Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 2910 |
|
|
|
Сауда, Жәрмеңке
Сабақтың тақырыбы: Сауда, Жәрмеңке
Сабақтың түрі: аралас ( І кезең – 5 минут; ІІ кезең - 25 минут; ІІІ кезең – 15 минут)
1. Сабақтың мақсаты:
білімділік: Қазақстан территориясындағы сауда мен жәрмеңкенің тарихта алар орнын, мәдени байланыстарын, әлеуметтік-экономикалық жағдайға тигізген әсерін меңгерту
тәрбиелік: Өз бетінше дербес жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылу үшін білім бәсекесіне түсуіне, тарихи фактілерді жаттауға, ой қорыта алуға, сонымен қатар, тақырыпты меңгерте отырып, оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
дамытушылык: әрбір оқушының үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп отындауына жағдай жасау арқылы оның қабілетіне сәйкес жеке құзырлылығын дамыту
2. Сабақтың мазмұны: І-ІІІ кезеңдік тапсырмалар ( төменде оқушының жұмыс дәптерінде және мұғалімге арналған жауаптар – кілтінде берілген)
3. Сабақтың әдіс-тәсілі: І кезеңде – сұрақ – жауап, миға шабуыл; ІІ кезеңде – а) оқулықпен өз бетімен іздену әдісі; б) практикада бекіту әдісі; ІІІ кезеңде - үшдеңгейлік тапсырмаларды өз бетімен біртіндеп орындату арқылы бағалау әдістері.
4. Формасы: І кезеңде- фронтальды, жеке; ІІ кезеңде- а) топтық; б) фронтальды; в) ұжымдық, ІІІ кезеңде-жеке.
5. Көрнекіліктер: І кезеңде – on – line тақтасы,жұмыс дәптері, тақтадағы “ашық журнал”, мұғалім мен оқушылардың жеке журналдары; ІІ кезеңде - а ) оқулық; слайдтар, б) оқулық, жұмыс дәптері; в) оқулық, жұмыс дәптері, тақта, бор. ІІІ кезеңде – жұмыс дәптері, тақтадағы “ашық журнал”, мұғалім мен оқушылардың жеке журналдары.
Сабақтың өту барысы:
І кезеңде: а) ұйымдастыру; б) үй тапсырмасын тексеріп тақтадағы ашық журналға белгілеу; в) “ көпір тапсырмаларын ” тексеру.
ІІ кезеңде: а) оқушылардың топта өз бетімен жұмыс дәптерінде берілген жетелеуші тапсырмаларға оқулықтан жауап іздеуі. Мұғалімнің тақтадағы “ашық журналдағы” алдында өткен тақырып бойынша жиналған жалпы ұпай санын өзінің жеке журналына және сынып журналына баға түрінде тіркеуі.
б) мұғалімнің көмегімен Қазақстан жеріне казак әскерлерінің қоныстану ерекшеліктері туралы дискуссия жүргізу;
в) тақтамен, оқулықпен жеке жұмыс.
ІІІ кезеңде – дұрыс орындалған деңгейлік тапсырмаларды мұғалімнің тексеруінен кейін оқушылардың өзіне тақтадағы “ашық журналға” белгілетіп отыру, жиған алғашқы ұпайларын қорыту, оларды оқушылардың жеке журналдарына тіркету және қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келуге беру. Үшдеңгейді толық орындаған оқушыға төртінші деңгейдің олимпиадалық немесе ғылыми жобадан фрагмент тапсырмаларын беру. Қосымша, келесі тақырыптың бірінші кезеңіндегі “ көпір тапсырмаларын ” орындап келуге беру.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |