Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Биология |
Көрсетілім: 2804 |
|
|
|
СТО ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛДЕРІ биология сабақтарында
Тақырыбы: СТО ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛДЕРІ биология сабақтарында
СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛДЕРІ
Сипатталған тәсілдер осы салада бар әдістемелік жасалымдардың біраз ғана бөлігін көрсетеді. Берілген ұсынымдар педагогтардың оқытудың әмбебап үлгісін және тиімді әдістер жүйесін қолданып, оқушыларға тәуелсіз болуға, сыни тұрғыдан ойлауға, оқуға жауапкершілікпен және шығармашылықпен қарауына көмектесетін сыни тұрғыдан ойлауды (СТО) дамыту технологияларымен жалпылай танысуға бағытталған. Ол топта серіктестік жағдайды құруға шынайы мүмкіндік береді
КЛАСТЕРЛЕР
Қандай да бір тақырыпты ұғынуда болатын ой үрдісін көрнекті ететін, материалды графикалық ұйымдастыру тәсілі. Кластер ойлаудың сызықтық емес форманың бейнесі болып табылады. Кейде осы тәсілді «көрнекті миға шабуыл» деп атайды.
Іс-әрекет тізбегі оңай және қисынды:
1. Ойдың, тақырыптың «жүрегі» болып табылатын басты сөзді немесе сөйлемді таза беттің ортасына (тақтаға) жазу керек.
2. Берілген тақырыпқа келетін, бейнелерді, фактілерді, ойды көрсететін сөздерді немесе сөйлемдерді жан-жағына «лақтырып» тастау керек. 3.Жазылуына қарай, пайда болған сөздер пасты ұғыммен түзу сызықпен біріктіріледі. Әрбір «серіктің» Кластерлермен жұмыс жасағанда келесі ережелерді сақтау керек:
1. Ойға келген нәрсенің барлығын жазудан қорықпау керек. Қиял мен интуицияға ерік беру керек.
2. Уақыт біткенге дейін немесе ойлар сарқылғанға дейін жұмысты жалғастыру.
3. Көбірек байланыстар жасауға тырысу. Алдын-ала белгілі жоспарды қолданбау.
8кл. Биология Сабақтың тақырыбы: «Ішкі секреция бездері»
Кластер стратегиясы бойынша топтастыру.
Сұрақтары гипофиз Қалқанша без Қалқанша маңы безі Ұйқы безі Бүйрек үсті безі Тимус
1. Сыртқы және ішкі қабаттардан тұрады, салмағы 12гр +
2. Организм клеткалары құрамында көмірсуларды реттейтін гормон бөледі
3. Терінің пигмент клеткаларына әсер етеді, сүт бездерінің жұмысын реттейді
4. Ішкі секреция бездерінің ең негізгі жетекші орталығы
5. Организмнің Са алмасуын реттейтін гормон бөледі
6. Бұл бездің қызметі мөлшерден жоғары болса, базедов дерті ауруына шалдығады.
7. Бездің қызметі нашар болса баланың бойы өспейді, ақыл-есі дамымайды.
8. Организмдегі су, Na, К мөлшерін реттейтін гормон бөледі
9. Жүрек жұмысын күшейтіп қан қысымын реттейтін гормон бөледі.
10. Күрделі құрылысты зат паратгормон бөледі.
11. Жүректің соғуы төмендегенде, оның жұмысын реттейді
12. Оның гормонының бөлінуі нашарласа, организмде су алмасуы бұзылады.
13. Мойынның алдыңғы жағында орналасқан, 2 бөліктен тұрады.
14. Бас миында орналасқан.
Жаңа сабақ. §27. Қан тамырлары. Үлкен және кіші қанайналым шеңберлері.
1.Қан тамырлары
2.Қан айналым шеңберлері
3.Тамырдың соғуын бақылайтын жұмыстар
Кубизм
1топ. зерттеу
1. Қан тамырларының түрлерін атаңдар. Олар қалай аталады?
2. Қан тамырларында қан қалай соғады?
Қолқада-5м/с. Артерияда-0,25м/с. Капилляр-0,5мм/с
2 топ. Сипаттау
Қан тамырлары
Артериялар
салатамырлар Веналар
көктамырлар Капиллярлар қылтамырлар
1. Көктамыр, қызылтамыр, қылтамыр деп қандай тамырларды айтамыз?
3топ. Салыстыру
Қан тамырлары
Артериялар:
-Қанды өткізеді
маңыздылығы: қанды жүректен барлық мүшелерге, ұлпаларға айдайды
-О2 ағзаға таратады.
-Мөлшері ең ірі қан тамыры аорта деп аталады.
-Қабырғасы: қалың иілгіш, серпімді
-Қанның ағуы: қан үлкен қысыммен ағады
Артерия-> артериолға айналады Капилярлар
-зат алмасу қызметін атқарады.
-бүкіл денемізде тор түзеді
-Ең жіңішке қан тамыры шаштан 50есе жіңішке
-Қабырғасы жұқа
-Қан жай ағады. Қан артерия қанын венула арқылы венаға өткізеді. Веналар
-қанды жинау
-қанды мүшелер мен ұлпаларға айдайды
-СО2 алып шығады
-ірі қан тамырлары
Қырқұлақ
Бери-бери
Дерматит
катаракта
Жүйке ауруы
Қояншық
Қан аздық
авитаминоз
РЕФЛЕКСИЯНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТҮРІ – СИНКВЕЙН
Ақпаратты түйіндеу, күрделі ойларды, сезімді және түсінікті бірнеше сөзбен жеткізу қабілеті – үлкен шеберлік. Ол түсініктік қорға негізделген зерделі рефлексияны қажет етеді.. Ол бес жолдан тұратын өлең. Материалды синтездеу тәсілі ретінде қолданылады.
Тәжірибе көрсеткендей, синквейндер: 1) күрделі ақпаратты синтездеу құралы ретінде; 2) оқушылардың түсініктік қорын бағалау тәсілі ретінде; 3) шығармашылық мәнерді дамыту құралы ретінде пайдалы болуы Синквейнді жазу ережесі:
1. (1-ші жол – БІР сөзбен, зат есіммен көрсетілген өлеңнің тақырыбы);
2. (2-ші жол – ЕКІ сөзбен, сын есімдермен берілген тақырыптың сипаты);
3. (3-ші жол – ҮШ сөзбен, етістіктермен берілген осы тақырып көлеміндегі іс-әрекеттің сипаты);
4. (4-ші жол –берілген тақырыпқа қатысты ТӨРТ сөзден тұратын сөз орамы);
5. (5-ші жол – БІР сөз – тақырыптың негізін қайталайтын жалынды-көркем сөз немесе бірінші сөздің синонимі
5 жол тұжырымдама СИНКВЕЙН
1. Дәрумендер
2.Өсімдіктекті, жануартекті
3.Зат алмасады, өсіреді, дамытады
4.Дәрумендер-ерекше органикалық заттар
5.Витаминдер
Сабақты тұрлендіріп өткізу оқушылардың қызығушылығын арттырады, өз
бетімен шығармашылық жұмыс жасауын дамытады, кабинеттегі қосымша
әдебиеттермен жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастырады, алған білімдерін іс жүзінде, өмірде пайдалануға сабақтың берері мол.
5 жол тұжырымдама СИНКВЕЙН
1. СТО
2. жаңа,тиімді
3. ойландырады, дамытады,белсендіреді.
4. Сыни тұрғыдан ойлауды дамытады
5. технология
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |