Пәні: Дінтану
Мұғалім: Ғарипуллаев Әлішер Әзімбайұлы
Сыныбы: 9 «б»
Күні: _____________
Сабақтың тақырыбы: Құран және ислам ілімі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға Құран және ислам ілімі туралы жан-жақты мәліметтер беру;
Оқушыларға Құран туралы тың мәліметтер бере отырып, білімдерін тереңдету,
Исламның және Құранның бүгінгі қоғамдағы рөлімен
таныстыру, діннің танымдық-дүниетанымдық және психологиялық-педагогикалық аспектілерін ашу, оның гуманистік табиғатын және негізін түсіндіру.
Дамытушылық:
Оқушылардың діни сауаттылығын қалыптастырып, ойлау, есте сақтау, қабілеттерін дамыту;
Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыта отырып, талдауға, қорытынды
жасауға дағдыландыру;
Оқушылардың белсенді азаматтық көзқарасын қалыптастыру.
Тәрбиелік:
Оқушыларды өз Отанына құрметпен қарауға, қорғауға, ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке, адамгершілікке, діни түсіністік пен сыйластыққа тәрбиелеу;
Оқушылардың бойында гуманистік дүниетанымның негіздерін, рухани-адамгершілік құндылықтардың жүйесін қалыптастыруға ықпал ету.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жарыс сабақ, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: плакат,суреттер, әлем картасы, слайд.
Болжамдап отырған нәтиже: Қарастырылып отырған тақырып бойынша білімі толық қалыптасқан тұлға.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ.Үй тапсырмасын қорыту
ІV.Жаңа сабақ
V. Жаңа сабақты бекіту
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу
Оқу құралын тексеріп, түгендеу
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Ислам діні
Оқушыларды үш топқа бөлу.
1 топ. «Иман»
2 топ. «Нұр»
3 топ. «Шапағат»
І тур. Әр топ өз тапсырмасын қорғап шығады. Қорғау интерактивті тақтаны пайдалана отырып үйде дайындап келген материалдар негізінде жүзеге асады.
1 топ. «Иман» - Ислам діні пайда болғанға дейінгі араб әлемі
2 топ. «Нұр» - Ислам дінінің пайда болуы
3 топ. «Шапағат» - Шариғат ұғымы
ІІ –тур. Әр топқа 4 сұрағы бар конверт беріледі. Ондағы сұрақтар әр топқа өздері қорғамаған тақырып негізінде, яғни қарсылас топтың тақырыбы негізінде беріледі.
Ислам діні пайда болғанға дейінгі Араб әлемі
1 сұрақ - Араб елдерін атаңыздар?
2 сұрақ - Ислам діні келгенге дейінгі Араб әлемінің халқы ұстанған діндерді атаңыздар?
3 сұрақ – Ислам діні келгенге дейінгі араб тайпалары арасындағы жағымсыз көріністер?
4 сұрақ – Исламға дейінгі және исламнан кейінгі араб тайпаларындағы өзгерістер?
Ислам дінінің пайда болуы
1 сұрақ - «Ислам» сөзінің мағынасын түсіндіріңіз?
2 сұрақ - Ислам діні қалай пайда болғандығына анықтама беріңіз?
3 сұрақ - Ислам дінінің пайда болуымен көрініс берген қандай игі қасиеттерді атай аласыздар?
4 сұрақ - Ислам діні таралған аймақтарды атаңыздар?
Шариғат ұғымы
1 сұрақ - Шариғат дегеніміз не?
2 сұрақ - Шариғат өзінің бастауын неден алады?
3 сұрақ - Шариғатта көрсетілген міндеттерден мысал келтіріңіздер?
4 сұрақ - Шариғат заңымен жүретін қазіргі кезеңдегі елдерді атаңыздар?
ІІІ.Үй тапсырмасын қорыту
ІІІ тур. Үй тапсырмасын қорыту ұяшықтарды таңдау арқылы жүзеге асады. Әр ұяшықтың ішінде үй тапсырмасы бойынша берілген кесте орналастырылған.
«Исламдағы бес парыз» кестесін толтырыңыздар!
Куәлік сөзін айту Намаз оқу Ораза ұстау
Зекет беру Қажыға бару
Исламдағы иманның алты шарты» кестесін толтырыңыздар!
Аллаға иман келтіру Періштелерге иман Қасиетті кітаптарға иман Пайғамбарларға иман Ақырет күніне иман Тағдыр мен қазаға иман
«Ислам діні» кестесін толтырыңыздар!
Ислам діні пайда болған уақыт Исламның негізін қалаушы Исламның пайда болуымен келген оң өзгерістер Исламның таралу аймағы
Кестені толтыру арқылы оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендігі тексеріліп қорытындыланады.
ІV.Жаңа сабақ
Құран және ислам ілімі
Құран – барша мұсылмандардың ерекше қадір тұтып, ұстанатын қасиетті кітабы. «Құран» сөзі араб тілінен аударғанда «көп оқылатын кітап» деген мағынаны білдіреді. Құранның негізгі аттары: әл-Китаб. Бұл сөз Құранда екі жүз отыз мәрте кездеседі. әл-Фурқан. “Ақиқат пен жалғанды айырушы” мағынасындағы бұл сөз Құранда алты рет кездеседі. Нур, Мубин. Құранның бұдан басқа да есімдері: Кәләм, Куда, Рахмәт, Шифа, Тәнзил, Уахи, Баян, Хақ, Адл, Бушра, Қасас, Азиз, Хикмәт, Хаблуллаһ, Рух, Муһәймин, Қайим, Зікір, Бәләғ, Мәжид, Уммул-Китаб‚ т.б. Қадір сүресінде айтылғандай, алғашқы құдайлық аян (уахи) 610 ж. рамазан айының Қадір түні Мекке тауының Хира үңгірінде Мұхаммед пайғамбарға (ғ.с.) ұалақ сүресінің (“Жаратқан Раббыңның атымен оқы!”) бес аятынан бастап түсті. Ең ұзақ аят Бақара сүресінің 282-аяты. Ең қысқа аяттар — Ясин, 36/1; Рахман, 55/1,64; Мүддессір 74/21; Фәжр 89/1; Дүха 93/1; Асыр 103/1. Құрандағы сөздер саны 77 934 екендігі анықталған. Құранда 6666 аят (Асым қирағаты бойынша), 114 сүре бар. Ең қысқа сүре үш аяттан тұратын Кәусар сүресі. Ал ең ұзағы 286 аяттан тұратын Бақара сүресі. Құран Алла құзырынан Жебірейіл періште арқылы, Мұхаммед пайғамбарға (ғ.с.) жиырма үш жыл бойы түскен. Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) өмірінің ақырына дейін уахи келуі ықтимал болғандықтан, оның көзі тірісінде Құрантолық бітті деп, бір кітап етіп жинақтау мүмкін емес еді. Ол өмірден өткеннен кейін ғана уахи тоқталғаны айқындалып, алғашқы халифа Әбу Бәкр кезінде Құран бір кітап етіп жинақталды. Құранның пайғамбар кезінде жиналып бір кітап етілмеуінде басқа да бірнеше себептер болған:
1. Құран мәтінінің сенімді кепілі Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) өзі тірі болған соң, Құран жазылған парақтар мемл. істердің бәрінде бірдей ресми түрде қолданылмады. Кейіннен келген халифалардың мұндай ерекшелігі болмағандықтан, жазылған парақтарды бір кітапқа жинақтау қажеттілігі туды.
2. Әбу Бәкр “мұсхаф” кітапты сахабалардың қолдарындағы жазылған түпнұсқалары мен жаттаған Құран арқылы растап әрі кейбір адамдардың жеке қателіктерін дұрыстап, нәтижеде үмбеттің бәрі бір ауыздан қабыл еткен “Имам мұсхаф” — негізгі кітапты жинақтамақшы болды.
3. Ямәмә соғысында көптеген сахабалар шейіт болды. Осыдан кейін Омар Халифа Әбу Бәкр Зәйд ибн Сәбиттің бастауымен алқа құрып, Құранды бір кітап етіп жинаттырды.
Құран жинауда жазылған түпнұсқалар Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) нұсқауымен жазылған мәтін екендігін екі куәгер дәлелдеуі керек, аяттар “мансұқталса” (үкімі жойылған болса) жазылмауы тиіс деген негізгі талаптар қойылды. Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) өмірден өткенде дайындалған бұл жинақ “мұсхаф” деп аталды. Тері, құрма ағашы, сүйек, жапырақ, т.б әр түрлі нәрселерде жазылған Құран мәтіндерін қағазға жазып, бір кітап еткен Зәйдтің ісі бір жылға созылған. Оған хазіреті Омар, Әли, Оспан, Ибн Кағб көмектесті. “Мұсхаф” аталған осы кітап алдымен Әбу Бәкрде, ол қайтыс болғаннан кейін Омарда, одан кейін қызы Хафсаның қолында сақталған. Оспан кезеңінде ислам діні Арабстаннан тыс өлкелерге қанат жайды. Сол жақтарға арнайы мұғалімдер жіберіліп, олар өздері үйренген Құран қирағаттарын исламды жаңадан қабылдаған елдерге оқыта бастады. Осы кезеңде туындаған қайшылықтарды жою мақсатында Омардың қызы Хафсаның қолындағы түпнұсқаны Оспан көбейту үшін уақытша сұрап алды. Осы істі атқаруға хижраның жиырма бесінші жылы құрайыштықтар (меккелік) мен әнсарлықтардан (мединелік) он екі кісілік топ құрып, Зәйд ибн Сәбитті басшылыққа тағайындады. Жазылған жаңа “Имам Мұсхаф” кітабы мешітте оқылып, мұсылмандардың бәрі бір ауыздан мақұлдады. Бұл “Имам Мұсхаф” төрт данаға көбейтілді. Біреуі Мединеде қалдырылып, қалған үшеуі Шам, Куфа, Басраға жіберілді. Ислам діні пайда болғанда араб жазуында әріптердің ноқаттары мен қаракеттері жоқ болса да, сахабалар өз тіліндегі Құранды қатесіз оқыған. Хижраның 1 ғасырның 2-жартысынан бастап, өзге халықтың ислам дінін қабылдауы мен олардың араб тілін білмеулері себепті Құранды жаңылыс оқу белең ала бастаған. Осыған дейін Құран жазуының қарекеті мен ноқаты болмауынан туындаған қиындықты шешу үшін Әбул Әсуәд әд-Дуәли қаракеттердің жазылуын енгізді. Насыр ибн Асым (кейбір деректе Яхия ибн Ямәр) Құран әріптерін бір-бірінен ажыратқан ноқаттарды қойды. Бұны ғалымдар “Ижам” деп атады. Сахабалар Мұхаммед пайғамбардан (ғ.с.) әр түрлі қирағаттар үйренген; Құран мағынасы сол заманнан бастап-ақ өзге тілдерге аударыла бастады. Кейбір деректерде сахаба Салман Парсы Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) рұқсатымен Фатиха сүресінің мағынасын парсы тіліне аударып, ирандықтарға жібергендігі айтылады. Құран мағынасы үнді тіліне алғаш рет 833 ж., парсы тіліне 956 ж., латын тіліне 1143 ж., француз тіліне 1647 ж., ағылшын тіліне 1649 ж. аударылған. Қазіргі уақытта Құран мағынасы жүзден астам тілге тәржімаланған. Құранның түркі тіліндегі алғашқы мағыналық аудармасы ХІ — ХV ғасырда жасалғаны туралы жорамалдар болғанымен, қазіргі заманға жеткен аударманың ең көнесі ХІV ғасырда жазылған.
Құран кітабы.
Құран және ғылым туралы ғалымдардың айтқан қанатты сөздері келтіріліп, ғылымдағы жаңалықтар құранмен байланыстырыла түсіндіріледі.
Әр топтан құран сүресін жатқа білетін бір оқушы тұрып сүрені айтады. (Таңдау әрі айту немесе айтпау өз еріктері бойынша жүргізіледі)
V. Жаңа сабақты бекіту
Білемін Білдім Білгім келеді
VІ. Бағалау
Топты бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма
Құран және ислам ілімі.
«Құран және ғылым» тақырыбында эссе жазу.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Материалы / Тарихтан ашық сабақтар |
Көрсетілім: 5446 |
|

Автор Ғарипуллаев Әлішер Әзімбайұлы
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер
Авторлық бағдарлама |
Коучинг жоспарлары |
Мектеп әкімшілігі |
Мектептен тыс мекемелер |
Сыныптан тыс жұмыс |
Оқушымен жұмыс |
Тәрбие сағаты |
Ата-аналармен жұмыс |
Қосымша жинақтар |
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар |
Қазақ тілінен ашық сабақтар |
Әдебиеттен ашық сабақтар |
Открытие уроки по русскому языку |
Уроки литературы |
Ағылшын тілінен ашық сабақтар |
Биологиядан ашық сабақтар |
Химиядан ашық сабақтар |
Физикадан ашық сабақтар |
Математикадан ашық сабақтар |
Информатикадан ашық сабақтар |
Тарихтан ашық сабақтар |
Географиядан ашық сабақтар |
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар |
Психологиядан ашық сабақтар |
АӘД пәнінен ашық сабақтар |
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар |
Құқықтан ашық сабақтар |
Экономикадан ашық сабақтар |
Музыкадан ашық сабақтар |
Технологиядан ашық сабақтар |
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар |
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар |