Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 2808 |
|
|
|
Көсемшеден өткенді қайталау
Тақырыбы: Көсемшеден өткенді қайталау
Мақсаты: Тапсырмаларды орындау арқылы көсемше тақырыбынан
өткенді еске түсіру, білімдерін пысықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, ептіліктерін
ұштау, еркін сөйлеуге баулу, жылдамдатып ой қорытуға
дағдыландыру.
Тәрбиелік: Достыққа, бірлік пен ынтымақтыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, талдау, ізденушілік, дәлелдеу.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, орыс тілі, тарих.
Сабақтың көрнекілігі: Үлестірмелі қағаздар, тест, Венн диаграммасы.
Қолданылған әдебиеттер: Қазақ тілі оқулық, әдістемелік жинақ,
электрондық оқулық
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру /психологиялық дайындық/
2. Үй тапсырмасы /ой толғау/
3. Суреттеп беріңіз «зымыран сұрақ»
4. Қолданыңыз /тапсырмалар/
5. Дәлелдеңіз «жұмбақ сөз»
6. Саралаңыз /диктант/
7. Салыстырыңыз /Венн диаграммасы/
8. Жинақтаңыз /тест/
II. Үй тапсырмасы Ана – өмірдің шуағы /ой толғау/ 2-3 оқушыдан сұрау.
III. Зымыран сұрақ.
1. Көсемше қандай сөз табының ерекше түрі? /етістік/
2. Көсемше қандай мәндерде жұмсалады? /етістік, үстеу/
3. Көсемше қай кезде үстеу мәнінде қолданылады?
4. Көсемше қандай жұрнақтар арқылы жұмсалады?
5. Көсемшенің қанша түрі бар?
6. Көсемшеге қандай жалғаулар жалғанбайды? /көптік, септік, тәуелдік/
7. Көсемше сөйлемде қандай қызмет атқарады?
8. Көсемшенің қай түрі жүктелмейді?
IV. Қолданыңыз /тапсырмалар/
1 – тапсырма: Көсемшенің жұрнағын жазыңыз.
Ата, сіз отыр . . . тұрыңыз.
Сен ол үйге бар. . . берме.
Ал, шырағым, сөйле. . . бер.
Кәрім сат. . . келді.
Үйге қонақтар кел. . . отыр.
Күзетші ауланы көр. . . шықты.
2 – тапсырма: Етістіктерге көсемшенің жұрнағын жазыңыз.
Қазақстан аумағының ширек бөлігін шөл мен шөлейт ал... жатыр. Қалған бөліктерін таулар, теңіздер мен көлдер ал... жатыр. Қазақстанның ауа райына солтүстіктің суық ауасы мен оңтүстіктің жылы желі әсер ет... турады. Қазақстанның оңтүстігінде көктемгі егіс жүр... жатса, солтүстігінде бұл кезде қарлы боран соғ.... тұрады. Құмды аймақтарда су бол... бермейді.
Мұнда жауын жау... бермейді. Сексеуіл суға бат... кетеді. Орман республика жерінің 3 пайызын ал... жатыр. Көлдер мен өзендерде қаз, үйрек кездес... береді.
3 – тапсырма. Етістіктің түбіріне көсемшенің жұрнағын жалғаңыз.
- Не істе.... отырсың?
- Жаттығуды орында... отырмын.
- Қайда бар... тұрсын?
- Базарға алма сат... тұрмын.
- Сен кел.... ешкім келген жок па?
-Ия, мен тұр.... ешкім келген жоқ.
- Төкен, аялдамада үйге қайт.... тұрсың ба?
- Жоқ, ағамды осында күт.... келдім.
4-тапсырма. Диалогты бос орындарға көсемшенің жұрнағын жазыңыз.
- Жорабай, сен не айт... тұрсың?
- Қазақстан табиғатының алуан түрлі екенін айт... тұрмын.
- Жорабай, картаның қасында не іс... тұрсың?
- Қазақстанның таулары мен қыраттарын көрсет... тұрмын.
- Жорабай, сен Қостанайға бар... қарлы боран соқты ма?
- Иә, мен Қостанайға кел.... қарлы боран соғып тұр.
5-тапсырма. Берілген сұрақтарға дұрыс жауап таңдап,тиісті ұяшыққа орналастырыңыз.
Алтынбек,сен құмға неге келдің?
Мен құмға сексеуілді коргелі келдім.
Әлия, Кәмиланың туған күніне не апарғалы тұрсың?
Кәмиланың туған күніне қызғалдак апарғалы тұрмын.
Қайырбек,Әсет сендер тауға неге бардыңдар?
Біз тауға дәрілік шөп жинағалы бардық.
Әсия, жаңа пәтерге орналасқалы бөлмеңе хош иісті өсімдік өсірдің бе?
Иә, пәтерге орналасқалы хош иісті гүлдерді өсірдім.
Бибінұр базарға не сатқалы барасың?
Базарға тауық сатқалы барамын.
Дәлелдеңіз «ЖҰМБАҚ СӨЗ» /ПОЛИГЛОТ/
Болат қайнауда ...........
Батыр майданда ...........
Ақылды адам арын ............
Сараң адам арын ..............
Ақылды кісі ісіне ..............
Ақымақ кісі күшіне ............
Саралаңыз /диктант/
Бірде Қожанасыр сәлемдескелі бір байдың үйіне барады. Онда қонақ көп екен. Қонақтар шай ішіп отыр екен. Қожанасыр кіріп отырғалы, ешкім оған қарамайды. Қожанасыр үйіне қайтып келеді. Ол әлгі үйге жақсы шапан киіпбарады. Бай енді Қожанасырды төрге шақырып отырғызады. Кесеге қмыз құйып ұсынады. Қожанасыр қымызды ішпейді. Ол «Мен тамақ ішкелі келген жоқпын. Рахмет. Мына шапаным ішсін», - дейді. Бай ұялып, кешірім сұрайды.
Саралаңыз «Венн диаграммасы»
Е с і м ш е К ө с е м ш е
Жинақтаңыз «тест»
Мына көсемшенің қайсысы жіктелмейді?
а) Барып б) Барғалы
ә) Келіп в) Келгелі
Қай сөйлемде көсемше бар?
а) Нағыз тәтті ұйқының шағы еді.
ә) Бас жағынан дарылдай сөйлеген әкесінің даусы оятып жіберді .
б) Сатай көзін қайта жұмды.
в) Үйдің іші әлі қараңғы екен.
Көсемшенің жұрнағы қайсы?
а) –лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер.
ә) –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе.
б) –қан, -кен,-ған, -ген.
в) –а, -е, -й, -ып, -іп, -п.
Көсемше қандай қызмет атқарып тұр?
Самат ағасының келгеніне қуанып жүр.
а) баяндауыш б) пысықтауыш
ә) анықтауыш в) бастауыш
Қай сөздің құрамында көсемшенің жұрнағы бар?
а) оқитын б) ұялмай
ә) бермес в) айтсын
Көсемшенің жұрнағын табыңыз
а) –лар, -лер, -дар, -дер б) –қыз, -кіз, -ғыз, -гіз
ә) –ғалы, -гелі, -қалы, -келі в) –қан, -кен, -ған, -ген
Етістіктің болжалды келер шақ түрінде тұрған сөзді көрсетіңіз:
а) келеді б) келмейді
ә) келермін в) келіп кетті
Етістіктің жедел өткен шақ түрін табыңыз:
а) баяндалған б) баяндама
ә) баяндалды в) баяндар
Тұйық етістікті табыңыз:
а) барса игі еді б) отыра кетті
ә) оқығысы келеді в) тез келу
Көсемшелі тіркесті табыңыз:
а) айтқан еді б) кеткен еді
ә) барғалы жүр в) көрмес болды
Үйге: Етістіктің түрленуіне және түрлеріне мысал жазу.
Бағалау
Жүсіп Баласағұнның
«Біле бер қанша білсең, тағы тіле.
Жетерсің мақсатыңа біле - біле» - деп сабағымызды қорытындылаймыз.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |