Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ч дыбысы мен әрпі. Болашақ чемпиондар


Ч дыбысы мен әрпі. Болашақ чемпиондар

Сабақтың тақырыбы: Ч дыбысы мен әрпі. Болашақ чемпиондар

Мақсаттары:
         1.Оқушыларға жаңа дыбысты таныту, таңбалап жазуды меңгерту.
         2.Байқампаздығын, ойлауын, сөйлеуін, практикалық іс-әрекетін дамыту.
         3.Отанын сүюге тәрбиелеу.
      Көрнекілік: Әліппе,суреттер, чемпиондардың суреттері, медальдар.
      Оқыту әдісі: баяндау,ізденушілік, сұрақ-жауап
      Сабақтың барысы:
          1.Ұйымдастыру
      -Қане, балалар, бәріміз сабаққа отырайық.Бүгін бізде  әліппе сабағы.
        Психологиялық дайындық.
         Қуанамын  мен де,
        Қуанасың  сен де.
  Қуанайық  достарым,
         Арайлап атқан күнге.
  Өткен дыбыстарды қайталау. 
       -Э  дыбысы қандай дыбыс?
      -Дауысты
     -«Элеваторға  саяхат» тақырыбын оқушылардың оқып беруі.
       Сұрақ –жауап.
     -Сонымен, бүгінгі күнге дейін қанша дыбыс, қанша әріп танып  білдік?
    -39 дыбыс, 39 әріп.
     -Дыбыс  деген не? (Естиміз, айтамыз)
     -Әріп деген не? (Көзімізбен көреміз, таңбалап жазамыз)
      3. Ой қозғау
      Ю  Х   З  1 3  Ф
      а) Әріптер    Оқушылар жауабы)
       -Жұмбақтар.(Осы уақытқа дейінгі үйренген жұмбақтарды, әріптерді еске          түсіреді)
   - Ұстап  әкеп шеңберді
     Байлап  қойдым бағанға (Ю әрпі)
   -Есепке де кіремін,
    Әріп те боп жүремін. 
      (3 цифры мен З әрпі)
    -Қос бүйірін таянып,
     Тұратұғын қай әріп. (Ф әрпі) 
   ------- киім  саламыз.
 ------- жол жүргенде ұстаймыз.
  ------- ол бізге қажет.
  Чемодан   (суретін  көрсету)
 Бүгінгі танысатын дыбысымыз қандай дыбыс, сөз ішінен бөліп айтыңыздар?   ( ч – дыбысы) Оқушыларға бірнеше рет дыбыстату.
      Ч –дауыссыз дыбыс.
      Ч –шұғыл  айтылады.
      Ч – кедергімен, қысқа айтылады
 Мұғалім: 
Бүгінгі  сабақта тағы бір сөзбен танысамыз. Ол үшін мына суреттерді қарайық. Бұл суреттерден кімдерді танисыңдар?
              (Чемпиондар туралы түсіндіру)
Нұргүл апайларың қазақтың ұлттық  ойыны тоғызқұмалақтан облыс чемпионы. Сендер 2-3 сынып оқығанда үйретеді.
Ал мынау менің сендердің алдарыңдағы оқытқан оқушыларым Аслан, Ғасыржан спорт мектебіне күрестен қатысады. Бұларда біраз жарыстарға қатысты чемпион болды. Түрлі медалдарға ие болды.
   Мағынаны ашу.жеңімпаз  ЧЕМПИОН  ----   бірінші  орын алған адам спортпен айналысады       бәрін жеңген адам
Оқулықтан  «Болашақ чемпиондар»  өлеңін оқу.(Мұғалім оқып, түсіндіреді) « Дүкенде» сурет бойынша сөйлемдер құрату.
   Сергіту сәті.  
 «Қол күрес» ойыны.
 Дәптермен жұмыс.
-Ч ч дыбысының таңбасын әуелі ауада, содан кейін дәптерге орындау.
-Чек, чемпион, чемодан   сөздерін оқыту.
   «Чемпион» сөзін қатыстырып сөйлем құрату.
-Берілген сөздерде неше дыбыс, неше әріп бар екенін анықтап, тор көзден   көрсету.
      Ащы             цирк     чемодан 
Сабақты бекіту.
    -Біз бүгінгі сабақта қазіргі чемпиондармен таныстық.
    -Болашақ чемпиондар кімдер?
   -Біздер(оқушылардың жауабы)
   Бүгінгі сабаққа барлықтарың да жақсы қатыстыңдар, жарайсыңдар.
  Сабақ аяқталды.Сау болыңыздар

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Пп"дыбысы мен әрпі
Г дыбысы мен әрпі
Өө дыбысы мен әрпі
Ч ч дыбысы мен әрпі
А а дыбысы мен әрпі
Ә ә дыбысы мен әрпі
Г г дыбысы мен әрпі
С с дыбысы мен әріп таңбасы
Н н дыбысы мен әріп таңбасы.
Ч дыбысы мен әрпі.
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 4622 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык