Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жай және күрделі гүлшоғырлармен танысу


Жай және күрделі гүлшоғырлармен танысу

Жай және күрделі гүлшоғырлармен танысу

Көрнекілігі:  күріш масақтары, жүгері собығы, күнбағыс немесе  

                      түймедағы себеті,  сұлы масағы, сәбіздің гүлшоғыры, 
                      мия гүлшоғырлары, асбұршақ, жолжелкен, балдырған
                      гүлшоғыры және т.б.  

Орындалатын тапсырмалар

1) Алдымен алдарыңа үлестірілген гүлшоғыр түрінің кеппешөбін жай және күрделі гүлшоғырға бөліп алу.
2) Жай гүлшоғырлардың түрлерін талдап өсімдіктің атын жазып оқулықтағы суретпен салыстыру, суретін салу.
3) Күрделі гүлшоғырлардың түрлерімен танысу, талдау, өсімдіктің атын білу, жай гүлшоғырларына ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарау.        

Ой дамыту
Танымдық ойындар
     «Гүл-дүние көркі» десек қателеспейміз. Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар. Олар адамға үлкен пайда келтіреді. Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды. Энергия бөледі. Әр адамның өзінің сүйікті гүлі болады. Гүл адамды эстетикалық ляззатқа бөледі. Қазақ халқы қызды гүлге теңеген. Жақсылықта гүл силау-үлкен құрметтің белгісі.
Гүлдер, гүлдер. Көп гүлдер,                                    
Қызыл гүлдер, көк гүлдер.
Жайнар кезім келді деп
Қанаттарын желбіреп,
Таңмен бірге оянып
Күн нұрына боянып
Көрік берген далаға.
Гүлдер, гүлдер не түрлі,
Құлпырды да жетілді.
Барлық дала өртеніп,
Бара жатқан секілді.
Өрт дегенім гүл екен,
Отқа ұқсап тұр екен.
Лүпіл қағып жүрегім
Үзіп алдым біреуін
 Силайын деп анама.
 Гүлдер, гүлдер шоқ гүлдер,
Қызыл гүлдер, көк гүлдер.
Тұра берші ырғалып,
Тұра берші нұрланып.
Сол тұрғаның ұнайды,
Құлпырғаның ұнайды,
Ұқсап сәби балаға.                        Т. Молдағалиев.
Кім білмес қыр аруы қызғалдақты,
Өң беріп көркейтеміз әрбір бақты.
Сәні деп өмірімнің, көңілімнің,
Сый етіп, мені жігіт қызға арнапты.       
                                                           Оразақын Асқар.
    Сауалнама ( ашық сабаққа қатысып отырған ұстаздармен сауалнама                   жүргізіледі)
- Сіз қандай түсті гүлді ұнатасыз?

     Қызыл – белсенділік пен өмірлік күш қуаттың белгісі. Бұл түсті батыл, табанды, ерік  жігерлі  адамдар  ұнатады. Олар қызба, әсершіл, қызу қанды келеді. Негізінен олар жетекшілер.  
     Қызғылт – жалынның түсі ,негізінен  ол адамдар ыстық қанды болып келеді. Олар жарқын,   айрықша адамдар.  Көптің ішінде ерекшеленіп тұрады. Жұрттың назарын өзіне  аударып алады. Алға қойған мақсаттарына жету жолында өмірлерін қиюға әзір.
      Сары- жылу мен жарықтың түсі. Бұл адамдар көпшіл, достыққа берік,                                                                                                                           еркіндікке талпынғыш. Ол бәрінен де өз еркіндігін биік қойып, әр түрлі шектеулерді жек көреді. Көңіл күй тез  өзгергіш, оптимист адам.  
     Алқызыл- нәзік жанды ұяң жандардың түсі. Осындай адамдар туралы жұрт өмірдің тек жақсы,  жарқын жақтарын ғана елеп ескеріп, қараңғы тұстарын ескергісі келмейді. Аузын ашса жүрегі көрінетін кіршіксіз, табиғи болмысты биязы және әдемі заттар  мен    жайлылықты сүйетін адам. Оған сезімталдық нық сенімділік қасиеттері де тән.
      Ақ – шаттықтың түсі ақ түсті ұнататындар өте әсершіл қызба келеді, тез еліктегіш. Мұндай  адамдар кейде өзінің ықпалында қалады, кейде ол өзгенің ықпалында да кетеді. Оларға өздерін  демеп бағыттап отыратын сенімді достар ауадай қажет. 

       Көк – адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынасты ең жоғары бағалайтын             адамдар. Олар достықты бағалап, ал махаббатты бәрінен жоғары қояды.  Олар зұлымдықты, салқынқандықты, араздықты ұнатпайтын ақтілекті жандар. 

Қорытынды: сонымен балалар   бүгінгі біз гүлшоғырлары мен олардың биологиялық маңызы тақырыбын өттік. Табиғатта гүлдердің түрлері өте көп, олар саналуан. Гүлдер бізді әсемдікке ізгілікке тәрбиелейді. Елбасының халыққа жолдаған « Жасыл ел» бағдарламасын орындау жолында өз үлесімізді қосуымыз қажет. Ол үшін сыныптағы бөлме өсімдіктерін күтіп баптап, аялап отыруымыз керек. Мектеп, өз үйіміздің айналасын көкаландыру жасыл желекке айналдыруға ат салысу бәріміздің парызымыз


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жыл мезгілдері өлеңдері
«Гүлдер біздің сәніміз»
Чайзада Ақтолқынның тырнақалды туындылары.
Мерекеңмен анашым
Қосжынысты және дара жынысты гүлдер
Өсімдіктер бөлімін қорытындылау
Витаминдер (дәрумендер)
ГҮЛДЕР АЙТЫСЫ сайыс сабағы
Көрікті көктем ашық сабақ
Қолғабыс.
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 3353 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык