Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қыс. Сын есімнен өткенді қайталау


Қыс. Сын есімнен өткенді қайталау

Қыс. Сын есімнен өткенді қайталау

БҚО, Зеленов  ауданы,Чувашка ауылы

Нурлыхан Байжигитова

тілі: 5 сынып

Cабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ. Қыс. Сын есімнен өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты: а) Модуль бойынша алған білімдерін тексеру, әр түрлі тапсырмалар арқылы білімдерін кеңейту.

ә) адамгершілікке, мейірімділікке, еңбексүйгіштікке,тәрбиелеу

б) шапшаңдылыққа баулу, ой-өрістерін,  дүниетанымдарын кеңейту, өз-өзін бағалай білуге   үйрету.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ әдістері: ойын, топтастыру, кесте толтыру, сұрақтарға жауап беру.

Пәнаралық байланыс: сурет, әдебиет.

Көрнекіліктері: аққала, шырша, әр түрлі суреттер

Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі:

-         Оқушылармен амандасу.

-         Сабаққа қатысын тексеру.

-         Үй тапсырмасын сұрау.

-         Күннің жадын жаздыру.

Балалар, сабағымызды Жүсіп Баласұғынның мына сөздерімен бастаймыз.

 «Біле бер қанша білсең де, тағы тіле,

   Жетерсің мақсатыңа біле- біле».

Осы кезде хат тасушы есік қағып, балаларға жеделхат пен бір үлкен қорапша әкеліп тастайды. Мұғалім оқушыларға жеделхатты ашып оқып береді.

Құрметті: 5- сынып оқушылары. Мен сендердің аққалаларыңмын. Мен мына қорапшаның ішіндемін, еріп кетуге аз-ақ қалдым, сендер өте мейірімдісіңдер, мені құтқарыңдаршы, мені құртқару үшін сенер мына сұрақтарға жауап берулерің керек.

  1. Қазір қай мезгіл?
  2. Қыс айларын ата
  3. Қыста ауа райы қандай болады?
  4. Қыста балалар немен ойнайды?
  5. Қыс туралы қандай өлең білесің?

Міне, балалар, сендер өз білімдеріңмен аққаланы құтқардыңдар. Рақмет,сендерге!

Сын есім тудырушы жұрнақтар

      1- тапсырма    «Топтастыру»

Балалар, Абай Құнанбайұлы кім?  Бір оқушы «Қыс» өлеңін мәнерлеп оқып береді.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды,

Үсті басы, ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

(осы кезде оқушылар салған  суреттер көрмесі ұйымдастырылады)

2- тапсырма Мына сөздерге сын есім тудырушы жұрнақтар жалғап жазыңдар

   Тау, ұлт, көл, көрік, ақыл, білім, күз, жаз.

3- тапсырма  Ұйқасын тап. (сын есімдердің астын сыз)

      1.  Ұызы бойлы, сирақты,

Білесің бе ....................   (жирафты)

Сергіту сәті:  Қыс қандай әдемі,

 Ақ қар басты әлемді.

Шаңғымызды сайлаймыз,

 Біз ешқашан тоңбаймыз.

4- тапсырма Суретпен жұмыс. Оқушыларға бірнеше суреттер беріледі, сол суреттер ішінен қысқы киім түрлерін тауып, жазу керек.

5- тапсырма  «Ойлан,тап!» Оқушылар мына сызба бойынша 3 мысалдан құрап жазады.

 Зат есім + Зат есім      (Асан+оқушы)

Сын есім + Зат есім     ( қалың+ киім)

Бекіту бөлімі: «Шыршалы орман» ойыны. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы  орманға шырша отырғызады.

Бағалау: Оқушыларға мынадай сұрақтар беріледі.

  1. Мен бүгін қандай баға алдым?
  2. Мұғалім маған неше қояды?
  3. Көршім маған қандай баға қояды?

Үйге тапсырма: «Қыс» тақырыбына сын есімдерді қатыстырып шағын әңгіме жазу.

Сонымен, балалар, бүгінгі сабағымыз аяқталды.Сабақ сонында айтарым: «Қайталау- оқудың анасы» екенін ұмытпаңдар.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сабақтың тақырыбы: Қызықты қыс
Қыс
Сан есімнен өткенді қайталау
Шуақты көктем Сан есімді қайталау
Сан есімді қайталау
Сын есім
Сын есімнен өткенді қайталау
Сөз таптары
Сан есім (қайталау)
Сан есімнен өткенді қайталау.
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 2896 | Қосты: Нурлыхан Байжигитова | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык