Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 4762 |
|
|
|
Етістіктің райларын қайталау
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің райларын қайталау
Сабақтың мақсаты: білімділік: Н.Оразақынқызының «СТО» технологиясын қолдана
отырып, оқушылардың етістік туралы бар білімін, өз ойын
тұжырымдап айта білуін, түсіну қабілеттілігін байқау.
дамытушылық: әр түрлі оқыту стратегияларын тиімді пайдалана
отырып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру,
шығармашылық жұмыстарға жетелеу.
тәрбиелік: өзін-өзі тани білу, адамгершілік ізгі қасиеттерді бала
бойында қалыптастыру, ата-анаға, өзгелерге деген құрмет сезімін
арттыру, тапқырлыққа, топ алдында еркін сөйлеуге үйрету.
Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау әдісі
Аукцион әдісі
Іздендіру әдісі
Салыстыру әдісі
Эвристикалық әңгіме
«СТО» технологиясы: «Кубизм»,«Еркін жазу»,«Көрнекілік»,
«Семантикалық карта» стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, кеспе қағаздар, суреттер
Пәнаралық байланыс: әдеп, әдебиет, география,экология
Сабақтың түрі: сайыс
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
( оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру)
ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
180-жаттығу (өлең шумағы мен мақалдардан есімшені тауып,
сөйлемдегі атқаратын қызметін табу)
ІІІ Өткенді қорытындылау кезеңі
Сайыс сабақтың мақсатын мақсатын түсіндіру, топқа бөлу.
«Қайталау- оқу анасы» деп бекерге айтылмаған. Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай деп ойлайсыңдар? ( жауап: етістіктің райларын қайталау).
Аукцион әдісі бойынша сұрақтарға жауап береміз.
1) Етістікке сипаттама беріңіз.
2) Мағыналық түрлері, нақты мысал келтіріңіз.
3) Есімше, көсемшенің жұрнақтарын атаңыз.
4) Етістік категорияларын атаңыз.
5) Етіс түрлері.
6) Шақ түрлері.
7) Шақ түрлеріне мысал.
8) Рай, сызбамен көрсетіңіз.
9) Барлық шаққа ие болатын қай рай?
10) Тәуелдік жалғауларын керек ететін қай рай?
ІV Практикалық жұмыс. 181-,182-, 183-жаттығулар( тақтамен жұмыс)
Мүмкіндік деңгей тапсырмасы бойынша «Бақытты болу деген не?» сұрағына ойтолғау жазып келу тапсырылған болатын. Бәріміздің тыңдағымыз келеді. ( екі топтан оқушылар оқиды).
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, бақытты болу- адамның іс- әрекетінің нәтижелі болып, мақсатының орындалуы, өмір қуанышының ең жоғары дәрежеге жетуін білдіретін ұғым. Олай болса, «Кубизм» стратегиясы бойынша ойлаған ойымызға, мақсатымызға жетейік.
V Шығармашылық кезең .
Қолданыңыз . 1) Қандай адамды адамгершілігі бар адам деп айтқың келеді?
2) Қайтсе, адам бойында жақсы қасиет қалыптасады?
3) Адам- табиғат перзенті ( қалау раймен екі сөйлем ойлап айтыңыз).
Салыстырыңыз. ( Венн диаграммасы бойынша рай мен шақты салыстыру).
Елестетіңіз. ( райға ойдан сөйлем құрау ).
Талқылаңыз . ( дайын сөйлемдер беріледі).
1) Жақсы үйге, жақсы орынға жатқым келер.
Жұрт мақтарлық атақтар тапқым келер.
Асса адам баласына жақсылық қып,
Алғысқа, абыройға батқым келер (С.Торайғыров).
2) Оқи берсең, жалқаулық басынады,
Оқи берсең, көзің ашылады.
3) Бір тал кессең, он тал ек.
Суреттеңіз . ( сурет бойынша шағын мәтін құрау).
Зерттеңіз . ( Күнделікті өмірде етістіктің рай категориясын қолданып сөйлейміз бе?)
«Мен кіммін?» ойны. ( Тапсырманы топ болып орындайды. Өз аттарына байланысты
шағын әңгіме жазады).
«Жалғасын тап» атты мақал- мәтел сайысы. (Адамгершілік тәрбие, экологияға
байланысты айтулары сұралады).
Семантикалық картамен жұмыс
Мысалдар
Ата- ананың қадірін білмесең, басқа біреудің жақсылығына баға бере алмайсың Адамдар қоршаған ортаны бүлдірмегей Берекені көктен тілеме, еңбектен тіле Өз ұлтымның жанашыры боламын
Ашық
Бұйрық
Шартты
Қалау
VI Бекіту ( эвристикалық әңгіме бойынша оқушылар сабақты өздері қорытындылайды)
VII Бағалау . 1 Оқушылардың өз-өзін бағалауы.
- Сенің ойыңша, қай оқушы сабаққа белсенді қатысты?
- Кімге, қандай баға қояр едің?
2. Мұғалімнің бағалауы.
VIII Үй тапсырмасы . «Атаның баласы ғана емес, адамның баласы болсам...»
тақырыбында ойтолғау жазып келу.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |