Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қосындыны санға көбейту


Қосындыны санға көбейту

 

Қосындыны санға көбейту          

Сабақтың тақырыбы: Қосындыны санға көбейту (көбейтудің           

                                                    үлестірімділік   қасиеті)

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Қосындыны санға көбейту тәсілдері туралы

                                  білімдерін қалыптастыру; тиімді тәсілмен есептеуге

                                  үйрету.

Дамытушылығы: Сабақта алған білімдерін жүйелеу,пысықтау.

                                  Оқушылардың  логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды тапқырлыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,ассосация,түсіндіру,өзіндік,жұппен

Көрнекілігі: слайд,кестелер,суреттер

                     Сабақтың жүрісі:

І.Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

                      -Саған есеп үйреткен

                       Пәнге қарап құрметпен

                       Сандарды тура табатын

                       Қиын,әрі қызықты

                       Математика болатын

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

№12          Тік бұрыш

    Ұзындығы – 8дм

    Ені – 2дм

    Периметрі қанша?

     Шешуі: Р=(8дм+2дм)*2=8дм*2+2дм*2=16дм+4дм=20дм

     Жауабы: Тік төртбұрыштың периметрі 20дм-ге тең

№14

  (9+8)*4=9*4+8*4=36+32=68                   (6+7)*5=6*5+7*5=30+35=65

  (4+9)*7=4*7+9*7=28+63=91                   (3+8)*6=3*6+8*6=18+48=66

ІІІ.Қызығушылығын ояту

 -Балалар,бүгінгі біздің сабағымыз күндегіден ерекше болмақ.Біздекөптеген

   қонақтар бар,біз өз білімімізді,білетінімізді оқып үйренгенімізді ортаға

  саламыз.

(Дәптерлерін аштырып,күннің жадын жаздыру)

-Көбейту деген сөзге қатысты не білеміз,қане дәптерлеріңе осы туралы жаза

қойыңдар

(Көбейту амалы,көбейтудің компоненттері,көбейтудің қасиеттері т.с.с)

Балалардың жазған пікірлерін тақтаға жазып,пысықтау.

Өте дұрыс,біз көбейту амалының компоненттерін,көбейтудің қасиеттерін

оқып үйрендік.Бүгінгі сабағымызды алған білімдерімізді пысықтап,әрі қарай

есептер шығарамыз.

ІV.Жаңа материалмен жұмыс

(Слайдтан сабақтың тақырыбын,мақсатын,сабақтың түрі мен әдісін көрсетіп

таныстырып өту)

-Балалар,2012 жылды шығарып салғанымызға көп уақыт болған жоқ. 2012

жыл біз үшін,еліміз үшін табысты жыл болды.

-Қане кім айтады қандай табыстарға жеттік?

(Олимпиада жеңімпаздары,Қазақстанның экспо-2017 көрмесіне ие болуы т.б)

-Иә,ЭКСПО-2017 – 2017 жылдың 10 шілдесінен 10 қыркүйекке дейін

Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросы-

мен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме.Экспо 2017 иесі 2012

жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында ХКБ-ның

ЕХРО Халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы

барысында белгілі болды.

Ендеше,осы көрмеге біз де өз үлесімізді қосайық,өз байлығымызды

көрсетейік.Олай болса,бүгінгі берілген тапсырмаларды біртіндеп орындай

отырып біле аламыз.

Тапсырмаларды 3 қатар бойынша 3 топқа бөлініп орындаймыз.

V.Ой-қозғау. (№1 тапсырмадағы кестені слайдтан қарап,ауызша орындату)

VІ.Оқулықпен жұмыс.

VІІ.Дәптермен жұмыс.

№2 (3 қатар оқушыларына 3 топқа 3 бағанды бөліп орындату)

  (9+4)*6=9*6+4*6=36+24=60               (7+2)*4=7*4+2*4=28+8=36

  (5+8)*2=5*2+8*2=10+16=26               (3+9)*7=3*7+9*7=21+63=84

                                 (6+5)*3=6*3+5*3=18+15=33

                                 (5+4)*5=5*5+4*5=25+20=45          «М»

№3

   180+360:6-40=200                 (220+200:5)+40=300

                           800:4*3-420=180                                     «Ұ»

VIII.Жұмбақ есептер,логикалық тапсырма

 Бір топ бала тоғаннан,                     Бес бұтақта ағашта,

 Он бес балық ұстадық.                    Бұтақ сайын бес алма.

 Бөліскенде оларды,                          Біреуін бер Сайынға,

 Тиді әркімге үш балық                    Сонда қалмақ қанша алма?

 Сынайын бір ал сені,                                         (5*5-1=24алма)

 Бала сонда қанша еді?

             (15:3=5( бала))

Логикалық тапсырма:

Бір үйдің үш ұлы бар.Үш ұлдың әрқайсысының бір әпке,бір қарындасы бар.

Бұл үйдің баласы нешеу болған? (5 бала-3 ұл,2қыз)

№5

1) 1ж.-2б.және 3с.                                   2) 1күнде-4о.және 5 к.о.

    3ж.-?                                                          1аптада-?

    Шешуі: (2+3)*3=15                                 Шешуі: (4+5)*7=63

    Жауабы: 15 әшекейлік зат бар               Жауабы: 63 орындық жасайды

                                  3) 10қара к.-3 сәбіз

                                      10ақ к.-4 сәбіз        ?

                                       Шешуі: 10*3+10*4=70

                                       Жауабы: барлығы 70 сәбіз берілді          «Н»

ІХ.Сергіту сәті

Қостық біз,көбейттік біз,

Қатты шаршап кеттік біз.

Қане,тұра қалайық,

Қимылдатып қол-аяқ.

№6 (ауызша есептеу)

  Шешуі: 12*10+5*100=120+500=620 (шам)

  Жауабы: Залда барлығы 620 шам жанып тұрды.

№7 (ауызша есептеу)

  Шешуі: 20*2+10*4=40+40=80 (асыл тас)

  Жауабы: Олар барлығы 80 асыл тас пайдаланды          «А»

 Көп білетін оқушы,

  Тез есептей алады.

  Теңдеулердің шешімін

  Дұрыс тауып береді. (Слайд)

 

№8

900:х=300                300:х=300                     (126-63):х=7

х=900:300                х=300:300                     63:х=7

х=3                           х=1                                 х=63:7

900:3=300                300:1=300                      х=9

                                                                (126-63):9=7       «Й»

№9

21:10=2 (қалд.1)                        32:10=3 (қалд.2)

65:10=6 (қалд.5)                        76:10=7 (қалд.6)

                                43:10=4 (қалд.3)

                                76:10=7 (қалд.6)

Тақтада шыққан сөзді оқу. «МҰНАЙ»

-Ендеше,біз көрмеге мұнайымызды апара аламыз

-Мұнай қандай?

-Мұнай-жанатын майлы сұйықтық,қызыл-қоңыр түсті,кейде түссіз,өзіндік иісі

бар зат.Мұнайдан бензин,керосин,парафин көптеген иіссу түрлері,дәрі-

дәрмектер,машина дөңгелектері алынады.

-Міне,Маңғыстау-мұнайлы өлке. Биыл Маңғыстау облысының құрылғанына

наурыз айында (1973 ж.20 наурыз) 40 жыл толмақшы. Бұл біздің наурыз

мерекесімен тұспа-тұс келеді екен.

(Слайд көрсету)

 

ХІІ.Қорытындылау.

ХІІ.Бағалау

ХІІІ. Үйге тапсырма №4, №11 (173-бет)


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
5- ке көбейту және бөлу
Көбейтудің жазбаша тәсілдері. Жазбаша көбейту алгоритмі. 43х3, 143х3
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу. Өткенді пысықтау.
10-ға, 100-ге көбейту және бөлу
Қалдықпен бөлу
Үш таңбалы санға көбейту және бөлу
6-ға көбейту және бөлу кестесі
Қосындыны санға әр түрлі тәсілмен бөлу
Екітаңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері
Бөлу амалына берілген бір амалмен шығарылатын есептер
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 9737 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык