Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тіл және сөйлеу


Тіл және сөйлеу

Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу

Сабақтың мақсаты: а) Тіл –адамзат баласының аса маңызды қатынас құралы. Тіл-әр халықтың қымбат қазынасы. Тіл-елдің мәдениетін, әдебиетін, ұлттық дәстүрін анықтайтын құрал.Адамның іс-әрекетіне, сезіміне сөйлеудің жасайтын ықпалы 
                                   ә) Баланың зердесін ашу үшін рухани асыл қазыналарды, ұлттық таным- тәлімді бойға сіңірту. Баланың тілін ашу, сөйлеу мәнерін дамыту. 
                                    б) Парасатты түйсік пен мінез-құлық. ынта, ықылас, өнерге, өмірге эмоционалды қатынас қалыптастыру
Сабақтың көрнекілігі: Үнтаспа (Абай өлеңі), сөз құдіреті туралы халық даналығы, топшамалар, қазақ тілі туралы ғалымдардың ой-пікірлері.
Сабақтың барысы: 1. ұйымдастыру
                                  2. өткен тақырыпты пысықтау
 
А) Жансызды-жанды етеді
      - Жұлым-жұлым етікті,
      Жамап тікті   ..............  
     
      -Бүркітімен ................. ,
       Бір топ қазды үркітті
 
       Кім де болса:
       Найзаны,
       Жансыз затқа балайды-
       Ал жалғанса «кер» мен «гер»,
       Найза болар-.................,
       Айла болар- ...................
   Оқушылармен сөз мағынасын өзгертетін жұрнақ түрлерін атау( паз,бегі, кес, көс, гөй) жұрнақтың сөз тудырушы, әрі сөз түрлендіруші қызмет атқаратынын пайымдау.
 
Айтылуы бір,
Жазылуы бөлек сөздер
 
Оқушылардың мәлеметтері:
Қайыпбайдың ерке баласы,
Жейтіні тек қант пен бал – асы
 
Тұр уылжып жемістер,
Тер сіңіріп,
Жеміс тер
 
Ұқсас сөздер
Үй салайық  сәнді, кең,
Топырақ үй алдымен.
«Мая-мая, маяны,
Күтімдемей бола ма?»
Інген мен маяны
Қамадым тас қораға
 
Оқушылардың жұмысын бағалау. 
  Жұмбақ оқу :
Шіңгір, шіңгір етеді,
Шіңгірлеп кіріп кетеді
Апан-апан,
Ескі шапан,
Иір қобыз,
Жарық жұлдыз
Оқушылардың жауабы тыңдалып, жұмбақ шешуін қалай тапқандығы туралы сұрау:   
- Жануарлардың түр-сипаты сөзбен бейнеленіп, сипатталған .Демек, біз бір-бірімізді    сөз арқылы,  сөйлеу арқылы  ұғыстық.      
- Сөйлеу не арқылы жүзеге асады? 
- Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асады.
- Адамзат тілінің шығуы өте ерте заманнан  басталады. Алғашқы кезде топтасқан ұжымдар бірлесіп еңбек етудің артықшылығын сезіне бастаған.Еңбектене отырып, тағы бір қажеттілікті сезіне бастаған. Ол бір-біріне бірдеңе айту, бірін-бірі ұғысуға талпыну. Осы қажеттіліктен келіп тіл шыққан. 
58-жаттығу Мәтінді түсініп оқу. Мәтінге ат қою.
 Мәтінде бір дана қария баласына қымбат қазына қалдырды. Бұл қымбат қазына –тіл. 
-«Саған мұра етіп қалдырған қымбат қазынасы- тіл» деп , қария аталы сөздің шешуін айтыпты. 
- Тілді неліктен мұра етіп қалдырған?
- Халықтың талай ғасырлар барысында жасаған материалдық байлығы мен рухани мәдениетін, әдебиетін, ұлттық дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін тіл.Қарияның баласына қалдырған асыл мұрасы- тіл арқылы жететін өнер-білім, мәдениет, ғылым, өткен-кеткен тарих, ата-баба дәстүрі.
 
Тіл туралы халық мақал-мәтелдер:
 
1. Өнер алды- қызыл тіл
2. Сөзден асқан байлық жоқ,
       Тілден асқан жүйрік жоқ
3. Сөз қадірін айтқан білер,
Жол қадірін жортқан білер.
4. Сөз қадірін білмеген,
Өз қадірін білмейді.
                                                
                                           Қазақ тілі
Әр халықтың тілі- өзіне тән қымбатты да қимас қазынасы. Сол сияқты біздің ана тіліміз де – алтындай асылымыз, мөлдір маржанымыз, ғажайып гауһарымыз.
Өткен ғасырда өмір сүрген француз ғалымы А. Жорри де Манси .«Қазақ тілі түркі тілдері ішіндегі ең бір таза тілдердің бірі» деген. Татар ғалымы А. Саади қазақ тілі жөнінде :  «Қазіргі ең таза, ең бай, ең табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған тіл болса, ол да қазақ тілі және қазақ әдебиеті» - деп атап көрсеткен.
 
Мәтіннен тілге қатысты теңеу сөздерді табу. Ғалымдардың қазақ тіліне берген бағаларын еске сақтау. 
Қазіргі таңда қазақ тілінің мәртебесі және қолдану аясы туралы ой-пікірлерін сұрау
 
 
... Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас...-деп, ұлы ақын Абай  сөз құдіретін аса жоғары бағалаған. Сөздің тәрбиелік мәні өте зор . Бір ауыз сөз адамды асқақтатса, бір сөз адамды жасытады,немесе  адамды ұялтып жатады, ал бір сөзбен өз іс-әрекетіне сын көзбен қарауға мәжбүрлейді.   
 
Сыныпты үш топқа бөліп, әр топқа мәтіндерді тарату. Әңгімелердегі негізгі ойды табу,көшіріп жазу,  кейіпкерлердің сезіміне, іс-әрекетіне сөйлеудің   ықпалын түсіндіру.
 
1. «Екі дос»      
2. «Төзім
3. «Алғашқы жауын жауғанша»
 
1-ші топ: Әңгімеде аюды көрген екі достың бірі ауру жоласын тастап кетеді. Жолдасының сұрағына ,»Қиын шақта жолдасын тастап кеткен адаммен дос болма »- деп аю айтты дейді.Қиыншылыққа тастап кеткені үшін  досы осылай ұялтты. 
 
2-ші топ: Екі қыз жидек теріп келе жатады. Шаршамаудың себебін сұраған кезде, екінші қыз «Менің себетімде асыл щөп бар. Оның аты- төзім » дейді. 
Сабырлы қыз өзінің іс-әрекетімен екінші қызға үлгі көрсетті. 
 
3-ші топ: - Сендердің бір плащты екеуің жамылып келулеріңе болатын еді ғой, -деді тәрбиеші. Машаға қарап: -Сендердің достықтарың бірінші жауынға дейін болғаны ма?
Тәрбиеші Машаға ұрысқан жоқ, сөзбен сезіміне әсер етті.Маша өз қылығына ұялды.
 
Дәптермен жұмыс:Ұлағатты сөздер
Адамды екі нәрсе қартайтпайды: бірі-жақсы мінез, екіншісі-жақсы сөз.
                                                                                                           Жүсіп Баласағұни
Айтар сөзді алдымен ойлап ал
                         Қорқыт ата
Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.
                                                                                                             Ғабит Мүсірепов
Сабақты қорытындылау: 
а)  Ең алғашқы адамдар қандайда болмасын бір оқиғалар туралы мәлеметтерді кейінгі ұрпаққа қалай қалдырған?
ә) Ауызша сөйлеудің адамзат қоғамы үшін маңызы қандай?
б) Сөйлеу арқылы біз қандай сезімдерді білдіре аламыз?
в) Ана тілін неліктен қымбат қазынаға теңейді?
Үйге тапсырма: 68-жаттығу . Мәтінге ат қою.   Әңгіме негізінде қысқаша мазмұнын жаз

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мемлекеттік тіл 3- сынып
Тілді сүйсең менше сүй
Тіл байлығы-ел байлығы
Қазақ тілі – ұлттық мәдени, рухани асыл мұра
Тіл туралы түсінік
Тіл тағдыры- ел тағдыры
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мақал-мәтелдер
Ана тілім – асыл қазынам!
"Ана тілің - арың бұл" әдептілік сабағы
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 17818 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык