Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жыраулық өнер туралы жалпы шолу


Жыраулық өнер туралы жалпы шолу

Сабақтың тақырыбы: Жыраулық өнер туралы жалпы шолу

Сабақтың мақсаты:

5. Білімділік 6. Дамытушылық       3.Тәрбиелік
XIV-XVIII ғасырдағы жыраулар поэзиясы және жыраулардың өмірбаяны туралы білімдерін жинақтап, кеңейтіп, пысықтайды, толықтырады; Жырларды мәнерлеп, сауатты, нақышына келтіріп оқи білуге баулиды, танымдық деңгейін көтереді, ой-өрісін, логикалық, есте сақтау, ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытады, тірек сызбаларды қолданып ауызша тілді дамытады, сөздік қорды молайтады; Жыраулардың жырын оқу арқылы ұлы адамдардың өмірін өнеге ете отырып, адам бойындағы жақсы қасиетттерді, (ақылдылық, тапқырлық, татулық) қалыптастыру, отансүйгіштікке, елін қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі аралас-сайыс сабақ, теориялық білімді қайталай отырып, тірек сызбалар арқылы ауызша тілді дамыту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, алдау, сыни тұрғыдан ойлау, топпен жұмыс, көрнекілік, жатқа айту.
 Сабақтың жабдығы: кестелер,тірек сызбалар, Бұқар жыраудың, Қазтуғанның, Асан қайғының портреттері, «Жыраулар» тақырыбына байланысты қосымша материалдар мен буклеттер, таблицалар, карточкалар, комьпютер, оқушыларды ынталандару үшін сайыстың кезеңдері белгіленген тірек сызбалар, итерактивті тақта, диск, компьютер 
Сыныппен жұмыс түрі: даралап, жұппен, топпен, ұжымдық
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
5. Оқушыларды түгендеу;
Сабаққа дайындықтарын бақылау; 
Сабағымызды бір-бірімізге жақсы тілектер айтудан бастайық . (Топтар бір-біріне жақсы тілектер айтады)
Балалар, биыл қай жыл?
Біз қай ғасырда өмір сүрудеміз?
Біз қай ғасыр әдебиетін оқып жатырмыз?
1. Сабақ- сайыс сабақ, үш топтың аттарын сабақтың аяғында білесіңдер. Сабақ барысында көптеген стратегияларды орындауымыз керек. Сендердің білімдеріңді сарапшылар бағалайды. (сарапшылар басқа сыныптың оқушылары)
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. «Ой қозғау стратегиясы»
XIV-XVIII ғасырдағы біз оқыған жыраулар кімдер екенін білу үшін мына жыр жолдарында кімдер туралы сөз болып тұр және бұл жырларды кімдер жазғанын табуымыз керек. 
Тіл алсаң іздеп қоныс көр,
Желмая мініп жер шалсам,
Тапқан жерге ел көшір,
Мұны не білмейсің?                                                             Асан қайғы
Билер атты би соңы, 
Би ұлының кенжесі.
Мұсылман мен кәуірдің,
Арасын бұзып дінді ашқан,
Сүйінішұлы                                                                    Қазтуған
Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топтан сөз бастаудан қиынды көргем жоқ.
Бұқар жырау
.Тірек сызба бойынша әңгімелеу.

 

 

 

 

 

 

 

Осы жыраулардың Абай, Жамбыл сияқты ақындардан қандай ерекшелігі бар?
«Келісу-келіспеу» стратегиясы.
Неге келісетін-келіспейтіндіктеріңді түсіндіру.
Біздің мектеп директоры – Сергей Семенұлы сендерге мынандай сауал қояды.
1. Асан Қайғы 1361-1465-70 жылдары өмір сүрген.   Келісемін. 
2. Хасан Сәбитұлы Құлагер деген атпен Жерұйық жерді іздеген.     Келіспеймін.
3. Асан қайғының «Еділ бол да Жайық бол» толғауы философиялық  сарында жазылған. Келіспеймін (дидактикалық сарында)
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Гүлнар Жеңісханқызы мынадай сауал қояды.
1. Қазтуған жырау ел арасында, тұрмыстық жиындарда өнер көрсеткен.  Келіспеймін.
2. Қазтуған жырау өлеңмен терең мағыналы ой толғаған. Келісемін.   
3. Қазтуған жырларында халықты ерлікке, бірлікке, адамгершілікке, шақырған, ақыл-ой айтқан.   Келісемін.
Грамматикалық стратегия. Мақсаты: кітаппен жұмыс істей отырып омонимдік, синонимдік, антонимдік қатарды табу.
  1-топ. 18-бет, Қазтуған. Соңғы сөйлемнен омонимдік қатарды табу. Ол да қол бастаған батыр, ел басқарған би болған. Би           человек решающий спорные вопросы рода, племени. Би (танец)
2-топ. Асан қайғы, 16-бет. Ақан Сарыарқада – Ұлытауда дүние салған. Синонимдік қатарды тап. Қайтыс болған.
3-топ. Бұқар жырау, 20-бет, «Жар басына қонбаңыз» жырынан антонимдік қатарды тап. Жақсы           жаман
«Поэзия» стратегиясы. Үй тапсырмасы бойынша жыраулардың жырларын мағынасына келтіріп мәнерлеп, нақышына келтіріп оқу, авторын табу. Автор кім?
«Бұл кім?» стратегиясы.
Таблица бойынша жұмыс.
XIV-XVIII ғасыр жырау-жыршылары
1.                   ? XIV-XVIII ғасырда өмір сүрген, әкесі батыр болған. Мәшһүр Жүсіптің айтуынша сауып ішер малы, мінер аты болмаған. Бір ғасырдан астам өмір сүрген. 
2.                    ? Желмаясымен «Жерұйық» жерді іздеп, қазақтың талай жерін аралаған. Шоқан Уәлиханов оны «Көшпенділер философы» деп атаған. Керей мен Жәнібек хандарын жақтаған.
3.                    ? XV ғасырдың 20-30 жылдары Еділ бойында дүниеге келген. Қол бастаған батыр, ел басқарған би болған, лирик. Бұл кісі туралы көп дерек жоқ.

Оқушылар жауап берген соң сұрақтардың орнына жұраулардың портреттерін слайд бойынша көрсету.
Бекіту жұмыстары (жаттығулар, жұмыс түрлері, кластер, диаграмма құру)
«Дұрыс сұрақ-жауап стратегиясы» (таблица) бойынша топтар бір-біріне сұрақтар қояды.

Жыраулар Өмірдерек Еңбектері Тақырыптары 
1. Асан қайғының шын аты – Хасан Сәбитұлы, ірі жырау, би, «Желмая түйесі болған.

2. Қазтуған Сүйіншіұлы. Қол бастаған батыр, ел басқарған би. 1361 жылы Еділ бойында туған. Әкесі Сәбит – саятшы. Керей және Жәнібек хандарды жақтаған. 1485-1470 жылы Сарыарқа Ұлытауда қайтыс болған.
1420 жылдары Еділ бойында, Астрахань облысында дүниеге келген. 1460-1480 жылы Қазақ Ордасы құрамына енеді. Жыраудың бұдан соңғы өмірі туралы дерек сақталмаған. «Құйрығы жоқ жалы жоқ», «Еділ бол да, Жайық бол», «Ай, хан», «Таза мінсіз асыл тас», «Бұл заманда не ғаріп».


«Мадақ жыры», «Алаң да,алаң, алаң жұрт», «Қайран менің Еділім». Адамгершілік қасиеттері, елдің бірлігі, татулығы.

 

 

Халықтың ерлігі, бірлігі, адамгершілік қасиеттері.
3. Бұқар жырау 1668 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Әкесі Қалқаман батыр 1781 жыл Баянауылда Долба тауында дүние салған. «Тілек», «Жиырма деген», «Ай, Абылай,Абылай», «Кәрілік туралы», «Жар басына қонбаңыз».
Елін, жерін қорғаған батырлар, ел басқарған хандар туралы.
Егер сендер XXI ғасыр жыраулары болғандарыңда не жайлы жырлар едіңдер?..
Тест жұмысы (3 нұсқа) 
«Ой қорыту» стратегиясы – өткенді тұжырымдап қорыту. Сызбаны толтырып, таблицаларды қолдану арқылы әр жырау туралы толық әңгімелеу.

     Сабақтың қорытындысы, ой қорыту (рефлексия) 
1. Асан қайғы Желмаясын мініп, кең байтақ қазақ жерін түгел аралаған. «Жерұйық» жерді іздеген, ну орман мен шалғынды жерге халықты қоныстырсам деп армандаған. Сондықтан Шоқан Уәлиханов оны «Көшпенділер философы» деп атаған. 
2. Қазтуған өз жырларында халықты ерлікке, бірлікке, адамгершілікке шақырып, ақыл айтқан, батыр, ел басқарған би болған. Адамгершілігі күшті үлкендердің айтқанын тыңдасақ, бізден батыр да, би де шығады деп сенемін.
3. «Ұрпақтарым, атаң мен әжеңді сыйла! Өзіңе дейінгіне құрметтесең, өзіңнен кейінгілер сені құрметтейді» деп бұқар жырау айтқандай ата-ананы, әже-атаны сыйлаңдар,үлкендерді құрметтеп, кішіге қамқор болайық
ҮІ. Үйге тапсырма беру. Шығарма жазу.
ҮІ. Бағалау. Сарапшыларға сөз беріледі.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жыраулар поэзиясы
Асан қайғы «Еділ бол да, Жайық бол»
Қазтуған жыры- таза далалық поэзия
Қазтуған жырау
XY-XYIIIғ қазақ ауыз әдебиеті. Қазақ фольклоры
Эпостық аңыздар мен ақын-жыраулар
Абылайдың хандығы
Музыка және қолданбалы өнер Қазақтың атақты әнші - күйшілері
Шортанбай Қанайұлы
Жыраулар поэзиясы
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 5509 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык