Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Әуезов, Қараш- қараш оқиғасы


Әуезов, Қараш- қараш оқиғасы

Сабақтың тақырыбы: М Әуезов, Қараш- қараш оқиғасы

Сабақтың мақсаты 
1.Білімділік: М. Әуезовтың шығармашылығы жайлы алған теориялық білімдерін оқушы есінде қайта жаңғыртып, тереңдете түсу.
2.Дамытушылық:  алған білімдерін әр түрлі тапсырмалар арқылы жүйелеу, балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.
 3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге тәрбиелеу
 Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, карточкалар  т.б.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  әңгімелеу, өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу Түгелдеу  Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
Жаныс ақынға  жаттау сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру
 
Туған жері — бұрынғы Семей уезінің Шыңғыс болысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы).
       Әкесі Омархан мен атасы Әуез сауатты кісілер болған. Мұхтар атасының қолында өскен. Атасы Әуез бен әжесі Дінасылдың тәрбиесінде болған бала Мұхтардың алғаш сауатын ашушы да атасы. Соның арқасында ол алты жасынан Абайдың өлеңдерін ауылдастарына жатқа оқып беретіндей дәрежеге жетеді.
       1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан орыс мектебінің дайындық курсына ауысады.
        1910 жылы бес кластық орыс училищесіне түседі. Осы жерде оқып жүріп «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.
         1915 жылы Семей қалалық мұғалімдер семинариясына қабылданады. Оқып жүргенде Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастаны негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде тіркестіріп тіккен киіз үй сахнасына шығарады.
         1918 жылы М.Әуезов Семей қаласының өкілі ретінде Омбы қаласында өткен жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Құрылтайда «Алашорда» үкіметі мен Алаш қозғалысының бағытын ұстанған «Жас азамат» атты Бүкілқазақстандық жастар ұйымы құрылады. Ұйымның белсенді мүшесі бола жүріп, «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығаруға (Ж. Аймауытовпен бірге) атсалысады.
       1919 жылы — Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің қызметкері, 1920 жылдың ақпанынан бөлім меңгерушісі. «Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады.
 
1921 жылы Семей облревкомының төралқа мүшесі, атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарады. 1921 жылғы қараша айында Қазақ АКСР-і ОАК-нің төралқа мүшелігіне сайланып, онда саяси хатшы міндетін атқарып, кадр мәселесімен айналысады. Мұхаңның «Еңбекші қазақ» газетіне басшылық жасайтын тұсы да осы кезеңмен дәлме-дәл келеді.
       Бір қыс Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінде, төрт жыл Ленинград университетінде оқып, филология факультетін бітіреді. Сол жылы Орта Азия университетінің Шығыс факультетінің жанындағы аспирантурада оқиды.
       Ұлттық теңсіздік пен сауатсыздықты, аштықты жою жөніндегі ашық пікірі мен шығармалары үшін «ұлтшыл, алашордашыл» атанып, саяси сахнадан шеттету басталған тұста Мұхаң бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысуға көшеді. Ғылыми жұмыстарды да қолға алады.
    1930 жылы идеялық көзқарасы үшін тұтқынға алынады. Тергеу ұзаққа созылып, 1932 жылғы сәуір айында үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылады. Осы жылғы 10 маусым күнгі «Социалистік Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде М. Әуезовтің «Ашық хаты» жарияланады. Онда Мұхаң өзінің қазақ әдебиетінің тарихы және Абай туралы зерттеулерінен, «Қарагөз», «Еңлік-Кебек», «Хан Кене», «Қилы заман» сияқты шығармаларынан бас тартатынын мәлімдеуге мәжбүр болды. Сонан кейін ғана ол түрмеден босатылып, оқытушылық жұмыспен айналысуға рұқсат алды.
  ІV. Cабақты меңгерту.
1. Бақтығұлдың інісінің өлімі
2. Кек алуы 
3. Сәлмен мен Сәттің озбырлығы
4. Жарасбай болыстың қол астына кетуі
5. Жарасбайдың ауылындағы өмірі
6. Партия әлегі
7. Сәт пен Жарасбайдың достасуы
8. Жарасбайдың жаласы
9. Тау ішіндегі қашқын
10. Қараш-қараш тауындағы торуыл
11. Бақтығұлдың абақтыға жабылуы 
12. Сейітті қасына алуы
 
V. Сабақты қорытындылау
 
            Туған жылы
              Туған жері
              Еңбектері
              Қайтыс болған жылы
VІ.Үйге тапсырма         Мазмұнын айту   компазициялық құрлысына талдау
VІІ.Бағалау

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Құнанбаев Өлең сөздің патшасы
Шәкәрім өмірі мен шығармашылығы
Поэма талдау
Кейіпкерлерге талдау
Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша»
Шерхан Мұртаза, Бесеудің хаты
Жұмаділов, Қаздар қайтып барады
Сүлейменов Арғымақ, Қыз қуу, Махамбетке
Қарауылбек Қазиев Менің шешем
М.Әуезов «Қараш - Қараш оқиғасы» Бақтығұлдың тағдыры
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 2814 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык