Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Өткен шақ және оның түрлері


Өткен шақ және оның түрлері

Сабақтың тақырыбы Өткен шақ және оның түрлері

Жалпы мақсаты Білімділік: Оқушыларға өткен шақ және оның түрлері, жасалу жолдары туралы түсінік беру. Өткен шақтың мағыналық түрлерін бір-бірінен ажырата білуге үйрету, түрлі тапсырмалар беру арқылы өтілген тақырыпты бекіту.
Дамытушылық: Танымдық  қабілеттерін, қайта жаңғыртып есте сақтау   қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, мейрімділікке, кішіпейілдікке, топпен жұмыстана білуге тәрбиелеу.
 
Оқу нәтижелері Тақырыпты толық меңгереді. Сын тұрғысынан ойлай біледі. Жаңа ақпараттарды қабылдайды. Сыныпта жақсы қарым қатынас орнайды. Ойлау, сөйлеу мәдениеті дамиды. Пәнге қызығушылығы, белсенділігі артады.
Түйінді идеялар Сыныпты топқа бөлу арқылы диалогтік оқытуды дамыту. Тақырып барысындағы құндылықтарды анықтап сол құндылықтардың мағынасын ашу арқылы тақырыпты өз бетімен меңгеру. Жаңаша әдіс- тәсілдерді қолдану арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері СТО стратегиялары, АҚТ-ны пайдалану, диалог.
Пәнаралық байланыс Ағылшын тілі, қазақ әдебиеті.
 
Тапсырмалар Мұғалімнің іс-әрекеті
1) Ұйымдастыру
2) Топқа бөлу
3) Қызығушылықты ояту
4) Мағынаны таныту
5) Жаңа тақырыпты өз беттерімен меңгерту
6) Сергіту сәті
7) Ой толғау
8) Бекіту жаттығулары
9) Бағалау Оқушының іс-әрекеті
1) Сұрақ-жауап
2) Жұптық жұмыс
3) Топпен жұмыс
4) Жаңа материалды өз бетімен меңгереді
5) Талдайды
6) Түсінеді
7) Практикада қолдана алады
8) Шығармашылықпен жұмыстанады
 
 
Ұйымдастыру бөлімі
1) Сынып оқушыларын түгелдеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
      2) Сыныпты топқа бөлу: 12 оқушыға 3 шақтағы (осы, келер,өткен) сөйлемдерді жазып оқушыларға суырту арқылы. Оқушылар қағаз қиындыларындағы сөйлемдерді суырып қай шақта тұрғанын анықтайды және де шақтарға бөліну арқылы топтасып отырады.
      3) Өткен сабақты пысықтау. (сұрақ-жауап арқылы)
   Жаңа сабақты түсіндіру
     І Қызығушылықты ояту
       Интерактивті тақтаға оқушыларға өткен шақта тұрған 3 сөйлем беріледі. Оқушылар 3 сөйлемнің үшеуі де өткен шақта тұрағнымен де олардың арасында айырмашылық, ерекшелік барын табуы қажет.       Бірінші сөйлемдегі іс-әрекет жуық арда болғандығын, екінші сөйлемдегі іс-әрекеттің әлдеқайда бұрынырақ болғандығын, келесі сөйлем бір жағынан өткен шақтық, бір жағынан келер шақтық мағына беріп тұрғанын тауып айтады. Осы сөйлемдердегі ерекшеліктерді байқай отырып өткен шақтың да өз ішінен үш түрге бөлінетіндігін айтып жаңа сабақты осы үш шаққа берілген сөйлемдерді талдау арқылы оқушылардың өз беттерімен меңгерту.
     Мағынаны тану кезеңі. Жаңа сабақты түсіну.
Өткен шақ
Жедел өткен шақ Бұрынғы өткен шақ Ауыспалы өткен шақ
1. Асан домбыра тартты.
2. Мен өлең айттым.
3. Сен үйге келмедің 1. Сен мектепті бітіргенсің.
2. Бұл сөзді сонда-ақ естігенмін.
3. Ол өлеңді маған арнаған екен.
1. Асан ауылға жиі баратын.
2. Ауылда біздің жақсы көршіміз болатын.
 
     Оқушылар шақ түрлеріне берілген сөйлемдерді топтарында талдай, талқылай отырып өткен шақ түрлерінің жасалу жолдары бойынша ереже қорытып шығаруы керек. Мысалы: І топта отырған оқушылар жедел өткен шақтың жасалу жолы, ІІ топ оқушылары бұрынғы, ІІІ топ оқушылары ауыспалы өткен шақтың жасалу жолын  түсіндіріп, бүгінгі тақырыпты өз беттерімен меңгеруге дағдыланады.
         2) Оқушыларға тапсырма.
        Топ мүшелеріне 3 түрлі мәтін таратылып беріледі. 
Тапсырма: 1. Берілген мәтіндерді өз беттерімен оқу жұпта, топта талқылап келесі топ мүшелеріне түсіндіру. 
2. Мәтінде берілген етістіктерді тауып, шақ түрлеріне өткен шақ түрлеріне ажыратып көрсету, жасалу жолын түсіндіру.
3. Мәтінде берілген сөйлемдерге грамматикалық (морфологиялық ) талдау жасау.
Сергіту сәті. Оқушыларды ортаға шығарып, шақ түрлерін мысалға ала отырып түрлі дене жаттығуларын орындау. Мысалы осы шақ дегенде оқушы қолын алға созады, келер шақ дегенде қолдарын жоғары көтереді, өткен шақ дегенде қоларын түсіреді. Осы бағытта оқушылар тез тез қимылдау қажет. Шатасқан оқушы ойыннан шығады.
Ой толғаныс кезеңі. Шығармашылықпен жұмыс.
Оқушылар «Баяғы өткен заманда ...» деп басталатын сөйлемді жалғастырып өз ойларынан ертегі, әңгіме құруы керек.
Бағалау.
Сабақтың басында топтарға бағалау парақшалары таратылып берілген болатын және де бағалау критерилері түсіндірілген болатын. Сабақтың барысында оқушының сабаққа қатысына қарай отырып топ мүшелерін таңдап алған топ басышысы бағалауы қажет. Сабақтың соңында бағалау парақшалары жиналып алынады. Сол бойынша оқушылар бағаланады.
Кейінгі оқу.
Үй тапсырмасы.
Оқушылардың деңгейіне қарай 3 деңгейлі тапсырма беру.
І деңгей. Өткен шақтың мағыналық түрлеріне бірнеше мысал жазып келу.
ІІ деңгей. Көркем шығармалардан өткен шақтық мағынада тұрған сөйлемдер теріп жазып келу, жасалу жолдарын түсіндіру. Кімнің шығармасынан алынғанын және де  шығарманың мазмұнын қысқаша айтып беру.
ІІІ деңгей. Өткен шақтық мағынада шағын әңгіме, мәтін құрастырып келу.
 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Астана-Қазақстанның бас қаласы
Етістіктің шақтары
Жедел өткен шақты қайталау
Сыйлық берілетін қуаныштар
Кезектес салалас
Етістіктің шақтары. Осы шақ
Етістік шақтары
Көктемгі жұмыс. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс
Құс шаруашылығы ашық сабақ
Етістік шақтарын қайталау
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 13893 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык