Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тамақпен улану


Тамақпен улану

Сабақтың тақырыбы: Тамақпен улану

Сабақтың түрі:   Теориялық ашық сабақ

    Сабақтың әдісі:

 -сабақта жалпы топпен жұмыс істеу

-көрнекі құралдарды қолдану арқылы түсіндіру.

-сараптау саралау

-кестелер мен сызбалар құру.

- интерактивті тақтамен

Түсіндіру, сұхбаттасу, ой-тастау, жалпылама сұрау, өзін-өзі бақылау, ынталандыру, көрнекі құралдарды қолдану арқылы түсіндіру, өзіндік жұмыс, пысықтау.

Сабақтың мақсаты:

 Білімділік: Тамақпен уланудың іздеу тәртібімен танысу. Алдын алу шараларын ұйымдастыру.

Дамытушылық: Білімдерін тәжірибеде қолдану қабілеттерін дамыта отырып, тамақпен улануды іздеу, алдын алу шараларын ұйымдастыру

Тәрбиелік: Мамандыққа қызығушылыққа,өз міндеттеріне жауапкершілікпен      қарауға,мәдениеттілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Пәнішілік байланыс:

Гигиена пәніне кіріспе ,Тамақтану гигиенасы

. Пәнішілік байланыс:

Жалпы гигиена. «Кіріспе»,  «Гигиена» - денсаулық туралы ғылым болып қоршаған ортаның әртүрлі факторлардың, әлеуметтік жағдайдың адам өміріне әсер етуін зерттейді, аурудың алдын алу, денсаулықты сақтау үшін гигиеналық нормативтерді, санитарлық ережелерді және шараларды жасап шығарады

Тағаммен улану-Тағамдық  токсикоинфекция-  тамақ  ішкеннен кейін,  аяқ астынан  көп  адам  ауырады,  ол  тамақты  дайындағанда,  тасымалдағанда, сақтағанда  немесе  сатқанда  белгілі  бір санитарлық  ереже  бұзылғандықтан  болған,  ол  тамақты сатуды  немесе  қолдануды  тоқтатқаннан  кейін   адамдардың  ауырғаны да  тоқтайды. Жасырын  кезең  орташа  есеппен 6-24  сағат  аралығында. Тағамдық  токсикоинфекциялар  ішінде жиі  кездесетіні  -сальмонеллез. Сальмонеллез инфекциясының  негізгі  көзі  болып,  ауыл  шаруашылық  жануарлары,  әсіресе  ірі қара  мал  және  үй  құстары  табылады. Ауру  жануарлардың  нәжістерінен,  кіші  дәретімен,  сілекейімен,  мұрын  ішіндегі  сұйықтығымен  қоршаған  ортаға  бөлініп  шығады.

Азық түліктерді концервілеу әдістері-Тағамдарды бұзатын микроорганизмдерге шіріткіш және басқа да микроорганизмдердің үлкен тобы жатады. Олар уксус қышқылды, майлы қышқылды ашуды, шіруді және көгеруді тудырады: B.proteus vulgaris, B.putrificus, E.Coli, B.pyocyaneum, Str.thermohilus, B.fluorescens, Cl.sporogenes, зең және ашытқының кейбір түрі, мысалы: анаэробтар майлы қышқыл ашуынан, май қышқылын тудырады, ол ірімшікте, консервілерде, сүт тағамдарында, жеміс-жидектерде болуы мүмкін

Тамақтану  гигиенасы  дегеніміз- бұл  дұрыс тамақтану  туралы ұғым. Ол  жүйелі,  жақсы, дұрыс  және  емдік  тамақтануды зерттейді.

Тамақтану  гигиенасы- тамақтың  химиялық  құрамын,  биологиялық  бағасын  және тағамның сапасын  зерттейді, оған гигиеналық  баға  береді. Қоғамдық  тамақтану  орындарына және тамақ  тағамдары мен сауда  жасайтын  мекемелерге  арнап,  санитарлық  ережелер  шығарады  және олардың  орындалуын  қадағалайды. Тамақтану  гигиенасының  негізгі мақсаты- ағзаның  энергия  жоғалтуын   анықтау  және  ақуыздың,  майдың,  көмірсудың ,  минералды  тұздардың,  дәрумендердің ағзаға  керекті мөлшерін  анықтау. Ғылымдар    тәжірибеде  тамақтану  гигиенасы  мамандарының үлкен  маңызды  жұмысының  бірі  болып, тамақ  тағамдарын сапасын  қадағалау  және тағамдардың  құрамына  түсетін  жаратылысы  химиялық  және бактериологиялық  улы  заттардың ағзаға  тағамдар  арқылы  түсіп, әртүрлі  аурулардың  туындауының   алдын  алу.

Пәнаралық байланыс:

• Зоология.   Тағамдық токсикоинфекция қоздырғыштары әсіресе ірі қара мал және құстар, шыбындар арқылы тарайды.

• Жұқпалы аурулар. .

•  Валеология. «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» Салауатты өмір салтының нормалары жеке бастың гигиенасы, жанұя гигиенасы. Адам денсаулығы үшін оның өмір сүру салты үлкен маңызға ие. Санитарлық-профилактикалық шараларды жүргізу жатады.

• Ішкі аурулар пропедевтикасы. «Науқасты тексеру әдістері» Ішкі аурулар пропедевтикасы –науқастардың белгілері мен синдромдарын (симптоматология), оларды айқындау (диагностика) әдістерін зерттейді, сонымен қатар студент диагнозды құру логикасына қисынына) ие болады. Кеселдің себептері- биологиялық (микроорганизмдер) этиологиясы

 Асқорыту жүйесінің аурулары. Гастрит, панкреатит, асқазан және 12 елі ішек жарасы, энтерит, колит т.б. Гастрит- асқазанның шырышты қабатының қыбынуы. Панкреатит-асқазан асты (ұйқы) безінің қабынуы. Энтерит- аш ішектің қабынуы. Колит- тоқ ішектің қабынуы.

•.Микробиология-Салмонеллез», «дизентерия» қоздырғыштарымен «эшерихиоз», «іш сүзегі» арасындағы байланысы: Бұл топқа спора түзбейтін грам теріс таяқшалар жатады. Олар сыртқы ортада кең таралған, адамның және жануарлардың ішегінде кездеседі. Олардың ішінде шартты-патогенді, сапрофитты және патогенді түрлері кездеседі. Топтың әрқайсысы бір-бірімен антигендік қасиеттерімен ажыратылады. Морфологиялық және биологиялық қасиеттері: таяқшалар, пішімдері 0,5-3 мкм аралығында болатын, грам теріс, спора және капсула түзбейді, эшерихиялар ішек таяқшасының кейбіреулері капсула түзеді. Факультативті анаэроб, қарапайым қөректік орталарда өсіп көбейеді. Токсиндері: эндотоксин бөліп шығарады, экзотоксин тек қана Григорьев-Шиг шигеллаларында анықталған. Төзімділігі: сыртқы ортада төзімді болып келеді, суда, топырақта, және басқа әртүрлі заттарда бірнеше күннен бірнеше айға дейін сақталады. 1% Карбол қышқылы, 3-5% хлорамин ерітіндісі әсер еткенде бірнеше минутта жойылады. Микробиологиялық диагностика: негізгі әдіс болып микробиологиялық зерттеу саналады.

Жалпы фармакология негізі. «Антибиотиктер»

Антибиотиктер дегеніміз- микроорганизмдер өнімі болатын химиотерапевтік заттарды айтады. Тетрациклин, левомицетин және т.б.- бактериостатикалық әсер ететін антибиотиктер.

Анатомия. «Ащы және тоқ ішектің құрылысы» Ащы ішектің ұзындығы 5-7м., тоқ ішектің ұзындығы 1,5-2м. Ащы ішектен 2 есе жуан. Эндотоксин әсерінен микробтар ащы және тоқ ішекте өзгерістерге алып келеді, ішектердің кілегейлі қабаты және лимфа түйіндері арқылы қанға түседі.

•Эпидемиология: жұқпа көзі науқас адам немесе бактерио тасымалдаушылар т.б. болып саналады. Клиника: аурудың белгілері болып іш аймағында ауырсыну, құсу, жүрек айну, жиі іштің өтуі, бас ауру, әлсіздік байқалады. Профилактика: санитарлық-гигиеналық шаралар, ауру ошағында дезинфекция шараларын жүргізудің маңызы үлкен. Емдеу: антибиотиктер (тетрациклин, левомицетин) қолданылады.

  • Патологиялық анатомия және физиология: Тамақтану гигиенасы мен режімі сақталмаса асқорыту жүйесінің қызметі бұзылып, түрлі патологиялық процесстер, клиникалық синдромдардың белгілері: асқазан секрециясының бұзылуы, асқазан және ішектен қан кету, капрологиялық өзгерістер байқалады
  • Мейірбике ісі негіздері:  Асқазанды зондтау  созылмалы гастрит, асқазан мен он екі елі ішектің жарасы ауруларында асқазанның секреторлық функциясын, капрологиялық зерттеу нәжісті жасырын қанға және құрт жұмырытқаларына тексеру   мақсатында жүргізіледі. Асқазан-ішек жолдарын аспаптық зерттеуге дайындау 2-3 күн және түсіруден 1-2 сағат бұрын жүргізіледі.
  • Балалар аурулары нәжісті острица құртының жұмыртқаларын зерттеуге алу  энтеробиоз ауруын диагностикалау және емдеу мақсатында жүргізіледі т.б.

 Ауруларға дұрыс диагноз қою үшін бүгінгі тақырыпты жете түсіну қажет.

Уақыты: 90 мин

Сабақтың жабдықталуы:

     Көрнекті құралдар: Плакаттар, суреттер, сабаққа арналған ойындар

Үлестірме материалдар: Әдістемелік нұсқау,карточкалар, суреттер, сөз жұмбақтар.

Техникалық оқу құралдары: Интерактивті тақта, жылжымалы проектор

Сабақ барысында қолданылатын оқу-әдістемелік құралдар:

Негізгі:

1.  Бурак И.И.  В.П. Филонов  «Гигиена»  Учебное  пособие  Минск  «Высшая   школа   2001 

2.  Большаков  А.М,   Маймулов  В.Г.   Общая  гигиена,  ГЭОТАР.  2006

3. Торғаутов.Б.К. Сералиева М.Ш. Жалпы гигиена. Оқу қуралы. 2009

Қосымша:

1.Жалпы гигиена(практикалық сабақтарға арналған) Сералива М.Ш. 2010ж

 2.. Гигиена У.И.Кеңесариев. 2010ж

 3. Жалпы гигиена   Дадашева М.Ж.   2011ж

 4. Гигиена Р.Д.Габович  1982,1977,1970

 5. Общая гигиена   А.Н.Большаков

Сабақтың барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңі (2-3 минут):

Аудиторияның сабаққа дайындығын, студенттердің сыртқы көрінісін, сабаққа қатысуларын түгелдеу, журнал толтыру.

2 Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау (2-3 мин):

  • Тамақпен уланудың анықтамасын;
  • Тамақпен уланудың жіктелуін;
  • Тамақпен уланудың алдын алу шараларын;

3 Студенттердің білімдерін бақылау (өткен тақырып бойынша) (20 мин


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздері
Тамақтану гигиенасы Тамақтану нормасы, тәртібі
Тірек сигналдары арқылы ас қорыту жүйесін оқытуда жүргізілетін жұмыстар
Тірек сигналдары арқылы ас қорыту жүйесін оқытуда жүргізілетін жұмыстар
Тірек сигналдары арқылы ас қорыту жүйесін оқытуда жүргізілетін жұмыстар
Тамақтану гигиенасы
Қазақ Тағамтану академиясының атқарып жатқан жұмыстары мен жетістіктері
Асқорыту мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу
Ішек-қарын ауруларының алдын алу
Асқорыту мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу жолдары
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 6940 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык