Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ас қорыту мүшелері


Ас қорыту мүшелері

Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту мүшелері

Білімділік  мақсаты: Ас қорыту мүшелерінің ерекшеліктерін

                                   маңызын, құрамын, қызметін, құрылысын

                                   түсіндіру.

Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың асқорыту мүшелерінің

                                     ерекшеліктерін көрсетіп, адам өміріндегі

                                     маңызы туралы білу.Оқушылардың білімді

                                     өздігінен меңгеру, кітаппен жұмыс істеу

                                     өз беттерімен талдау қабілетін дамыту

Тәрбиелік мақсаты:   Оқушыларды өзара түсіністікке,  

сыйластыққа,                 ұжымшылдыққа, салауатты өмір салтын                                       қалыптастыруға санитарлық гигиеналық

                                      талаптарды орындауға тәрбиелеу.   

Көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек-сызба, кестелер, түрлі-түсті суреттер.

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпта таныстыру

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, тірек-сызба белгілері,топтық жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

«Топтастыру» стратегиясын пайдаланып І-топқа тағамның құрамы, ІІ-топқа тағамның маңызы сұралды.

Жаңа сабақты түсіндіру:

 тірек-сызба кестелері арқылы

өзіндік жұмыс талдау сұрақтарын талқылау

тапсырмаларды орындау  

Асқорыту мүшелеріне  ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын (асқазан) ашішек, жатады. 

Ауыз қуысы ұрт, қатты және жұмсақ таңдай тіл.

 Ұрттың сыртын бұлшық етпен ерін жауып тұрады. Ішкі жағында қызыл иекпен тістер орналасқан. Ауыз қуысының алдыңғы жағында жақсүйек тістер, артқы жағында аңқа мен көмкерілген. Қатты таңдай ауыз қуысын мұрын қуысынан бөліп тұрады. Жұмсақ таңдай артқы бөлімі жіңішкеріп ұзарып бөбешікпен аяқталады.

Тағам алдымен ауыз қуысында шайналып, сілекеймен араласып жұтылады. Ауыз қуысында тіл орналасқан.Ол көлденең жолақты, бұлшық ет ортасынан тұрады.

Тілдің түбі дөңес кілегейлі шырышты қабықшамен қапталған үстіңгі бетінде түрлі пішінді  дәм сезу емізікшелері бар. Тілдің үшы тәттіні, екі бүйірі қышқылмен тұзды, түбі ащыны сезеді.  Сонымен бірге  тіл сөйлеуге және жұтуға қатысады.

Жұтқыншақ  түтік пішінді іші қуыс бұлшықетті мүше. Жұтқыншақ мойын омыртқасмының алдыңғы жағында орналасқан ұзындығы 11-13см.

Өңеш ұзындығы 25см іші қуыс бұлшық етті мүше. Жоғарғы бөлігі жұтқыншақтың төменгі бөлігі асқазанмен жалғанған. Өңешті астарлап жатқан кілегейлі көп қабатты эпитилимен қапталған. Өңештің ортаңғы бұлшық еті бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасынан тұрады. Осы бұлшық ет оқтын-оқтын жиырылу нәтижесінде тағам асқазанға түседі. Өңеш көк еттің ортасындағы тесіктен өтіп құрсақ қуысындағы асқазанмен (қарынмен жалғасады).

Асқазан іші қуыс қалың бұлшық ет мүше. Жоғарғы жағы өңештен, төменгі жағыс аш ішектен басталады.Асқазанның ішкі жағын астарлап жатқан қатпарлы кілегейлі шырышты қабық оның көлемін үлкейтеді. Асқазанның қабырғасында бірыңғай салалы бұлшық ет талшықтары 3 түрлі бағытта орналасқан.

Ішкі қабаты ішкі қабаты қиғаш ортаңғысы сақина тәрізді сыртқысы ұзынан орналасқан.Асқазанның қатпарлы кілегейлі өте ұсақ  бездер бар. Бұл бездерден  қарын сөлі бөлінеді.Асқазанның өңешпен және ұлтабармен байланысқан жерінде сақина тәрізді бұлшықеттер бар.

Аш ішек ұзындығы 5-6м асқазан мен тоқ ішекті жалғастырады.Аш ішектің  асқазаннан басталған жері 25-30см дей ұлтабар (он екі елі ішек) деп аталады. Ұлтабар бауырдан келетін өт қабынан  өзегі және ұйқы безінің өзегіне ашылады.

Аш ішектің кілегейлі қабырғасында тұйық өскін түріндегі бүрлер өте көп болады. Мұндай бүрлер тек аш ішекке ғана тән. Бұл бүр ішектің сіңіру бетін ұлғайтады. Аш ішекті бұлшық ет талшықтары оқтын-оқтын толқын тәрізді жиырылып, босаңсып тұрады. Жеген тамақ ішектің ішімен алға жылжиды.

Тоқ ішек ұзындығы 1,5-2м ашіктен екі еседей жуан. Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері соқырішек деп аталады. Ол оң жақ мықымда орналасқан. Құрт пішінді тұйық өскін ол лимфа жүйесіне жатады. Оның қабынуынан болатын ауру соқырішек (аппендикс) деп аталады. Тоқ ішектің  сыртында май қабаты қалың  болады. Тоқ ішекте су қайтадан денеге сіңірледі де нәжіс қалыптасады. Тоқ іш

екте өте көп бактерилар (әсіресе ішек таяқшалары) болады. Бұл бактериялар өсімдік жасұнықтарын ыдыратады. Кейбір витамендерді синтездейді. Зиянды микроптардан қорғап тамақтың дұрыс қорытылуын қамтамассыз етеді.Дәріні қалай болса солай пайдалану ішектегі пайдалы бактерияларға зиянды әсер етеді. Сондықтан дәрі-дәрмекті тек дәрігердің кеңесі бойынша пайдалану керек. 

Интерактифті тақта арқылы сабақты бекіту

тапсырмалары:

1-тапсырма

Сұрақтар

Жауабы

1

Ас қорыту мүшесі қай қуыста орналасқан?

2

2

Сілкей безі қай жерде орналасқан?

7

3

Өт қабының орналасқан жері.

3

4

Бауыр не бөледі?

6

5

Қорытылған ас қай жерде сіңіріледі?

8

6

Нәруыз қай жерде ыдырай бастайды?

4

7

Май ненің әсерінен ыдырайды?

9

8

Ұйқы безі тәулігіне қанша литр сөл бөледі?

5

9

Қарынның сыйымдылығы қанша?

1

10

Тістер пішініне қарай неше топқа бөлінеді?

4

Жауаптары:                          

1-3,5кг                                              6-өт

2-құрсақ қуысында                       7-ауыз қуысында

3-бауырда                                        8-аш ішек

4-асқазанда                                      9- ұйқы безінің сөлі және өт

5-2 литр                                            10-4

2- тапсырма

Р/с

Толықтыруды қажет ететін тест тапсырмалары

Жауаптары

1.

Адам тәуілігіне... ас тұзын пайдалану қажет

5-6 кг

2.

Органикалық қосылыстардың қан мен лимфаға өтуі.... жүйесі арқылы іске асады.

Ас қорыту

3.

Ас қорыту мүшесі.... басталады.

Ауыздан

4.

25см. Ішкі қуыс бұлшық етті.

өңеш

5.

....5,5-6 метр болады.

Аш ішек

6.

Тіс.... мойын, түбірі болады.

сауытты

7.

Тістің дентин затының бұзылуы......

Тіс жегісі деп аталады

8.

Ересек адамда... тіс болады.

28-32

9.

Ең ірі сілкей безі...

Шықшыт

10.

Ас қорыту мүшелерінің ішкі бөлігін зерттейтін құрал...

эндоскопия

11.

Шықшыт безінің қабынуы....

паротит

12.

Ең үлкен ас қорыту безі...

бауыр

13.

Аш ішектегі ұсақ скіндер...

бүрлер

14.

Тамақта дұрыс пайдалану ғылымы...

диетология

15.

Бауырдың беріштенуі.... деп аталады.

цироз

Сабақты қорытындылау , бағалау.

Үйге тапсырма: § 42. Ас қорытудың маңызы , мүшелерде астың қорытылуы. Оқу, тест құрастыру, мақал-мәтелдер жазып келу, суретін салу.

2- тапсырма

Р/с

Толықтыруды қажет ететін тест тапсырмалары

Жауаптары

1.

Адам тәуілігіне... ас тұзын пайдалану қажет

5-6 кг

2.

Органикалық қосылыстардың қан мен лимфаға өтуі.... жүйесі арқылы іске асады.

Ас қорыту

3.

Ас қорыту мүшесі.... басталады.

Ауыздан

4.

25см. Ішкі қуыс бұлшық етті.

өңеш

5.

....5,5-6 метр болады.

Аш ішек

6.

Тіс.... мойын, түбірі болады.

сауытты

7.

Тістің дентин затының бұзылуы......

Тіс жегісі деп аталады

8.

Ересек адамда... тіс болады.

28-32

9.

Ең ірі сілкей безі...

Шықшыт

10.

Ас қорыту мүшелерінің ішкі бөлігін зерттейтін құрал...

эндоскопия

11.

Шықшыт безінің қабынуы....

паротит

12.

Ең үлкен ас қорыту безі...

бауыр

13.

Аш ішектегі ұсақ скіндер...

бүрлер

14.

Тамақта дұрыс пайдалану ғылымы...

диетология

15.

Бауырдың беріштенуі.... деп аталады.

цироз

3-тапсырма:

Интерактивті тақтада асқорыту мүшелері құрылысының суреті бойынша талдау жасалды.

4-тапсырма:

1. Бақылау жұмысын жазуға қанша энергия жұмсалғанын анықтау.

Жазба жұмыстарға  1 кг салмақ денеге 7,12 кДж 1 сағатта жұмсалады. Егер дене салмағы 50 кг болса, сабақтың ұзақтығы 45 минут демек 0,75 сағат.

 Нәтижені бағалау:

  1. Ақ нанның энергетикалық құндылығын анықтау , егер оның 100 г-8,1 г ақуыз, 0,9 г май, 47,0 г көмірсу бар екені белгілі болса.

1 г ақуыздың   энергетикалық құндылығы – 17,2 кДж

1 г көмірсудың  энергетикалық құндылығы - 17,2 кДж

1 г майдың  энергетикалық құндылығы – 39,1 кДж

Нәтижені бағалау:

Ақ нанның энергетикалық құндылығын табу:

  1. Тамақтың күндік рационын табу:

Таблицаны пайдаланып таңертеңгі тамақ, түскі тамақ және кешкі тамақтың энергетикалық құндылықтарын қосамыз. Жалпы сан тәуіліктік жұмсаған энергиядан кем болмай , артық болуы керек. Мысалы:


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бұлшық еттер, бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы
Ас қорыту жүйесі бойынша қорытындылау
Астың ауыз қуысында қорытылуы. Тістің құрылысы мен қызметі. Тістің күтімі
Қалқанша маңы бездері, тимус және бүйрек үсті бездері
Ауыз қуысында астың қорытылуы
Асқорыту мүшелерінің құрылысы
Ас қорыту тарауын қайталау
Ішек сөлінің асқа әсері
Жорғалаушылардың дене құрылысы және тіршілік әрекеті
Ішек-қарын ауруларының алдын алу
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 16776 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык