Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Орыс мектебінде қазақ тілінен ҰБТ сынағына дайындау жолдары


Орыс мектебінде қазақ тілінен ҰБТ сынағына дайындау жолдары

Орыс мектебінде қазақ тілінен ҰБТ сынағына дайындау жолдары

Біз өмір сүріп отырған көп ұлтты елімізде көп тіл меңгерген жеке тұлға қалыптастыру қолғаалынып отыр. Өзің оқытып отырған сынып оқушыларын бірнеше жыл қатарынан білім нәріне сусындатып қана емес, алдағы өмір жолына дайындау, соның ішінде мектептің де, мұғалім мен оқушы мәртебесін арттырар ҰБТ сынағына дайындау жолы – бірден – бір үлкен мәселелердің бірі. Даярлық тобынан бастап алған сыныбыңды мектеп бітіргенше оқыту, пән олимпиадасына дайындау және пән бойынша ҰБТ сынағына дайындау жолы жылдар бойына жалғасу керек. ҰБТ сынағына барар ұзақ жолда пән мұғалімі өз оқушыларын ойлауға, ойлануға және талдап, таңдай білуге дағдыландыратыны сөзсіз. Неден бастау керек? Қалай бастау керек деген сұрақтар мұғалімді ойландыруы мүмкін Ол үшін, әрине, арнайы қосымша, дидактикалық  материалдардың қажеттілігі сөзсіз. Дегенмен, біз оқытып жүрген оқулыққа ештеңе жетпейді. Сондықтан жоғарғы сынып мұғалімі сағат бөлінген соң, сол сыныптың оқулығымен терең танысуы керек.Іс жүзінде орыс мектебінің оқушылары қазақ тілінен өте жоғары ұпай жинап 100% білім сапасын көрсетеді.
 2007 – 2008 оқу жылының қыркүйек айында Б ж ҒМ ұйғарымымен қазақ мектептері орыс тілінен, орыс мектептері қазақ тілінен ҰБТ тапсыратындығы туралы  қаулы қабылданды. Міне, осы жылдан бастап біздің мектептің қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі мұғалімдері аянбай тер төгіп, еңбектерінің жемісін көріп келеді. БҚО ПКБЖИ, қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік кабинеті сол жылы Ғ.Қ.Хасановтың осы тақырып аясында шебер сыныбына пән мұғалімдерін жинады. Өзіне сеніп тапсырылған оқушыларын пән бойынша ҰБТ сынағына қалай дайындау жолын өз бетінше ізденіп, еңбектеніп жүрген мұғалімдерге БҚГА ф.ғ. докторы  Ғабит Қайыржанұлы Хасанов керемет нұсқау берді.  Семинардың тақырыбы: «Лексикалық тақырыптар бойынша МАБ-қа дайындау әдістері». Сонда менің көп көңіл аударғаным, егер оқушы төрт түрлі талдау (синтаксистік, морфологиялық, лексикалық және фонетикалық) жолын меңгерсе білім сапасы да, үлгерім көрсеткіші мен ұпай саны да жоғары болары сөзсіз екен. Сонымен қатар, ҰБТ сынағына дайындау жолы үлкен жүйелі жұмысты талап етеді.
 Сабақтарда да түрлітестердіқолданамыз. Яғни тест дайындау, оғандайындалужәнетапсырумәселелеріндебіразтәжірибе жинақтап қалдық. Жалпы тест атаулыныңмәнісіне тереңірек үңіліп, оның қасиет-ерекшеліктерін парықтап, пайымдауға уақыттыңөзімүмкіндікбергендей. Ал қайтірлікті де оқтын-оқтынсаралап, санаданөткізіп, зерделеп-топшылапотырутірліккеайқындылық пен жаңасерпінбереді. Мектеп оқулықтарының жиі-жиі өзгеріп отыруы көңілге қаяу ұя¬латады және бар қайшылық¬тың төркіні де осында жатыр.
ҰБТ-ның мақсаты - мектеп оқушыларының ішінен жоғары оқу орындарына (ЖОО)  ең білімді жастарды барынша объективті түрде іріктеп алу. Орыс мектебіндегі қазақ тілі пәнінің бағасы жалпы ұпай санына қосылғанменен ЖОО түсу барысында есептелмейтіні белгілі, міне, осындай өздері шаршап негізгі пәндерден дұрыс ұпай жинап ала алмай жүрген оқушыға қазақ тілінен  дұрыс ұпай жина деп шарт қоюдың өзі ауыр екен.  Сондай сәттерде мен мынадай шешім қабылдап, осы бастама арқылы жұмыстандым: Оқушы мен мұғалім арасындағы келіспеушілікті шешу жолдары.
1. Баламен қақтығысқа түскен кезде істі өршітпей тәрбие жұмысын жалғастыра бердім,
2. Оқушымен кеңес жүргізуге уақыт таптым.
3. Қиындықтан шығудың тиімді жолдарын ойластырдым.
4. Баланың арына тимей, оның жағдайын түсінуге тырыстым.
5. Оқушымен әңгіме жүргізу кезінде оның намысын қорлауға, кемітуге, дауысымды көтеруге жол бермеуге тырыстым.
6. Оқушыны түсінетінімді сездіруге тырыстым.
7. Жазалау үшін білім бағасын төмендетпедім.
8. Оқушымен болған оқиғаны құпия сақтадым. Оқушының сыртынан сөз айтсам сенімнен айырылып, оны өзімнен алыстатып алатынымды білдім.
9. Балаға жүрек жылуын аямадым. Үнемі есімімен атаймын.Оқу жылының басында оқушыларды ҰБТ сынағына дайындау үшін пән бойынша кешенді жоспар құрылады. Өзге пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, қосымша сабақтар кестесі құрылады. Әр болжау ҰБТ сынақтарынан соң анықтама жазылады. Бұл анықтамада үлгерім көрсеткіші, білім сапасы және орташа ұпайлар жазылып, оқушылардың пән бойынша жинаған ұпайлары сараланады.Бастапқы білім сапасы мен аралық білім сапасын анықтау жолдары сараланады, сонымен қатар қорытынды білім сапасын тексеру жұмысы да оздырылады. Кейде сыныптарымызға қазақ тілін меңгермеген, бастауыш сыныпта оқымаған немесе сабақ деп есептелмеген мектептерден оқушылар келеді, міне, сол кезде өте қиын. Олар Ресейден қоныс аударып келеді де, тіл білмейді. Олар болжау ҰБТ сынақтарында нұсқадағы сұрақтарды кейде дұрыс түсінбей, «нұқу» әдісін пайдаланып жатады, осындай кейбір нашар оқитын балалардың кесірінен білім сапасы  нашарлап, үлгерім көрсеткіші төмен түсіп кетіп жатады.
Осы ауылда, осы ортада өсіп білім алып келе жатқан жоғары сынып оқушысы мен кеше ғана көшіп келген оралман баланың тілді меңгеру қабілеті екі түрлі.  Осындай жаңадан көшіп келген немесе мектеп ауыстырған баламен жұмыстану үшін төмендегідей жеке жұмыс жоспарын құрдық.
1.Өз бетімен және мұғалім көмегімен тест сауалдарына жауап беру.
2. Оқулықпен жеке жұмыстана білу.
3. Өткен тақырыптарды қайталай білуге уақыт қалдыру.
4. Үй тапсырмасын жіті, толық орындай алу мүмкіндігіне ие болуын қамтамасыз ету.
5. Сабақтан тыс уақытта қиын, күрделі сұрақтардың шешімін бірге таба білуге дағдыландыру.
Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелігі бірлестігінің  әдістемелік тақырыбы:«Оқушылардың танымдық қабілетін интерактивтік оқыту жүйесімен жетілдіріп, жаңа әдіс – тәсілдермен оқыту»Пән бойынша ОЖІБ сынағына дайындау жолында  жүргізілетін іс – шаралар.
2013 – 2014 оқужылы.
р/с Іс – шара атауы. Мерзімі. Орындаушы.
1 ОЖІБ сынағынадайындаубарысынжақсыжолғақоюүшін ә/б отырысындажоспардыбекіту тамыз ә/б жетекшісі.
2 Оқушыларды топқа бөліп,қосымша сабақтар тағайындау. Үнемі Пән мұғалімдері.
3 Сынақкітапшаларынжинақтау үнемі Пән мұғалімдері.
4 Мектепәкімшілігіменкелісежұмыстану. үнемі Пән мұғалімдері.
5 Болжау ОЖІБ сынағыныңқорытындысыншығарыпесептеу. Үнемі Пән мұғалімдері.
6 Пәнбойыншақиындықтуғызатынсұрақтарды талқылау. Үнемі Пән мұғалімдері.
7 Оқушыларғажиікөмеккөрсетіп, қолдапотыру. Үнемі Пән мұғалімдері.
8 Мектепкітапханасыменбірлесежұмыстану. Үнемі Пән мұғалімдері.
9 Оқушылардың қосымша сабаққақатысуынқамтамасызету. үнемі Пән мұғалімдері.
10 Өзгепәнмұғалімдеріменбірігежұмысжүргізу. Үнемі Пән мұғалімдері.
11 «Ақ бота» танымдықолимпиадасынақатыстыру. уақытында Пән мұғалімдері
12 Қашықтаноқытуолимпиадасынақатысу уақытында Пән мұғалімдері
13 Мектепішілікжәнеаудандықпәнолимпиадаларынақатыстыру уақытында Пән мұғалімдері
Пән бойынша ҰБТ сынағына дайындау жолында жүргізілетін іс – шаралар2013 – 2014 оқу жылы.
р/с Іс – шара атауы. Мерзімі. Орындаушы.
1 ҰБТ сынағына дайындау барысын жақсы жолға қою үшін ә/б отырысында жоспарды бекіту тамыз ә/б жетекшісі.
2 Оқушыларды топқа бөліп,қосымша сабақтар тағайындау. Үнемі Пән мұғалімдері.
3 Сынақкітапшаларынжинақтау үнемі Пән мұғалімдері.
4 Мектепәкімшілігіменкелісежұмыстану. үнемі Пән мұғалімдері.
5 Болжау ҰБТ сынағыныңқорытындысыншығарыпесептеу. үнемі Пән мұғалімдері.
6 Пәнбойыншақиындықтуғызатынсұрақтарды талқылау. Үнемі Пән мұғалімдері.
7 Оқушыларғажиікөмеккөрсетіп, қолдапотыру. Үнемі Пән мұғалімдері.
8 Мектепкітапханасыменбірлесежұмыстану. үнемі Пән мұғалімдері.
9 Оқушылардың қосымша сабаққақатысуынқамтамасызету. үнемі Пән мұғалімдері.
10 Өзгепәнмұғалімдеріменбірігежұмысжүргізу. үнемі Пән мұғалімдері.
Сіздердің көңілдеріңізге қазақ тілі пәнінен нашар оқитын оқушылармен жүргізілер жұмыс түрлерін ұсынғым келеді.   Білім сапасын жетілдіру жолында бастапқы, аралық және қорытынды тест сынақтары оздырылып, ҰБТ сынағына дайындық жұмысы жүргізілді. ҰБТ сынағына пән бойынша дайындық қызу жүргізіліп, білім сапасы 100%, орташа ұпай 22,% құрады.
Жүргізілер жұмыс түрлері.
 
ҰБТ сынағындатөменұпайжинайтыноқушылардыанықтау.
Пәнбойыншаболжау ҰБТ сынақтарын жүргізу.
 Тест кітапшаларыменжекежұмыстану
Мектепоқулығыменжұмыстану
Үйтапсырмасыныңжітіорындалуынакөңілаудару. 
Тілдамытужұмысынжиі ұйымдастыру.
A)  Тақырыпбойыншаөзпікірінбілдіреалуы
Б)  Өзініңкөзқарасының қалыптасуы
B) Осы тақырыптарғамысалкелтіреалуы.
Оқушының  бағалануы, тоқсандық және жылдық бағасы.
 
Оқушының ҰБТ сынағынадайындалубарысынқадағалаумақсатындаата – аналарменжұмыс.
ҰБТ сынағына дайындық. (тәжірибеден) 
11 – сынып оқушыларын ҰБТ сынағына дайындау барысында кешенді іс – шаралар жүзеге асады.
1) Әр ҰБТ сынағының қорытындысы шығарылады;
2) Жазу мәдениетіне көңіл аударылады; 
3) Өзін – өзі тексеру жұмысы жүзеге асады; 
4) Әр жылдарға арналған сынақ кітапшаларымен жұмыс жасайды және кітапша соңындағы жауаптар арқылы тексереді; 
5) Өз қатесін өзі тауып, қорытындылайды, осындай сұрақтарға қосымша жауап береді; 
6) Күрделі, қиын сұрақтарды мұғалім көмегімен шешіп түсінеді.
Әр тест сынағынан соң жіберілген қателермен жұмыс жасалып топтық және жеке жұмыстар жүргізіледі.
Соңғы 3 жылда пән бойынша оқу жылының  қорытындысы.
Оқу жылы Білім сапасы Үлгерім көрсеткіші. Орташа ұпай 
2010 – 2011 79 100 3,9
2011 – 2012 80 100 3,9
2012 – 2013 80 100 4
Соңғы 3 жылда пән бойынша ҰБТ сынағынын қорытындысы.
Оқу жылы Білім сапасы Балл бойынша орташа ұпай 
2010 – 20011 100 19,2
2011 – 2012 99 18,2
2012 – 2013 100 21,3
       Қазақ тілі және әдебиеті пәндері бойынша білім сапасы жыл соңында үнемі 100%  құрайды. Қазақ тілі пәнінен ҰБТ сынағын жоғарғы деңгейде көрсетіп жүр.   Жыл барысында пән бірлестігіне АББ әдістемелік кабинеті әдіскері қарамағынан бірнеше рет әдістемелік көмек көрсетілді. ҰБТ сынағына 16 оқушы қатысып, өздерінің пән бойынша білімдерін көрсетті. Орташа ұпай 21,9%, Білім көрсеткіші 100%. Осы оқу жылында пән бойынша интернет олимпиадаға қатыстық.
ҰБТ сынағына дайындау барысы тек қана тест сауалдарын жауап беру деген сөз емес, жыл басында қаралған, талданған, бекітілген тақырыптық – күнтізбелік жоспарымызға сәйкес жұмысымызды жүргіземіз, мәтін оқып, аударып, талдап, сұрақтарға жауап беріп, жаттығулар орындаймыз. Оқулықта берілген мәтінді оқу, талдау, аудару жұмыстары арқылы оқушының ойлау, сөйлеу қабілеті артады.
Төрт түрлі талдау жолын терең түсінген оқушы 25 сұрақтан 25 жауап алары сөзсіз.
Мысалы: Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін олимпиадалық қозғалыстарды олан әрі өркендету үшін Ұлттық олимпиадалық комитет құрылды (Қазақ тілі оқулығы 162б)  Осы сөйлемге төрт түрлі талдау жасап көрейік
1 – талдау синтаксистік талдау.
2 – талдау морфологиялық талдау.
3 – талдау лексикалық талдау. 
4 – фонетикалық талдау.
 
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін олимпиадалық қозғалыстарды олан әрі өркендету үшін Ұлттық олимпиадалық комитет құрылды
Өркендету – жаңарту, жалғастыру, дамыту т.б. Ал, осы жерде қосымша сұрақтар қоюға болады. Мысалы, тест сауалдарында спорт туралы қандай сұрақтар кездесті?
Жақсылық Үшкемпіров, Серік Қонақбаев, Бекзат Саттарханов сияқты спорт саңлақтары туралы білгендерін ортаға салуға болады.
Міне, осылай мәтінде берілген әр сөйлемді талдау және аудару арқылы оқушының қазақ тілі пәнінен білім сапасын көтеруге болады. Талдау барысында көбінесе лексика саласына көп көңіл бөлінеді. Себебі, тест сауалдарында синоним, антоним және омоним болатын сөздерге сұрақтар жиі кездеседі.
 
Қазақ тілінде тоғыз сөз табы болса, сол тоғыз сөз табын есте сақтау үшін морфологиялық талдау жүргіземіз.
Еліміз – з.е, тәу ж көпше түрі 1 – ж.
тәуелсіздік  - з е. 
Алғаннан – ет, есімше, жс.
 кейін  - септеулік шылау.
Олимпиадалық – з е . сын есім тудырып тұрған жұрнақ
 Қозғалыстарды – з е. К ж. Тс ж
 Одан – есімдік, шығыс септігі
 Әрі –шылау
 өркендету үшін – 
 Ұлттық – сын есім,
 олимпиадалық комитет – 
 құрылды – етістік, етіс, 
 
Мектеп бағдарламасында кездесетін барлық тақырыптарды қамтуға тырысамыз.
Сонда байқайтыным:
-  мектеп бітіруші түлек тіл білімі жөнінде білімі ауқымды ма?
-  қазақ тілінің негізгі түпкі мәселелерін түсіндіме? 
-  мәтінді өз бетімен оқып аудара алама немесе мәтін мазмұнын аша алама?
-  тіл байлығы, сөйлеу және  сауатты жазу мәдениеті арттыма?
Үй тапсырмасының күнделікті мұқият орындалуы міндетті.
 
Сабақ үстінде жаттығулар орындалып, талданып, қорытындылау үйге тапсырылады. Әр оқушыға кейде жеке кейде жалпы үй тапсырмасы жүктеліп келесі сабақта тексеріледі.
 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің білім сапасының көрсеткіші
 
Пән бірлестігі мұғалімдері жыл барысында бірлестіктің әдістемелік тақырыбына сәйкес сабақ жоспарларын құрып, сынып сағаттарын, сыныптан тыс іс – шараларын ұйымдастырды. №1 Федоров жалпы білім беретін орта мектебінде қазақ тілі және әдебиеті пәндері бірлестігінің мұғалімдері өзге тіл мамандарымен бірлесе отырып 22 – қыркүйек «Тілдер мерекесі» күнін атап өтті. Осы игі іс барысында :
Іс – шара атауы Мерзімі Қатысқан сыныптар. Ұйымдастырушы 
«Мемлекеттік тіл – менің тілім» сайыс сабақ 22. 09. 2012ж 9 – 11 сыныптар. Пернебекова АС Даулетбекова Ш М
Шагиева Н Т
Тілдер күніне орай «ҚР Тілдер күні» жаргазеттер байқауы.
18 – 22. 09
7 – 8 сыныптар. Пән мұғалімдері 
Көркемсөз оқу сайысы 21.09. 3 - 4 сыныптар. Пән мұғалімдері 
Шығармалар сайысы. 5 – 6 сыныптар. Пән мұғалімдері 
 
   Білім сапасын жетілдіру жолында бастапқы, аралық және қорытынды тест сынақтары оздырылып, ҰБТ сынағына дайындық жұмысы жүргізілді. ҰБТ сынағына пән бойынша дайындық қызу жүргізіліп, білім сапасы 100%, орташа ұпай 22,% құрады.
  Мектебіміздегі жыл сайын оқу жылының басында ұйымдастырылатын «Ең үздік әдістемелік жоба» атты әдістемелік бірлестіктер сайысына қатысып, мақтау қағазына ие болдық. Бұл сайысқа әдістемелік бірлестік мүшелері бірлестік жетекшісімен бірге «Ұлы аталған көзінің тірісінде» деген жобамен шықты. Өз бірлестігінің ауызбіршілігін, ынтымақтығын көрсете білген әдістемелік бірлестіктердің алдына шыққан бірлестік ұстаздары жыл бойы бекітілген жобамен жоспарға сәйкес жұмыстанды. Жыл барысында Ш.М.Даулетбекова  Кембридж университетінің әдістемесін оқытатын үш айлық курстан өтті.  Сонымен қатар, барлық пән мұғалімдері «Биақпараттандыру және Синергетика» технологиясы оқуынан өтіп, сертификат алды. 
     Республикалық  «Ақбота» танымдық  сайысында  8 – сынып оқушылары Жантлеуова А, Никишин А және Сизова Вероника жүлделі орындарға ие болды. Облыстық Білім Департаментінің бұйрығы бойынша аудандық білім бөлімінің нұсқау хатымен аудан мектептерінде белгілі ақын, жерлесіміз Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығына арналған іс – шаралар ұйымдастырылды.  Осындай іс – шаралар біздің мектепте де, қазақ тілі мамандарының жетегімен ұйымдастырылды. Бастауыш сынып мектептегі саз пәні маманымен бірлесе отырып ақын сөздеріне жазылған әндерді шырқаса, орта буын оқушылары Қадыр ақын шығармаларын жатқа оқыды. 9 – 11 сынып оқушылары ақынның өмір жолына және шығармашылық жолына арналған шығармалар сайысына ат салысып қатысты.  Аудан оқушылары арасында оздырылатын пән олимпиадасына оқушыларымыз қатысты.
       Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша онкүндікте жүргізілетін ашық сабақтар мен іс – шаралар жоспары. 2013 – 2014 ож.
Мектебімізде ұйымдастырылатын пән онкүндігі аясындажүргізілетін ашық сабақтар мен іс – шаралар халқымыздың аяулы ұлы, ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмір жолымен және шығармашылығымен таныстыруға бағыттаймыз

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мемлекет аралық бақылауды ұйымдастырудағы мектеп ұжымының іс-әрекетінің желілі кестесі
Сапалы білім берудің негізі – ақпараттық–коммуникациялық технологиялар.
Батық ЖОББМ оқу –әдістемелік жұмысы
Сынып журналдарын тексеру қорытындысы бойынша анықтама.
Оқытудың жаңа инновациялық өзгерістерін енгізу
Жырлайды жүрек
Бурабай кенті Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып бойынша мәліметтер
Қазақ тілімен әдебиет пәні бойынша оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары
Оқу саласындағы драма
Математика пәнінен сыныптан тыс іс-шара
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 6462 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык