Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Металдар химиясы


Металдар химиясы

Металдар химиясы

Түсінік хат
«Қайда қарасақ та, қайда көз жіберсек те көретініміз  – химия ғажайыптары» - деп ұлы ғалым А.М.Ломоносов айтқандай бізді қоршаған орта химия саласымен тығыз байланысты. Химия шаруашылықтың барлық салаларында, күнделікті тұрмысымызда кеңінен қолданылатындықтан  «металдар химиясы» үйірмесінің оқушыларға берері мен үйретері мол. 
  «Металдар химиясы»  үйірмесі зерттеушілік бағыт алады, сондықтан оқушылардың білімдерін іс-жүзінде қолданудың маңызды әдістерімен таныстыруды және оқушылардың қазіргі заман техникасына, өндіріске деген қызығуын дамытуды көздейтін, экологиялық білім беретін қолданбалы курстарға жатады. Сонымен қоса бұл үйірмеде теориялық материалын сәтті игертудің тиімді жолдарының біріне химиядағы типтік есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру мен меңгерту жатады. Бүгінгі таңда тәуелсіз мемлекет алдында тұрған негізгі мақсаттардың бірі – дүниежүзілік білім әлеміне ену болып отыр. Бұл салада білім беру ісінің мазмұнын жаңа бағытқа бұрып, құрылымдық жүйесін жаңарту, өзгерістер енгізу – білім реформасын жүзеге асыру алғышартта тұрғаны  баршамызға аян. Сондықтан да мектеп қазіргі уақытта талап етіп жатқан жас жеткіншектерге деген әлеуметтік тапсырысты қанағаттандыруды қажет етсе, бүгінгі мұғалімнің шеберлігі, мәдениеті, психологиялық-педагогикалық жүйеде ғылыми ізденістер басты бағытта болып отыр. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев білім мекемелерінің 3 съезінде: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да оларға жүктелген міндет ауыр болады», - деген сөзі еріксіз еске оралады. Демек, Егеменді Қазақстанның болашақ потенциалын оқытып-тәрбиелейтін мұғалімнің шығармашыл, жан-жақты білімді, парасатты, мейірімді, сезімтал, интеллектуалды, мәдениетті, ғылыми зерттеуші, ізденімпаз болуы – заман талабы. Бұл қасиеттерге ие болу үшін мұғалім үнемі ізденіп, кәсіби шеберлігін жетілдіріп отыруы тиіс. 
Баладан ата – анадан кейінгі ақыл – ой, адамгершілік, эстетикалық, сана – сезімдік дене тәрбиесі мен ұлттық тәрбиені сіңіруші адам – педагог. Ал жаңа заманның тарихын жазатын, кезінде қателескен, бұрмаланған тұстарына әділ баға беретін, толықтыратын бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан да елімізде жүріп жатқан өзгерістердің мәнін әділ пайымдау бәрінен бұрын жастарды тәрбиелеп жатқан педагогтарға үлкен жауапкершіліктер жүктейді. 
Білім беру ісінде ұстаз басты әрі шешуші тұлға. Ұстаздың білімділігі, абырой-беделі оның шәкіртінен көрінеді. «Шәкірттің жақсы болмағы, ұстазынан» деп халық тегін айтпаған. Ұстаз ұғымы – мағынасы кең, мәні терең, тарихи ұғым. Адамзат баласының дамуында білімнің қажеттілігі сол білімді таратушы, жеткізуші ұстаздың қажеттілігімен бірдей маңызға ие болған. Сондықтан әр ұстаз өз пәнін жетік білумен қатар, жас ұрпаққа сапалы білім бере білуі тиіс.
 Мақсаты: келесі міндеттерді орындау көмегімен оқушылардың химия ғылымына деген қызығушылығын арттыру:
1. химиядағы талдаудың заманауи ғылыми әдістерін меңгеру;
2. оқушыларды ғылыми-зерттеу жобалары жұмыстарына тарту;
3. оқушылардың ғылыми жобаларын байқаулар негізінде мемлекеттік бағдарламаларға ұсыну.
 
Міндеттері:
 
1. Оқушылардың танымдық құзыреттіліктерін арттыру;
2. Пәнге деген сүйіспеншіліктерін ояту;
3. Салауатты өмір салтын қалыптастыру;
 
 
Күтілетін нәтижелер: 
 
Оқу барысы кезінде балалар химиядан терең білім алады, бейорганикадан есептер шығаруды, металдардың қасиетімен,  әртүрлі типтік реакциялар үшін физикалық және химиялық көрсеткіштерді есептеуді үйренеді, зертханалық химия практикумын меңгереді, өзінің жеке жобасын жүргізуді үйренеді, сонымен қатар оқушыларда мектеп конференциялары деңгейіндегі жобалар баяндамасын оқумен тәжірибе жинау мүмкіндігі болады.
                        
 
Тақырыптық   жоспар
34 сағат
№ Сабақтың тақырыбы Сағат саны Оқушыларда қалыптасатын дағдылар Күні
 
1-2 Металдардың шығу тарихы
1
3-4 Зат массасы бойынша моль санын,бөлшектер санын, моль саны бойынша зат массасын, көлем бойынша моль санын, бөлшектер санын және массасын табуға есептеулер 2 Ұғымдар арасындағы байланыстылықтарды пайдалана отырып есептеулер жүргізе білу Жай және күрделі заттардың эквиваленттерін, эквиваленттік массаларын және реакция теңдеулері бойынша заттардың эквиваленттік массаларын табуға есептеулер жүргізе білу
 
1(5) Д.И.Менделеевтың периодтық жүйесіндегі металдардың орны 1
2-3
(6-7) Металдардың физикалық қасиеттері 1 Тізбектегі әрбір реакция нәтижесінде түзілген өнімнің массасын табуға есептеулер жүргізе білу
4 (8) Қазақстан Республикасында түсті металдардың маңызды түрлерін
өндіретін аудандар 1 Реакцияға түсуші заттардың бір-бірімен қалдықсыз әрекеттесе алатын мөлшерлерін табуға есептеулер жүргізе білу
 
1(9) Әрекеттесуші заттардың массалары бойынша толық реакцияға түсетінін анықтауға есептеулер 1 Есептеулер жүргізу арқылы аз алынған затты анықтай білу
2 (10) Ауыр түсті металдар металлургиясы 1 Бейтараптану реакциясы бойынша қышқыл тұз түзілуге қажетті реагенттердің массаларын, зат мөлшерлерін есептеулер жүргізу арқылы анықтай білу
3(11) Орта тұз түзе жүретін реакция теңдеулері бойынша есептеулер 1 Бейтараптану реакциясы бойынша қышқыл тұз түзілуге қажетті реагенттердің массаларын, зат мөлшерлерін есептеулер жүргізу арқылы анықтай білу
4(12) Жеңіл түсті металдар 1 Толықтай реакцияға түсетін заттың массасын, түзілген өнім массасын есептей білу
 
1(13) Металдардың кристалдық құрылымы 1
2(14) Металдардың коррозиясы 1 Заттың салыстырмалы тығыздығы мен ондағы элемент атомдарының массалық үлестері бойынша қарапайым және молекулалық формулаларын табуға есептеулер жүргізе білу
3-4 
(15-16) Жану өнімдері бойынша есептеулер 2 Жану өнімдері бойынша заттың молекулалық формуласын табуға есептеулер жүргізе білу
 
1(17) Бастапқы қоспадағы компоненттердің массаларын, массалық үлестерін түзілген газдың көлемі бойынша есептеулер 1 Математикалық теңдеулер жүйесін құру арқылы шешуді білу
2(18) Құймалар 2 Математикалық теңдеулер жүйесін құру арқылы шешуді білу
3(19) Берілген реагентпен таңдамалы әрекеттесетін қоспа құрамын анықтауға есептеулер 1 Қопадағы реакцияға түсетін компонент бойынша есептеулер жүргізуді білу
4(20) Сілтілік металдар 1 Түзілген өнімдер бойынша есептеулер жүргізе білу
 
1-2
(21-22) Сілтілік жер металдары 2 Берілген реакция өнімі бойынша бастапқы қоспадағы компоненттердің массаларын, массалық үлестерін анықтауға есептеулер жүргізе білу
 
1(23) d -металдары 2 Өнімнің белгілі массасы және практикалық шығымы негізінде реагенттердің массаларын, көлемдерін есептей білу
2(24) Металдардың стандартты потенциалдық қатары 1 Өнімнің шығымы бойынша газ қоспасындағы компоненттердің көлемдік үлестерін есептей білу
3-4 
(25-26) Реакция өнімдерінің шығымын есептеу 2 Өнімнің массасы бойынша оның практикалық шығымын есептей білу және керісінше
 
1(27) Адам өміріндегі металдардың маңызы 1 Ұғымдар арасындағы байланыстылықтарды пайдалана отырып есептеулер жүргізе білу
2(28) 1 Әртүрлі концентрациялы ерітінділерді алудың есептеу жолдарын білу
3(29) Ерітінділердің концентрацияларын арттыруға есептеулер 1 Әртүрлі концентрациялы ерітінділерді алудың есептеу жолдарын білу
4(30) Молярлық концентрацияға есептеулер 1 Әртүрлі концентрациялы ерітінділерді алудың есептеу жолдарын білу
5(31) Нормалдық концентрацияға есептеулер 1 Концентрацияның бір түрінен басқа түріне ауысуға есептеулер жүргізе білу
6(32) Ерітінділердегі жүретін реакция теңдеулеру бойынша есептеулер 1 Реакция теңдеулері бойынша әртүрлі типтік есептерді шығара білу
9-тарау. Курс материалдарын жинақтап қорытындылау (2 сағат)
1-2 (33-34)
Курс материалдарын жинақтап қорытындылау 2 Оқушылардың алған дағдыларын қорытындылау
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Беляева И.И., Сутягина Е.И., Шелепина И.А. «Задачи и упражнения по общей и неорганической химий». Москва «Просвещение» 1989 ж.
2.КузьменкоН.Е:, Еремин В.В. «2500 задач по химии с решениями». Москва «Оникс 21 век», «Мир и образование» 2002 ж.
3.Врублевский А.И. «1000 задач по химии с цепочками превращений и      контрольными тестами» Минск ООО «Юнипресс» 2003 ж.
4.Момынов Ө. «Органикалық химиядан шығарылған есептер жинағы» Шымкент, 2006 ж

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Металдар туралы түсінік
Металдардың физикалық және химиялық қасиеттері
Бастапқы заттың біреуі артық мөлшерде берілгенде химиялық реакция теңдеуі бойынша реакция өнімін есептеу
8-сыныптағы химия пәнінің негізгі тақырыптарын қайталау.
ІІ-тарау бойынша тексеру жұмыстары
Химия сабағында Ривин –Баженов әдісімен жасалған карточкаларды қолдана отырып есеп шығару
Химиялық реакциялардың типтері. Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер
«Химиялық типтік есептер» 8 сыныпқа арналған бағдарлама
Химмиялық есептер шығарудың тиімді тәсілдері
Химиядан «Әртүрлі типтегі есептеу есептерін шығару» қолданбалы курсы бойынша 10 сыныпқа арналған оқу-әдістемелік күнтізбелік жоспар
Бөлім: Уроки / Химия | Көрсетілім: 4837 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык