Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » КАМБОДЖА



КАМБОДЖА

Сабақ мақсаты:
 А) білімділік: Камбоджаның географиялық орны,  табиғат жағдайлары, халқы,  шаруашылығы, экономикасы туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру; 
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар
Жаңа сабақ:                       Камбоджа
Камбоджа - Оңт.-Шығ. Азиядағы мемлекет. Үндіқытай түбегінің оңт. бөлігіне орналасқан. Шығысы және оңт-шығысы Вьетнаммен, солтүстігі Лаоспен, солт.-батысы және бат. бө¬ктері Таиландпен шектеседі. Оңт.¬батысы - Сиам шығанағы. Жері 181 мың км2. 
Халқы 13,8 млн. (2005). 
Астанасы - Пномпень қ-сы 
Әкімш. жағынан 19 провинцияға (кхэтке) орталыққа бағынатын 2 қаладан тұрады.
Мемлекеттік тілі – кхмер тілі. 
Ұлттық валютасы - риель
     Табиғаты. Камбоджа Меконг өзенінің тө¬менгі ағысы бойына орналасқан. Жері негізінен ойпатты жазық (Камбоджа жазығы).Батыс  жағын Кравань таулары алып жатыр, оның ең биік жері ¬Ораль тауы (1813 М). Солт. жағы- Дангрек тау массиві, шығысы - Ан¬нам тауының сілемдері.     
    Пайдалы қа¬зындылары - фосфорит, магнезит, түсті металл және темір рудалары. Климаты субэкваторлық, муссондық. Жазда орташа температурасы    29-30о С, қыста 25-26о С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 700-1500 мм, таулы бөлігінде 2000 мм. Өзендері көп, олар¬дың ішіндегі ең ірісі - Меконг. Ең ірі көлі - Тонлесап. Жері латериттік жәнe құнарлы, аллювиалдық топырақ¬ты. Орталығы Саванна, шығ. жағы тропиктік. Территориясының 3/4 бөлі¬гі орман және сирек ағашты аймақ, таулы өңірі мәңгі жасыл орман сал, тик т. б. бағалы ағаштар). 
Жа¬нуарлар дүниесі өте бай: жолбарыс, қара аю, піл кездеседі; өзендерінде крокодил және балықтар өте көп. 
   Халқы. Камбоджа тұpғындapының 90%-ы  кхмерлер. Жергілікті халықтарға таулық кхмерлер, чамдар (олар кейде ислам кхмерлері п аталады), лаолар жатады; бұлар¬дан басқа елде Вьетнамдар(5%), қытайлар(1%), индонезиялықтар т. б. тұрады. 
Мемл.тілі кхмер тілі. Ресми діні - будди¬зм (чамдар мен малайлықтар - мұсылмандар, вьетнамдар - католикте¬р). Халықтың көпшілігі Камбоджаның орталығындағы жазық өңірде қоныстанған. 
    Экономикасы. Камбоджа – аграрлы ел. Ауыл шаруашылығында егіншіліктің үлесі басым. Басты дақылы – күріш, сонымен қатар жүгері, қант қамысы, қара бұрыш, темекі, мақта егіледі. Камбоджа өнеркәсібінде шағын кәсіпорындар басым. Өнеркәсібінің басты салалары – тамақ( астық тарту, күріш тазалау, қант, темекі, балық өңдеу), трактор және автомобиль құрастыру, ағаш өңдеу, мата тоқу өндірістері. Соңғы кездері халықаралық туризм жақсы дамуда.
  Экспорты: табиғи каучук, ағаш, соя, күріш, жүгері, күнжіт, қара бұрыш, балық өнімдері т.б
  Импорты: мұнай өнімдері, машина, өндірістік құрал-жабдықтар, темекі, алтын цемент т.б
   Негізгі сауда серіктестері: Сингапур, Таиланд, Малайзия, Вьетнам, Жапония, Австралия, Индонезия, Франция, ГФР, АҚШ


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ИРАК
СИРИЯ
САУД АРАБИЯСЫ КОРОЛЬДІГІ
БРУНЕЙ
ТАЙЛАНД
ШВЕЙЦАРИЯ
ИСЛАНДИЯ
НОРВЕГИЯ КОРОЛЬДІГІ
ШВЕЦИЯ КОРОЛЬДІГІ
БОСНИЯ ЖӘНЕ ГЕРЦЕГОВИНА
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 2594 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык