Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Етістіктің рай категориясы. Қалау рай


Етістіктің рай категориясы. Қалау рай

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің рай категориясы. Қалау рай

Мұқағали Мақатаев.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:  Өз ойларын шақ, жақ, есімше, көсемшенің жұрнақтарын пайдалана отырып жеткізуге баулу.
2. Тәрбиелік: Мұқағали Мақатаевтың өмірі, шығармашылығымен таныстыру.
3. Дамытушылық: Мұқағалидың өлеңдері мазмұнына үңіле отырып,  қазақ поэзиясына деген қызығушылықтарын ояту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Көрнекіліктер:
1. Етістіктің рай категориясы жазылған сызба.
2. «Мұқағали Мақатаев» слайд
3. Мұқағали Мақатаевтің өмірі, шығармашылығы туралы кластер.
4. Мұқағали Мақатаевтің поэзиясынан үзінділер.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткенді қайталау.
1. Үй тапсырмасын тексеру. 72 – бет, 4,5 – жаттығулар.
2. Етістіктің категорияларын қайталау.
- Қазақ тілінде қандай сөз таптары бар?
- Етістік заттың несін білдіреді?
- Етістіктің сұрақтарын атаңдар.
- Етістіктің қандай категорияларын білесіңдер? (жақ, шақ, есімше, көсемше, етіс)
а) Етістіктің шақ категориясы нені білдіреді, олар қалай бөлінеді?
Етістіктің шақтарын компьютерден сызбаларды пайдалана отырып қайталау және мысалдар келтіру
- Есімшенің жасалу жолдары:
- Көсемшенің жасалу жолдары:
- Қазақ тілінде неше етіс категориясы бар, олар қалай жасалады?
(Етістіктің категорияларын, жасалу жолдарымен қайталап, мысалдар келтіру)
ІІІ. Жаңа сабақ. 1. Етістіктің райлары. Мысалдар арқылы түсіндіріп, әр сөйемнің мағынасын ашу. Мысалы: Мен кітап оқығым келеді. (айтушының тілегін, қалауын білдіреді – қалау рай). Ол кітап оқысын. (өтініш, бұйрықты білдіреді – бұйрық рай).
Мен кітап оқысам. (шартты білдіреді – шартты рай) т.б. мысалдар келтіру. Оқушылардың тілегін қатыстыра отырып, сөйлемдер құрату. (Мен кім болғым келеді? Бос уақытымды қалай өткізгім келеді? Анама не сыйлағым келеді? Сыныптас достарыма не тілегім келеді?
2.Мына сөз тіркестерін қалау рай тұлғасында жаз:
Айтып келдім – айтқым келеді (І-жақ, нақтылы өткен шақ, қалау рай)
Күлкісі келді – күлкің келген (ІІ-жақ, нәтижелі өткен шақ, қалау рай)
Ойнап кел – ойнағысы келер (ІІІ-жақ, болжалды келер шақ, қалау рай)
3.Оқушылар кластер бойынша қысқаша әңгіме құрастырады.
 
4.Поэзия минуты. М.Мақатаевтың өлеңдерінен үзінділер оқу.
Үш бақытым
Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал, екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел-дағы от ал менен.
(өлеңнің философиялық мәнін ашу, ақын неге бірінші – Халқын, екінші – Тілін, үшінші – Отанын бақытым деп есептеген. Оқушыларды жарыссөзге тарту)
 
       Жақындық сеземін –
      Жерден де, аспаннан,
      Жылылық сезінемін –
      Мұздардан, тастардан.
Өмірім, сірә да,
Арыдан басталған,
Әріден басталып, мәңгіге тасталған.
Осы
    Мен
    Батар күн,
    Келер күн,
    Атар таң.
    Шығар күн,
    Бәріңе, бәріңе құмармын.
Осы мен мәңгілік тұрармын.
Осы мен, сірә да, өлмейтін шығармын?
Өлмейтін, өлмейтін шығармын,
Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын. 
 
Таныс өлке,
Таныс аймақ,
Таныс маң.
Анау жерде құрбылармен алысқам,
Анау жерде құрбы жанмен табысқам.
Алба – жұлба ақша бұлттар жарысқан.
Таулар әне, ұйықтап кеткен данышпан.
Жолдар анау, шұбатылып шаңы ұшқан.
Таныс өлке, таныс аймақ, таныс маң.
Шабындықтар,
Егістіктер,
Тоғайлар.
Төбелердің төбесінде – көк айдар,
Ақ сағыммен араласып аулаққа,
Сағым болып бара жатыр көп ойлар.
 
Пай! Пай! Пай!
Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,
Ғашықтар бір – бірін өбкен жер,
Сарылып сал – сері кеткен жер,
Бас иіп, иіскеп топырағын, 
Тағзым жасамай өтпеңдер.
 
Домбыра жүрегіммен үндес едің,
Өзіңмен сырласуға тілдесемін.
Бабамнан қалған мұра сен болмасаң,
Өмірдің не екенін білмес едім... . 
5.Дәптермен жұмыс. М. Мақатаевтың өлеңінен үзіндіні жатқа жазу.
Батар күн,
Келер күн,
Атар таң.
Шығар күн,
Бәріңе, бәріңе құмармын.
Осы мен мәңгілік тұрармын.
Осы мен, сірә да, өлмейтін шығармын?
6.Кітаппен жұмыс. 80 – бет, 7 – тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, ішінен қалау райды тауып жазыңдар.
7.Өздік жұмыс. Қалау райды және бүгінгі сабақта өткен лексикалық тақырыпты пайдаланып, шағын әңгіме жаз.
8.Сабақты қорытындылау. 
9.Үйге тапсырма. Етістіктің рай категориясы. Қалау рай. 80 – бет, 6 – тапсырма. М. Мақатаевтың өлеңінен үзінді жаттау.
10.Бағалау.
11.Рефлексия. Маған не ұнады, не ұнаған жоқ. Әр сабақты мен қалай елестетемін? Қазақ тілі сабағында мен не үйренгім келеді

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақ - қонақжай халық. Етістік
Етістіктің шақтары
Есімшеден өткенді қайталау
Етістіктің райларын қайталау
Қалау рай
Етістікті қайталау
Ашық рай
«Етістіктің райлары» тақырыбы бойынша
Етістіктің рай категориясы
Етістіктің райларын қайталау
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 9770 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык