Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » 3 саны және цифры.


3 саны және цифры.

Тақырыбы: 3 саны және цифры.

Мақсаты:3 саны және оның құрамыментаныстыру.Қисынды жұмбақтар жасыру арқылы,баланың логикалық  қабілетін дамыту,тапқырлығын арттыру.3 санына байланысты мақал-мәтелдер,санамақтар айтқызу барысында тілдік қорын молайту.Ойын арқылы баланы жан-жақты тәрбиелеу.

Көрнекілік: бағдаршам,ойыншықтар,орман көрінісі.

Сөздік:алтын түсті,бірлік,құрамы,қағида,тура,кері т.б.

Әдісі: түсіндіру,көрнекілік,мадақтау.

   Іс- әрекет

    кезеңі

Тәрбиешінің   іс -әрекеті

Балалардың  іс-әрекеті

 

Қызығушылығын ояту

Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты,

Алтын сауле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жайнай берсін гүліміз.

Қайырлы таң апайлар!

Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Достарды біз көргенде,

Қуанып қарсы аламыз.

Жақсы,отырыңдар!

Балалар,бүгін аптаның нешінші күні?

Оны қалай атаймыз?

Жарайсыңдар!

Балалар,бүгін біз саяхатқа шығамыз.Сендер саяхатқа шығуды ұнатасыңдар ма?

Ендеше, «Кім тапқыр» ойынын ойнап жіберейік.Ал мұхият тыңдаңдар!

1)Себетімде әдемі,

Екі алма бар еді

Әсет келіп әдемі,

Бір алманы бергені.

Қанша алма болғанын,

Айта қойшы,ал жаным?

 

2)Аулада жүр қуыршақ

Асыр салып доп ойнап

Екі досы ойнамай

Қуыршаққа тұр қарап

Айта қойшы, балақай

Қанша болды қуыршақ?

 

3)Көл бетінде қос аққу,

Жүзіп келет жараса.

 

 

Балалар дөңгелене         

         тұрып,шаттық

             шеңберді             

    қимылымен жасап         

             көрсетеді.

 

 

 

Бүгін аптаның

үшінші күні.

Сәрсенбі.

 

 

Шарты:Жасырылған жұмбақтың шешуін тауып,үстелде тұрған заттар  арқылы  санап беру.

 Табылған жұмбақтың шешуіне байланысты балалар кезекпен келіп, санап көрсетеді.

Үш қуыршақтарды алып, санап береді.

 

 

 

Аққу мен көгершін жайлы білгендерін ортаға салып,құс атауының үш

 

Ұйымдастырылған іс-әркеттің іздену кезеңі

Аспаменен астасып,

Көгершін жүр қалықтап,

Құс атауы барлығы,

Қанша болды балалар?

Өте жақсы,дұрыс айтасыңдар.

Олай болса бүгінгі біздің әрекетіміз үш санына байланысты болмақ.

(Суреттер арқылы үш санының құрамымен таныстырамын.Ол үшін тақтада тұрған үш таяқшаны алып, міне балалар үш саны үш бірліктен құралады деп түсіндіремін)

Жақсы балалар, саяхатқа шығуға дайын екенбіз.

Қалай ойлайсыңдар,жол ережесін реттеп тұратын  құрылғы  қалай аталады?

Олай болса,«Бағдаршам»ойынын ойнайық.

Ойынның шарты мынадай:

Қызыл көзі жанғанда-

Сары көзі жанғанда-

Жасыл көзі жанғанда-

 

Балалар,жол ережесін біледі екенсіңдер.

Енді  біз орманға бару үшін,бізге көлік  жүргізуші қажет .

Жақсы жүргізушіні де тағайындап алдық.

(Осы кезде жүргізуші,көліктегі  жолаушыларды қауіпсіздік ережесімен таныстырады.)

Мен де жүргізушіні құптап,жолаушыларды көліктің ішіне жайғастырамын.

Орманға келісімен (қауіпсіздік белгілеріне тоқталамын.)

Балалар,қалай ойлайсыңдар, бұл белгілер нені меңзейді?

Жақсы,дұрыс айтасыңдар.

Яғни; -құс ұясын бұзуға,

- ағаштарды сындыруға,

- қоқыстарды тастауға,

тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтқанда,жалпы тіршілік иесіне қиянат жасауға болмайды екен.

Балалар, аяқтарыңның астына қараңдаршы?

Жылдың қай мезгілінде ағаш жапырақтары сусып жерге түсе бастайды?

Әрине, күз мезгілінде.

 

Балалар,орманнан тағы не көріп тұрсыңдар? (Кенеттен сыңсыған желдің гуілі,құстардың  сайраған дыбысы,ағаш жапырақтарының сыбдыры естіледі)

 

 

 

 

 

санына сәйкес келетінін айтады.

 

 

 

 

 

Балалар таяқшаны санап,үш санының қалай шыққанына көз жеткізеді.

 

 

 Бағдаршам- деп жауап береді.

 

 

тұрады.

отырады.

орнында жүреді.

 

 

Балалар  жүргізуші етіп, Мирасты тағайындайды.

 

 

 

 

 

 

Балалардың жауаптары:

құстарды тас лақтырып атқылауға,орманға қоқыстар тастауға болмайтынын атап айтып береді.

 

Аяқтарының астарындағы алтын түсті жапырақтар

дың   тек қана күз мезгілінде болтынын айтады.

 

 

 

Балалар естіген дыбыстарды атап береді.

 

 

 

Қорытынды

 

Балалар,бұл тағы неқылған дыбыс?

 

 

 

 

Қанеки,осы жануарлардың қимылын жасайықшы?

 

Сергіту сәті:

Ұзын құлақ сұр қоян.

Естіп қалды сыбдырды,

Ойлы- қырлы жерлермен.

Ытқып- ытқып жүгірді,

 

 

 

 

Жарайсыңдар!

Балалар,орманда көрген жануарларды кім атап бере алады?

Қанеки, Даниял атай ғой.

Иә,сонымен қанша жабайы жануар екен?

Жақсы.

Ал енді осы үш санына байланысты кім не біледі?

 

Ал енді балалар, ормандағы көрген

білгендерімізді топқа барып әнгімелеп

қорытындылайық.

Орманда не көрдіңдер?

 

 

 

 

Жарайсыңдар!

Балалар,сонымен қатар қазақ халқының  үш санына қатысты өмірлік қағидасы  бар екен

Олар:тамақ,  күлкі,  ұйқы.

Сонымен бүгін қандай санмен таныстық?

Жақсы,ендеше сендердің  білімдеріңді тиянақтау үшін, «Көршісін тап!»ойынын ойнайық.

Қанеки, 3 санының көршілерін кім атап береді?

Жарайсыңдар!

Бүгінгі әрекетіміз  сендердің  еңбектеріңнің арқасында қызықты өтті.

Сендерге алгысымды білдіремін деп мадақтау әдісін негізге аламын.

Рахмет!

Балалардың жауаптары:шыққан дыбыс жабайы жануарлардыкі екенін айтады.

 

Балалар аюдың,қоянның,қасқыр

дың қимылдарын жасап көрсетеді.

 

 

 

 

Қарап еді артына

Қиығын салып көзінің.

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің.

 

 

 

 

Аю,қасқыр,қоян.

Үш жануар

 

Балалар   санамақтар,

мақалдар және үш байлықты атап береді.

 

 

 

Жабайы жануарларды,

құстарды,жаңғақтарды,

қауыпсіздік белгілердің құпиясымен таныстық.

 

 

 

 

үш санымен таныстық.

 

Балалар қолдарындағы

сандар жазылған ұпай тақтайшалары арқылы

үш санының көршісін

тауып береді.

Күтілетін   нәтиже

Білуге тиіс:

3 саны үш бірліктен құралатынын,ағаш жапырақтарының күз мезгілінде ғана алтын түске бөленетінін  білді.

Талапты болу:

Жұмбақтың шешуін тауып, оны әрекетпен дәлелдеп беруге тырысты.

Қолынан келді:Ормандағы болып жатқан барлық өзгерістерді атай отырып,ойынды шартымен орындай білді.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қ дыбысы және әрпі
«Ормандағы саяхат»
Қайталау
Я дыбысы мен әрпі.
«4 саны мен цифры»
5 санымен таныстыру
Сақ бол¸балдырған!
О дыбысы және әрпі
7-саны және цифры
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 7408 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык