Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тамақтану гигиенасы


Тамақтану гигиенасы

Тамақтану гигиенасы

Бақылау сұрақтары:

      1 Тамақтану тұралы түсінік

2 Дұрыс тамақтану және оның принциптері

3 Адам ағзасындағы зат алмасу

4 Энергетикалық баланс, ағзаның энергия жоғалтуы

5.Ақуыздар, организмдегі рөлі,тәуліктік нормасы

6. Көмірсулар, олардың организмдегі ролі

7. Майлардың организмдегі биологиялық рөлі

8. Дәрумендер

9. Минерал элементтер,организмдегі рөлі

10. Тамақтану режімі, диета

       11.Тағамтануға улес қосқан академик туралы

 Тест

1. Тамақтану гигиенасы-бұл:

А) Халықтың дұрыс тамақтану негіздерін зерттейтін ғылым

Б) баланың денсаулығын нығайтуға бағытталған шараларды зерттейтін ғылым

С) Жұмысшылар денсаулығына жұмыс жағдайының әсер етуін зерттейтін ғылым

Д) өсімдіктер және жануар организмінің сыртқы ортамен өзара қатынасын зерттейтін ғылым

Е) адам құрылысын зерттейтін ғылым

2. Дұрыс тамақтанудың негізгі принциптеріне мынадан басқалар жатады:

А) Мөлшерлік құндылығы

Б) Сапалық құндылығы

С) тағамның әртүрлілігі

Д) тамақтану режимін сақтау

Е) Ашығу күндерін қолдану

3. Тағамдық рацион құрамына мынадан басқасы кіреді:

А) ақуыздар

Б) Майлар

С) Көмірсулар

Д) Минералдық тұздар,дәрумендер

Е) Хлоридтер мен сульфаттар

4. Организм үшін ақуыздардың мәніне мынадан басқасы жатады:

А) Гормондар мен ферменттердің түзілу көзі

Б) Жасуша мен жасуша аралық заттың негізгі бөлігі, пластикалық зат

С) зат алмасу процесіне қатысады,иммундық күшті көтередіЖасуша мен жасушааралық заттың негізгі бөлігі

Д) энергия көзі

Е) механикалық зақымданудан сақтаушы

5. Рациондағы ақуыздың мөлшері тәулігіне:

А) 75-80 г

Б) 80-85 г

С) 90-130 г

Д) 150-160 г

Е) 200 г

6. Ақуыздардың жоғары мөлшері мынадан басқаларда болады:

А) Жұмыртқада

Б) Етте

С) балықта

Д) Сүтте

Е) Жемістерде

7. 1 грамм ақуыз жанғанда түзілетін энергия:

А) 9,3 ккал

Б) 4 ккал

С) 4,1 ккал

Д) 8,1 ккал

Е) 6 ккал

8. Майлардың қызметіне мынадан басқасы жатады:

А) Энергия көзі

Б) Майда еритін дәрумендердің тасмалдаушы

С) Жасушаның құрамды бөлігі

Д) Механикалық зақымданудан сақтаушы

Е) Гормондармен ферменттердің түзілу көзі

9. Майлар организмге мынадан басқалар арқылы түседі:

А) Өсімдік майлары

Б) Сары май

С) Шошқа майы

Д) Маргарин

Е) Жемістер

10. 1 грамм май жанғанда түзілетін энергия:

А) 9,3 ккал

Б) 4 ккал

С) 4,1 ккал

Д) 8,1 ккал

Е) 6 ккал

11. Көмірсудың негізгі көздері мынадан басқалар болып табылады:

А) Бұршақтар

Б) Дәнді дақылдар

С) жемістер

Д) Жидектер

Е) Сүт тағамдар

12. 1 грамм көмір су жанғанда түзілетін энергия:

А) 9,3 ккал

Б) 4 ккал

С) 14,1 ккал

Д) 8,1 ккал

Е) 6 ккал

13. Тәуліктік рационда көмірсулар мөлшері төмендегіден аспау керек:

А)  800 грамм

Б)  700 грамм

С)  600 грамм

Д)  200 грамм

Е)  1000 грамм

14. Қарт адамдарда қанттың артық мөлшері келесі ауруға соқтырады:

А) Семіздік,атеросклероз

Б) Қант диабеті

С) Гастрит

Д) Ұлтабар және асқазан жарасы

Е) Холецистит

4  Жаңа тақырыпқа мотивациялық сипаттама беріп, тақырыпты түсіндіру (40-45 мин):

Тамақпен  улану.

Тағаммен  улану  дегеніміз-  микробтардың  белгілі  бір  түрімен,  олардың шығындыларымен,  токсиндерімен  ластанған  немесе  адам ағзасына  улы  әсер  ететін микробты  емес  заттармен ластанған  тағамды  жегенмен жедел пайда  болатын  аурулар.

Барлық  уланулардың  ішінде  90-95 %  ке  дейін   микробты  уланулар кездеседі.

Тағамдық  токсикоинфекциялар

*  тамақ  жегеннен  кейін, егер  ол  тамақ  әлсіз  патогенді  тірі  ауру  қоздырғыштармен  және  оның  токсиндерімен  өте  көп  мөлшерде  ластанған  болса,   жедел  туатын  ауру.

Тағамдық  токсикоинфекция-  тамақ  ішкеннен кейін,  аяқ астынан  көп  адам  ауырады,  ол  тамақты  дайындағанда,  тасымалдағанда, сақтағанда  немесе  сатқанда  белгілі  бір санитарлық  ереже  бұзылғандықтан  болған,  ол  тамақты сатуды  немесе  қолдануды  тоқтатқаннан  кейін   адамдардың  ауырғаны да  тоқтайды. Жасырын  кезең  орташа  есеппен 6-24  сағат  аралығында. Тағамдық  токсикоинфекциялар  ішінде жиі  кездесетіні  -сальмонеллез. Сальмонеллез инфекциясының  негізгі  көзі  болып,  ауыл  шаруашылық  жануарлары,  әсіресе  ірі қара  мал  және  үй  құстары  табылады. Ауру  жануарлардың  нәжістерінен,  кіші  дәретімен,  сілекейімен,  мұрын  ішіндегі  сұйықтығымен  қоршаған  ортаға  бөлініп  шығады. Сальмонеллез  көбінесе  етті  тағамдарды  дайындау  технологиясы  бұзылғанда  туындайды. Сальмонеллездің  клиникалық  белгілері  әртүрлі  болуы  мүмкін,  ересектерде  көбінесе  гастроэнтериттік және гастроэнтероколиттік түрі  кездеседі. Ауру  аяқ  асты  басталады.  Адам  қалтырайды,  дене  қызуы  38-40 С –қа  көтеріледі,  жалпы  әлсіздік  пайда  болады,  басы  ауырады,  басы  айналады,  буындары  ауырады,  іші   ауырады,  кейінірек  оған  іш  өту  қосылады. Жалпы  интоксикация симптомдары,  асқазан  ішек  жұмысының  бұзылуы  байқалады. 10-12 сағаттан кейін аурулардың  жағдайы  нашарлайды,  көзі  ішке  кіріңкірейді,  адамның  ортаға  реакциясы  тежеледі.

 

 

  1. Ауыл  шаруашылық,  үй  жануарларын  және  құстарды  сауықтыру.
  2. Малды  союды  ұйымдастыру.
  3. Үйде  жануарларды  союға  болмайды.
  4. Дені сау  жануарлар  ауру жануарлардан  бөлек  сойылады.
  5. Ауру  жануарлардың  еттері  шартты жарамды  болып  табылады.
  6. Сойғанда,  еттерді  бөлгенде   еттер  ішек  ішіндегілермен  ластанбауы  керек.
  7. Лабораториялық  бақылаудан  өтуі  керек.
  8. Етті тасмалдау,  сақтау  ережелерін  дұрыс  ұйымдастыру  керек.

Медицина  қызметкерлері  ауру  адамды  және  тасмалдаушыларды  табу  үшін бірқатар  шаралар  жүргізеді,  бактериологиялық тексеруге  жібереді.

*  этиологиясы анықталмаған  жедел  ішек  аурумен  ауырған  барлық  науқастар.

*  Соматикалық және  жұқпалы  ауруханаға  түскен  2  жасқа  дейінгі  балалар.

*  ауруханада  ішек  аурулар  байқалған кезде  барлық науқастар  тексерілуі  қажет.

Тағамдық   токсикоздар.   Тағам  құрамында  микроорганизмдердің  жетілуі  және көбею  кезінде  бөліп  шығарған  токсиндердің  организмдерге  түсуінен  пайда  болады. Тағамдық  токсикоздарға  ботулизм   жатады.

 

Ботулизм: тағамдық  токсикоздың  ауыр  түріне  жатады,  көбіне  адамның  өлімімен  аяқталады. Ботулизм  деген  латын  тілінен  алынған «botulusң  шұжық  деген  мағынаны  білдіреді. Ботулизм  контагиозды  емес  ауру.  Инфекция  көзі  шөппен  қоректенетін  жануарлар  болып  табылады. Ботулизм  қоздырғышы  олардың  ішектерінде  өмір  сүреді,  қоршаған  ортаға  жануарлар  нәжістері  арқылы  шығады. Жануарларға ауру жем  және жайылымдағы  топырақ  арқылы  жұғады. Ботулизм  қоздырғышы  қоршаған  ортада  кеңінен  тараған.  Топырақта,  өзен- көл  суларында өсімдіктерде,  жеміс- жидектер,  сүрленген  шөп  құрамында. Ботулизм  адамдар  арасында   үй  жағдайында  консервіленген  тағамды  қолданғанда пайда  болады, көбіне  консервіленген  саңырауқұлақтар,  жеміс  жидектер,  қақталған  балықтан  болады. Ет  тағамдарын  қолданғаннан  ботулизм  өте  сирек  кездеседі.  Ботулизм  көбіне  көктемгі,  жазғы  уақытта  жиі  кездеседі. Ботулизм  қоздырғыштары  және  токсиндері   көп  жиналуы  үшін бір  қатар  жағдайлар  болуы  керек: ботулизм  спораларының  тірі  болуы,  инфекциялармен  ластанған  тағамды  ұзақ уақыт 22-25 С –ден  төмен  емес  температурада  сақтау,  тағам  құрамында  микробтың  өмір сүруіне  теріс  әсерін  тигізетін  натрий  хлоридін,  қанттың  жеткілікті   мөлшерінің  болмауы. Ботулизмнің  жасырын  кезеңі  бірнеше  сағаттан 2-5  күнге  дейін, сирек  жағдайда  10-14  күнге  дейін  созылуы  мүмкін.   Ботулизмге  тән  белгілер: көздің  қараюы,  көз  алдында  «тұманң, «тордыңң  пайда  болуы,  қабақтың   түсуі,  тым  әлсіздік,  бастың айналуы,  тамақтың  және  ауыз қуысының  шырышты  қабаттарының  кебуі,  жұтыну  кезінде  ауырлық  сезіну,   дауыстың  өзгеруі,   сөйлеу  қабілетінің   бұзылып,  дауыстың  шықпай  қалуы  немесе  мүлдем  шықпауы.  Ботулизм  белгілерінің  пайда  болуы  бастың  сопақша миының  жүйке  ядросының  зақымдануымен  байланысты.

Алдын  алу:

*  Ботулизмнің  алдын  -алудағы негізгі  жұмыс- ол қоздырғыштың  шикі-  затқа   түсуін  болдырмау.

*  Жылы  өңдеуден  дұрыс  өткізу.

*  Споралардың  көбеюін  болдырмау.

*   Консервіленген  дайын  тағамда   токсиннің  пайда  болуына жол  бермеу. Ас тұзымен сірке қышқылы нормада болу керек. Стерилизация 120 С-та жүргізілуі керек.Консервіленген банкілер суықта, қараңғы жерде сақталуы керек.

*  Халық арасында санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу керек.

Тамақпен уланудың тексеру  тәртібі. 

Тамақпен уланған барлық жағдайлар міндетті турде тамақтану гигиенасы бөлімінің арнайы журналында тіркелуі керек және тексерілуі керек.

Тамақпен улануды тексеруден мақсат — оның пайда болу жағдайын және себебін анықтап, аурудың алдын алу және жою шараларын істеп шығару болып табылады.

Лабораториялық зерттеулер «Тамақпен уланғанда санитарлық эпидемиологиялық қызмет мекемелерінде лабораториялық зерттеу жүргізу, тіркеуге алу, тексеру тәртібің туралы инструкция бойынша жүргізіледі.

Тамақпен улану пайда болғанда бірінші болып науқаспен емдеу профилінің мамандары кездеседі.Олар:

*  Науқасқа терапевтикалық көмек көрсетеді.

*  Тамақпен улануға себепкер болған азықты қолданудан    алып тастайды.

*  Тез арада санитарлық 

*   Стерильденген   ыдысқа күдікті тамақтан сынама алып  СЭСО –нің  лабораториясына жіберіледі.

СЭҚБ жедел хабарнаманы алғаннан кейін тез арада міндетті түрде тамақпен улануды тексеру керек.

Тамақпен улануға тексеру жүргізу 5 этаптан түрады.

   І этап.  Тамақпен   уланудың   диагнозын   растау    және    оның  белгілерін              

                 айқындау керек.

ІІ этап. Тамақпен уланудың себебін анықтау керек.

ІІІ этап.  Азықтардың патогенді және улы қасиеті пайда болу     

                 механизмінің мағынасын ашу.

ІV  этап.  Тамақпен уланудың жою шараларын істеп шығару.

V этап.   Тексеру актін қүрастыру. .


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ТУБЕРКУЛЕЗ-ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТ
Тамақтану гигиенасы Тамақтану нормасы, тәртібі
Тамақпен улану
Қазақ Тағамтану академиясының атқарып жатқан жұмыстары мен жетістіктері
Тамақтану гигиенасы
Ас қорытудың маңызы
Асқорыту мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу
Ас - адамның арқауы
Витаминдер
Асқорыту мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу жолдары
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 11508 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык