Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Зат алмасу және жасушада энергияның өзгеруі


Зат алмасу және жасушада энергияның өзгеруі

Тақырыбы: Зат алмасу және жасушада энергияның өзгеруі

Тірі жүйелердегі зат және энергия алмасу типтері, Тыныс алудың кезеңдері, Фотосинтез.
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға зат алмасу, тыныс алу кезеңдерін, фотосинтез процесін түсіндіру.
ә) Оқушыларды тазалыққа, ізденіске, табиғатты сүюге тәрбиелеу
б) Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезең
2.Үй тапсырмасын сұрау
3.Жаңа сабақ
4.Бекіту
5.Үйге тапсырма беру
6.Бағалау 
Ұйымдастыру кезеңі:
Үй тапсырмасын сұрау:
Жаңа сабақ.
Метаболизм-зат алмасу ұғымы, химиялық құрам бөліктердің алмасуын, сондай ақ энергияны түрлетіп, энергияны түрлетіп, өзара өзгертуді қамтиды. 
 
 
Тынысалудың кезендері.
          Ағзаларда диссимиляция үдерісі түрлі түрлі болып ажыратылады. Олардың бірінде тіршілік әрекеті үшін оттегі қажет, олар-аэробтар. Екіншісі оттексіз ортада өмір сүре алады олар-анаэробтар. 
Тынысалудың жалпы формуласы:             С6 Н12 О2+ О2= СО2 + Н2О +АТФ
Энергетикалық алмасу
Кезең атауы Орны Химиялық өзгерістер Энергетикалық нәтиже
Даярлық Асқорыту жүйесінде және лизосомаларда
(қоректік вакуольде) Қорек заттары құрамбөліктерге және мономерлерге: глюкозаға, аминқышқылдарға, глицериндерге, және май қышқылдарына дейін ыдырайды АТФ-0 молекула
Энергия тек жылу түрінде
Оттексіз Жасушалар
(гликолиз) Глюкоза пирожүзім цитоплазмасы немесе сүт қышқылына дейін ыдырайды АТФ-2 молекула
Оттекті Митохондриялар Гликолиз өнімдерінің О 2 мен өзара әрекеттесуі кезінде СО2+  Н 2 О дейін ыдырайды АТФ-36 молекула 
Сондай- ақ жылу түріндегі энергия 
 
 
Гликолиз үдерісін мынандай сызбанұсқамен жазуға болады:
 
 
Барлық жануарлар және адам өсімдіктер қорға жинаған энергия есебінен өмір сүреді. Мұнда энергияға өзгерген химиялық байланыс жаңадан ағзалық қосылыстарға синтезделеді.
Фотосинтез дегеніміз – жарық энергиясының химиялық байланыстар энергиясына өзгеруі барысындағы үдеріс.
Жарық сатысы тек күндіз,жарықта ғана жүре алады. Бұл сатыда Күн жарығының энергиясы АТФ байланыстарының химиялық энергиясыеа өзгереді.
Қараңғы сатысы. Бұған жарық сатысында түзілген химиялық рекакциялар өнімдері қажет. Ал жарықтың қажеттілігі жоқ. Қараңғы сатысының нәтижесі АТФ энергиясы есебінен атмосфералық СО2 ден глюкоза молекулаларын синтездеу болып есептеледі.
Фотосинтездің жалпы формуласы: 6СО2 +6 Н2О+ жарық = С6Н12О6 +6О2
Фотосинтез факторлары
Ішкі фактор                                        Сыртқы фактор
             Ішкі факторлар бұл өзінің фотосинтездеуші ағзалармен анықталады. Олар, әдетте негізгі генініңде қаланған. Бұл хлоропластардың мөлшері, хлорофилдің саны және типі, өзгеде пигменттерден (мысалы, құрлық өсімдіктерінде қосалқы рөл атқаратын каротиноидтер), ферменттер тиімділігі, жапырақтың мөлшері, пішіні және орналасуына, лептесіктер санының және т.б болады. 
          Сыртқы факторлар қоршаған орта жағдайлармен анықталады. Бұл түсетін жарық  мөлшері, өсімдіктерге  қолайлы  ылғал  мөлшерінің  жеткілікті  болуы,атмосферадағы  көмірқышқыл  газының  концентарциасы   және  қоршаған ауа температурасы. 
Фотосинтез және тыныс алудың өзара байланысы. Бүкіл көпжасушалы ағзалардың жасушасы тәрізді өсімдіктер жасушасының құрамында митохондриялар – аэробты тынысалу жасушалық орталығы болады. Сондықтан өсімдіктің барлық жасушалары тыныс алады және тыныс алу кезінде оттегін жұтады. Тынысалу дегеніміз – бұл фотосинтезге қарама-қарсы үдеріс. Тынысалу кезінде ағзалық қосылыстар ауадағы оттегінің жәрдемімен энергия және көмірқышқыл газ бөліп, тотығады. Тынысалу жасушаның энергетикалық қажеттігін қанағаттандыруы қажет. 
Бекіту:
1. Ғаламшарымыз биосфераның қай үдерісі арқасында сыртқы көздерден энергия алады ?
 2. Ғаламшарымызда қай ағзалардың арқасында тіршілік пайда болады? Өзойларыңды айтып                                                    негіздеңдер.
3. Метоболизм дегеніміз не ?
4. Метоболизм процестері ?
Үйге тапсырма:

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Фотосинтез және оның фазалары
Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі
Фотосинтез
Көпжасушалы жануарлардың тыныс алуы
Өсімдік жасушаларындағы және энергетикалық алмасулардың ерекшеліктері. Фотосинтез
Биология 9-сынып
Популяция-түрлік деңгей. Эволюцияның бастапқы кезеңі
Биология пәнінен оқушыларды ҰБТ-ге дайындаудағы тиімді жолдары
Фотосинтез ашық сабақ
Физика пәнінен формулалар жинағы
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 13082 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык