Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » ШВЕЙЦАРИЯ


ШВЕЙЦАРИЯ

ШВЕЙЦАРИЯ

Сабақ мақсаты:
 А) білімділік: Швейцария Конфедерациясының мемлекеттік құрылымы, табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, шаруашылығы, тарихы мен экономикасы туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру; 
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар
Жаңа сабақ:               Швейцария Конфедерациясы
   Швейцария Конфедерациясы – Орталық Еуропадағы мемлекет. Солтүстігінде Германиямен, батысында Франциямен, шығысында Австриямен, оңтүстігінде Италиямен шектеседі.
Же¬р аумағы - 41,3 мың км2. 
Халқы - 7,24 млн. (2005). 
Халықтың орналасу тығыздығы - 1км2-ге – 175,3 адамнан келеді.
Астанасы - Берн қ. 
Мемлекеттік тілі – неміс, француз, итальян
   Мемлекеттік құрылысы. Швейцария - феде¬рациялық республика. Әкімш. жағынан 23 кантонға және 3 жартылай кантонға бөлінеді. 
Қазіргі консти¬туциясы 1874 ж. қабылданған. Одақ¬тық өкімет билігіне соғыс пен бітім, сыртқы сауда, армия құру т. б. күр¬делі мәселелер жатады. Мемл. басы ¬президентті Ұлттық советтің мүшеле¬рі 1 жылға сайлайды. Өкіметтің жоғ. заң шығаратын органы - екі палата¬лы парламент - Одақтық жиналыс, Ұлттық совет пен кантондар Со¬ветінен құрылады. Өкіметтің жоғ. ат¬қару билігі үкіметке - Одақтық совет¬ке (7 мүше) жүктелген. Бұл совет мү¬шелерінің әрқайсысы бір департамент¬ті (мин-ті) басқарады. Республика пре¬зиденті мен вице-президентінің қыз¬метін Одақтық советтің мүшелері кевенпелi атқарады. Барлық кантондар мен жартылай кантондардың өзіндік конституциясы бар; өкіметтің заң шы¬ғару функциясы - үлкен советке (парламент), атқару міндеттері - кантондық советтерге (үкіметке) жүктелген. Округтар мен қауымдарда өзін-өзі басқаратын органдар - азаматтардың жалпы жиналыс (неміс кантонда¬рында) және қауымдық советтері (франц. контондарында) сайланады. Сот жүйесі федерациялық және кан¬тондық деп бөлінеді.. 
    Табиғаты.  Швейцария - таулы ел. Террито¬риясының 60%-ін Швейцария Альпісі, 1/3-не жуығын Швейцария таулы үстір¬ті, 1/10-ін биіктігі орташа Юра тауы алып жатыр. Ең биік жері - Пеннин Альпісіндегі Дюфур тауы, 4638 м. Маңызды асулары Сен-Готард (2112 М), Симплон (2009м), Үлкен Сен¬-Бернар (2472 ж), Фурка (2436 М). Пай¬далы қазындылары - тас тұзы, гра¬фит, қоңыр көмір. 
   Климаты негізінен қоңыржай жылы, ылғалды, тауларын¬да қоңыржай салқын. Швейцария тау¬лы үстіртінде қаңтардың орташа темп-¬расы -1,50 С, шілдеде 17,30 С. Жылдық жауын-шaшыны 800-1000 мм, Альпі тау аралық аңғарларында жерортатеңіздік климат белгілері басым; мұнда қаңтардың орташа темп-расы – 
70 С, шілдеде 120 С. Жылдық жауын-шашыны 2000 мм. Өзендерінің суы мол, энергия қорына бай. Ірі өзендері - Рейн, Рона, Инн, Тичино, По. Көлдері көп, ірілері - Женева (582 км2) , Боден (538 км2) , Невшатель, Цюрих, Фир-вальдштет. Жері қоңыр ормандық, күлгін және таулық шалғынды топы¬рақты келеді. Швейцария таулы үстір¬тінде және оның беткейлерінің 800-¬900 м биіктікке дейінгі бөлігінде та¬биғи өсімдік жамылғысы сақталмаған, толық өңделген. Территориясының 25%-ы  орман. Тау етектерінде жалпақ жапырақты (емен, шамшат) және кей¬бір беткейлерде қылқан жапырақты (1800 м биіктік шамасында) орман қалыптасқан. Таудың 2600-3000 м биік-тігінде субальпілік және альпілік шал¬ғын өседі. Жануарлар дүниесі қоңыр аю, түлкі, жабайы мысық, тау ешкісі, қоян, сусар, бұғы, альпі суыры және құстың көптеген түрлерінен құралады; өзен-көлдері балыққа бай.
   Экономикасы. Швейцария жоғары дамыған индустриялы-аграрлы ел. Швейцария өнеркәсібінде жоғарытехнологиялық өнімдер шығаруға маманданған. Өнеркәсіптің негізгі салалары микроэлектроника, биотехнология, электротехника және фармацевтикалық өнеркәсіп салалры. Банк ісі мен сақтандыру секторлары экономикадағы негізгі рөлдердің бірін атқарады. Машина жасау, фармацевтика және химия өнеркәсіптері дамыған.Мұнай өңдейтін заводтар мен қара және түсті металлургия кәсіпорындары жұмыс істейді. Мал шаруашылығы, көкеніс және жүзім шаруашылықтары дамыған. Туризм ісі де жақсы жолға қойылған.
   Импорты: тұрмыстық және электрондық құралдар, тамақ өнімдері, болат және шойын, мұнай өнімдері т.б.
  Экспорты: машиналар, сағаттар, текстиль, дәрі-дәрмек, электр құралдары, органикалық химия өнімдері т.б.
   Негізгі сауда серіктестері: Германия, Франция, Италия, АҚШ.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ИРАК
ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫ
САУД АРАБИЯСЫ КОРОЛЬДІГІ
ТАЙЛАНД
КАМБОДЖА
БУТАН КОРОЛЬДІГІ
ИСЛАНДИЯ
НОРВЕГИЯ КОРОЛЬДІГІ
ШВЕЦИЯ КОРОЛЬДІГІ
БОСНИЯ ЖӘНЕ ГЕРЦЕГОВИНА
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 2326 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык