Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Алтын киімді адам


Алтын киімді адам

Сабақтың тақырыбы Алтын киімді адам

Сабақтың мақсаты.
• Білімділік: Сақ дәуіріне жататын археологиялық ескерткіштерді сипаттай отырып, материалды, рухани мәдениеттің көрсеткіші - өнер туындыларымен сақтардың мәдени-экономикалык даму дәрежесінің белгісі ретінде таныстыру.
• Дамытушылық: Картаның көмегімен сак дәуіріне катысты ескерткіштердің таралған аумағымен танысу, тарихи-мәдени ескерткіштер негізінде сактардың экономикалық, мәдени даму дәрежесін бағалап, талдап, ой қорыта білуге, ізденуге үйрету.
• Тәрбиелік: Сақтардың рухани және материалдық мәдениет ескерткіштеріне сүйене отырып, оқушыларды мәдениетті сүйіп, құрметтеуге, мәдениеттің адам өмірінде алатын маңызын түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, география
Көрнекілік: Сак қорғандарына жүргізілген экспедициялы жұмыстардың картасы. Сақтардың мәдениетін сипаттайтын зергерлік өнер туындыларының суреті.
Сабақтың барысы: I. Үйымдастыру кезеңі. 
                                II. Үй тапсырмасы
     Тақырыптың соңындағы мына сұрақ тапсырмаларға сүйене отырып сыныптың сабақка дайындығын тексеріп шығамын.
1.Тарих атасы Геродоттың жазбаларында сақтардың жауынгерлігі қалай бейнеленген?
2. Отаншылдық, ұлтжандылық деген сөздерді калай түсінесіңдер?
3. Шырактың ерлігі туралы қысқаша әңгімелеп беріңдер.
4. Парсылармен бірге одак кұрып, сақтар қандай елдерге жорық жасады, сол мемлекеттердін аумағын картадан белгілендер.
5. Сақтарға катысты тақырыптың мәтіндерін пайдалана отырып, жасалған хронологиялық ретпен тарихи оқиғаларды баяндап шығыңдар.
Төмендегі тапсырманы орындаңдар: Бұлар кімдер?
Кир- .....................................................................................
Томирис -.............................................................................
Спаргапис -..........................................................................
Ескендір Зұлкарнайын -......................................................
Зарина- ................................................................................
Жаңа сабақтың жоспары:
1.   Есік қорғаны.
2. «Алтын киімді адам».
Бүгінгі тақырыбымыз бұрынғы сабақтарда өткен сактар тарихының жүйелі жалғасы екендігі, «ерте көшпелілер дәуірі» деген атпен белгілі бұл дәуірдің басты ерекшеліктерін, оның Қазақстан тарихында алатьш орнын айта келіп, окушылардың танымын жаңа арнаға бағыттаймын. Көрнекі құралдар арқылы оқушы назарын жаңа сабақка аударып, олардың тақырыпка қызығушылығын тудыруға күш саламын.
Сақ коғамы мәдениетінің даму дәрежесі көрсеткіші ретінде сак дәуірінің өнер туындыларын оқытқанда  төмендегі негізгі міндеттерді басшылыкка аламын:
• сактардың жерлеу дәстүрі,
• сактардың өнер туындыларының стильдік ерекшелігі,
• өнер туындылары негізінде сактардың дүниетанымын керсету.
Бұл такырыпты өткенде , сактардың өнер туындыларының ең бір тамаша куәгері - «Алтын киімді адам» көне заманның теңдесі жоқ жәдігері деп атап, оны зерттеп тапкан белгілі ғалым, археолог К. Ақышевтің еңбек жолымен таныстырып, «Алтын киімді адамның» табылу тарихына токталып кетемін. Окушылардың үйден жинастырып, дайындап келген суреттерін пайдалана отырып, сақ өнерінің стильдік ерекшеліктерін сипаттаймын. «Алтын киімді адамға» окулыкта берілген сипаттаманы оқи отырып, оны суреттен тауып алуға әрекеттендіремін. Бұл оқушыларды байқағыштыкка икемдейді. Одан кейін  қазіргі таңда осы «Алтын киімді адам» бейнесі Қазақстанның егемендігінің символына айналып, Республика алаңында ұлттығымызды асқақтатып тұр. Ал сак жауынгерінің бөркінде бейнеленген қанатты тұлпарлар біздің тәуелсіз Қазақстанымыздың Елтаңбасынан орын табуына сендер қандай баға беріп, ой корытындылайсыңдар деп оқушылардың өздеріне сұрақ қоямын. Оқушылардың көзбен көріп, есте сақтау қабілетін дамыту үшін төмендегі тапсырма орындалады.
       1-тапсырма. Сақ өнері мен мәдениетінің даму дәрежесін көрсететін колөнер жөне зергерлік бұйымдарының суретін сал.
  Сабақты бекіту мақсатында   окушыларға мынандай сұрақтар қойып шығамын.
1. «Алтын киімді» адам кай жерден табылды?
2. «Алтын киімді» адамды тапқан белгілі ғалым-археолог кім?
3. Сақ жауынгері мүрдесі басы кай жакка каратылып жерленген?
4. Қабірдің қай бөлігінен ыдыстар, зергерлік бүйымдар табылды?
5. «Алтын киімді адам» қанша алтын әшекейлермен жабдықталған?
6. Қабірден табылған қолөнер заттары қандай стильде бейнеленген?
7. Сақтардың беліне бекітіп жүретін канжары калай аталады?
8. «Алтын киімді адамның» жанынан табылған күміс тостағанда не бейнеленген?
9. Сақ жауынгерінің бас киімінде не бейнеленген? 
Қорытындылау: Сақ қоғамының бізге жеткен өнер туындыларын көрсетіп, сақтардың қолжеткен жетістіктерін қалайша бағалайсыңдар деп оқушылардың өздеріне сабақты қорытындылатамын.
Бағалау:
Үйге тапсырма. 18-параграфты оқып, қосымша деректер жазып келуге тапсырма беру.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сақтардың қоғамдық құрылысы және мәдениеті
Орталық Қазақстандағы сақтар
Сақтардың қоғамдық құрылымы және идеологиясы
Сақтардың мәдениеті
Сақтар
Сақ патшалары. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Қайталау
Мөде- Ғұн мемлекетінің негізін қалаушы
Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сақтар
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 13011 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык