп,
Қарындасым - гүлім - деп.
Қандай тәтті өз тілің,
Сөйлегенде күлімдеп.
Ана тілі қаның бұл,
Жан бітірер тасқа да,
Қуат берер нәрің бұл,
Үлкенге де, жасқа да.
Балалар "Туған елім" әнінің ырғағымен залға кіріп төрт қатарға тұрып, түрлі қимылды ЖАТТЫҒУЛАР ЖАСАЙДЫ.
Іздену-ұйымдас тырушы - Балалар, біз қай республикада тұрамыз?
- Республикамыздың ел ордасы қалай аталады?
- Дұрыс айтасыңдар. Бұрынғы Ақмола қаласы - қазір Республикамыздың Астанасы.
Алматы - бас қалам,
Астана - жас қалам.
Бірің - ай, бірің - күн,
Өзіңмен мақтанам, - деген Астанаға арналған
тақпақ бар.
- Қане, айтайықшы, біз қай ұлтпыз?
- Дұрыс айтасыңдар. Біздің ұлтымыз қазақ, біздің тіліміз - қазақ тілі. Басқа ұлттармен сөйлескен кезде орыс тілінде сөйлейміз. Өйткені орыс тілі көптеген ұлттардың ортақ тілі (осы кезде залға ұлттық киімін киген орыс қызы кіреді).
- Здравствуйте, ребята!
- Бізге қонақ келді. Аты-жөнін сұрайық кім екен?
- Как тебя зовут?
- Наташа.
- Балалар, Наташа қайтілде сөйлеп тұр.
- Мен қазақ тілінде де өте жақсы түсініп, сөйлеймін, - деді Наташа.
Тәрбиеші:
- Олай болса, Наташа, сен біздің балаларға бір тақпақ айтып бересің бе?
Наташа:
- Жарайды.
Ана тілің — жан арың
Тіліңді үйрен күнде сен,
Ол іс деме жай ғана.
Өз тіліңді білмесең,
"Білгішпін" деп ойлама.
Өзге тілді үйренсең,
Өркендейді адамдық
Өз тіліңнен жиренсең,
Өлім, қылмыс, надандық.
Ақ сүтіндей ананың,
Ана тілің - жан арың.Ә. Табылдиев.
Тәрбиеші:
- Қандай жақсы айттың, Наташа, сен бізге қонақ болып отыра ғой. Балалар, көрдіңдер ме, Наташа өз ана тілімен біргe біздің қазақ тілін де өте жақсы біледі екен. Көп тіл білу білімділікке жатады. Адамзат жаралғалы бері ана тілі ар-ождан, адамгершілік айнасы болып келеді.
Ана тілі - әр халықтың өзінің төл белгісі. Әрбір адам ана тілімен бақытты, ана тілімен биік, әрі асқақ- Өз елінің, жеріңнің, халңыңның мерей-мәртебесін биіктету үшін қазынаң - ана тілін жетік білу қажет.
Балалар, Қазақстан Республикасында көптеген ұлт өкілдері тұрады. Біз мектепке келе жатқанда, мектептен қайтып бара жатқанда немесе қонаққа барғандарыңда, көліктерде басқа ұлт өкілдерін кездестіреміз, Олар кімдер?
- Дұрыс айтасыңдар. Осы аталған ұлт өкілдерінің барлығы ана тілін білуі керек.
- Ал сендер қай тілде сөйлесесіңдер?
- Балалар, біз неге өз тілімізді - ана тілі дейміз?
Тәрбиеші:
- Дұрыс айтасың. Тіл - рухани байлықтың бағажетпес құдіретті, қуатты қайнар бұлағы. Оның бұлағынан жас бала ана сүтімен ауызданады, алғашқы күннен бастап сөйлеуді үйреніп , тілі шыға бастайды
Анамның тілі - айбыным менің
Анамның тілі - ай, күнім менің
Сүйемін байтақ- елімді туған
Сүйемін байтақ - өмірді думан
Әр адамның өз анасынан басқа
Болу керек құдіретті төрт ана
Туған жері - түп қазығы айбыны,
Туған тілі – сатылмайтын байлығы
Туған дәстүр салт-санасы тірегі,
Тағдырына шуақ шашар үнемі.
М, Мақатаев.
Тәрбиеші:
- Балалар осы өлең-тақпақтарда айтылғандай өз тілімізді қадірлеп оны сүйе білуіміз керек. Айта кететін болсам, ақын О. Тәжібаевтың төрт жол өлеңі жүрегімді тербейді.
Ана тілім - тірлігімнің айғағы,
Тіл барда, айтылар сөз ойдағы.
Өссе тілім, менде бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін. О.Тәжібаев.
Би: "Бипыл".
Тәрбиеші:
- Балалар, жаңа біз бірнеше ұлт өкілдерін атап айттық.
Енді өзіміздің арамыздағы басқа ұлт өкілдерінің балаларына сөз берейік .
Мысалы, Наташаның ұлты - орыс. Жасұланның ұлты- ұйғыр.
- Жасұлан, сен бізге өз тіліңде бір тақпақ айтып бересің бе?
- Көрдіңдер ме, балалар, біздің топтағы Наташа мен Жасұлан өз ана тілдерінде және қазақ тілінде де өте жақсы сөйлейді екен.
- Балалар, біз ағылшын тілінде де сөйлеп, тақпақтар айта аламыз ғой.
Қане, айтып жіберейікші.
Тақпақ, өлеңдер айтылады.
Тәрбиеші:
- Балалар, біз халықтың жан дүниесін ана тіліміз арқылы танып білеміз. Біздің ана тіліміздің байлығы ұрпақтан ұрпаққа жазу жоқ кезеңде шешендік сөздер, ертегілер, аңыздар, ауыз әдебиеті арқылы жеткен. Мысалы, Эпостық жырлар деп батырлар туралы жырланған жырларды айтамыз.
- Біз қандай батырларды білеміз?
- Осылардың барлығы ауыз әдебиеті арқылы тараған. Біздің тіліміз бай. Той-томалақ, жыиындар
айтыссыз өтпеген. Айтыс - суырып салма ақындардың сөзталасы. Айтыскерлер орынды әзіл-қалжыңды тапқырлықпен қолдана біледі Айтыс атадан қалған мұра, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін мына сендер.
Ұлттық киім киген бала кіреді.
Отырған қонақтарға, балаларға келіп қазақшалап сөйлейді
Тәрбиеші:
Сенің атың кім болады?
Ойын: Шаңырақ.
- Балалар, менімен ойын ойнағыларың келе ме?
-Ойын ойнамас бұрын сендер менімен мақалайтып сайысып көріңдер. Бірінші сендер бастаңдар.
Баян: - Ай - ортақ, күн - ортақ,
Шебердің қолы - ортақ.
Шешеннің тілі — ортақ,
Баян: - Әдепті бала ата-анасын мақтатады,
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатады.
Әдептіліктің белгісі,
Иіліп сәлем бергені.
Баян: - Қыз өссе, елдің көркі,
Гүл өссе, жердің көркі
Баян: - Батыр елі үшін туады,
Елі үшін өледі.
1 Бала
- Баян батыр, сен мақалды жақсы айтады екенсің, енді мен жаңылтпаш айтайын, сен қайтала.
Алатауда неше шың бар?
Қаратауда неше шың бар?
Алатаудабір мың шың бар.
Қаратауда бір мың шың бар.
Баян батыр қайталайды. Содан соң Баян батыр бір жаңылтпаш айтады.
Қара қарғаларға ала қарғалар үйір,
. Ала қарғаларға қара қарғалар үйір.
Балалар сұрақтарға жауап береді
-Қазақстан Республикасында.
-Астана.
Балалар Наташаны тындайды.
Орыстар,өзбектер, татарлар, ұйғырлар, кәрістер, үндістер, түріктер, немістер, қытайлар, ағылшындар және бісқа ұлт өкілдері.
-Қазақ тілінде - ана тілімізде.
1-бала:
- Себебі; біз өмірге келген күннен бастап бұл тілді анамыздың аузынан естиміз. Осы тіл арқылы бүкіл жақсы касиеттерді бойымызға жиямыз. Сондықтан да анамыз сөйлеген тілді ана тілі дейміз.
Жасұлан:
Анам мени шох дәтти,
Бәзи чағда от дәтти.
Хапа болса дунияда,
Мундай бала йоқ дәтти.
-Менің атым - Баян батыр .
-Менкішкентай кезімнен бастап кішкене балаларға ұлттық ойындар үйреттім, үлкендерге , ата-әжеме көмектестім. Ер жеткен де жерімді, елімді қорғадым. Сондықтан елім мені Баян батыр деп aтады.
-Ойнағымыз келеді.
1-бала: - Ат басына күн туса,
Ауыздықпен су ішер.
Ер басына күн туса,
Етігімен су кешер.
2-бала: - Тіл - буынсыз, ой - түисіз.
3-бала: - Еңбек ерлікке жеткізер,
Ерлік елдікке жеткізер.
4-бала: - Аузы құлып сандықты,
Кілт ашпаса - тіл ашады
5-бала: - Балдан тәтті бала бар,
Қылыштан өткір тіл бар.
Удан ащы әдепсіз адамның,
Аузынан шыққан сөз бар.
Оны балалар қайталайды.
Рефлексифті қортынды Тәрбиеші: Балалар, сендер де, Баян батыр, сен де өте жақсы жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер айтып сайыстыңдар.
-Енді Баян батыр, сен біздің балалармен бірге бірігіп ойынойна.
Ойын: Сөз ойла, тез ойла. әріптер беріледі.Т.Х.Қ осыған сөз ойлап табуларың керек
Тәрбиеші: - Балалар, "Тіл - халық қазынасы" деген сабағымызәлі жалғасады, келесі сабақта бүгінгі алған әсерлерінді қағаз бетіне сурет арқылы түсіресіңдер.
. Рахмет
Балалар хормен ТІЛ-ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ
Нәтиже:
Білу: Ана тілін құрметтеуге үйренеді
Игеру. Ана тілі туралы өз ойларын айта алады.
Меңгеру:Тақырыпқа сәйкес өлең, тақпақ. біледі. Сұрақтарға жауап бере алады.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |