Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақ Тағамтану академиясының атқарып жатқан жұмыстары мен жетістіктері


Қазақ Тағамтану академиясының атқарып жатқан жұмыстары мен жетістіктері

Қазақ Тағамтану академиясының атқарып жатқан жұмыстары мен жетістіктері

Адам  өмірі мен  денсаулығы  үшін  тағамның  орыны  ерекше,  ол  пайдалы  және  қауіпсіз  болу  шарт.  Әсіресе  бұл- бала тағамына  келгенде  аса  маңызды.  Өкінішке  қарай, бізде  халықты  сапалы  тағам  өнімдерімен  қамтамасыз ету  жайы  әлі  күнге толық  шешім  таппай  келеді.

Салауатты  тамақтану  заң   тұрғысынан  айқындалмақ,  соның  нәтижелерінің  бірі,  жоғары  дәрежеде  жұмыс  жасайтын  заманауи  өндіріс  орны,  яғни  зауыт  салынып  жатыр  (Талғар  қаласында). 

Ол «Қазақ  Тағамтану Академиясыныңң «Амиранң  балалар  тағамы зауыты -деп  аталмақ.  Ол  зауыт  биыл  қыркүйек,  қазан айында  іске  қосылмақ. Зауыт  күніне  12-15  тонна   сүт  өнімдерін  өндіретін  болды. Олар: ірімшіктер,  балаға  таңертең  берілетін  дайын  астар,  витаминді  қоспалары  бар,  иммуниттеті  жоғарлататын  және тағы  басқа  тағамдар. Өндірісте  негізінен  ақуызға  бай  сарысу  қолданылатын  болды.  Ол  ұн  өнімдеріне,  балалардың  таңғы  астарына  қосылмақ.  Қазіргі  кезде шетелдік  тамақ сапасы  көңіл көншітер  емес.  Сәби  тағамдарын  айтпағанда,  бәріміз   әсіресе жазды  күндері  ішіп  жатқан  кока-кола  мен  пепси - коланың,  чипсылар  мен  фаст-фуд  деп  аталатын   жылдам  дайындалатын  тағамдардың   адам  денсаулығына  өте  зиян  екендігі  ғылыми  тұрғыда  дәлелденген.   Сондықтан   ұлтымыздың  болашағының  дені  сау  болсын  десек,   сапалы  шикізаттан  даярланған  сенімді  тағам  өнімдері  мен  осы  бастан  қамтамасыз  етуіміз  керек. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) бағдарламасының қорытындысы бойынша әлемнің түкпір-түкпірінен сараптама жүргізгенде, бүкіл әлем бойынша түрлі аурудың 60 пайызының өлімі дұрыс тамақтанбауға байланысты туындайды. Мысалы, дәл қазіргі кезде белең алып отырған жүрек-қан тамырлары аурулары да осы дұрыс тамақтанбаудың салдарынан өсу үстінде.

 Барлық қалада, оның аудан орталықтарында  салауатты тамақтану (арақ ішпеу, темекі тартпау, нашақорлыққа салынбау) орталықтары ашылып жатыр.

Тұзды йодпен байыту еліміз бойынша жаппай қолға алынды.

Ұнды темірмен байыту керек деген ұзақ мерзімді бағдарлама қабылданбақ. Демек, дұрыс тамақтану үшін денсаулық сақтау кодексінде ұнды темірмен міндетті түрде байыту мәселесі қарастырылады деп есептейміз. Негізі бұл жобаны осыдан төрт жыл бұрын Азия Даму банкі және ЮНИСЕФ-пен бірігіп жасаған болатын. Адамдардың арасында темір жетіспеушілігі салдарынан ауруға шалдыққандар көбейіп кетті. Бұл ауру эпидемияға айналуда. Сондықтан еліміздегі комбинаттар ұнды саудаға шығармас бұрын тағамтану институты бекіткен рецептура бойынша байытып отырулары тиіс.

Ағзада темір мен фолий қышқылының жетіспеуі балаларды ақыл-ой кемістігіне апарады. Сондай-ақ, азық-түліктің байытылмауы әйелдердің жүктілігіне де жағымсыз әсер етеді екен. Демек, ұнды байытсақ, ауруды алдын-ала болдырмауға, өмірді сақтап қалуға болады. Әуелгі кезекте ана мен баланың тамағына ерекше мән берген дұрыс.

Қазақ Тағамтану академиясының мамандары республика азаматтары йодталған ұн пайдалануы керек, деген мәселе қойып отыр. Қазіргі кезде мамандардың айтуынша, мемлекет азаматтарының 90 проценті йодталған тұзды тұтынып отыр, бірақ мемлекетте  йодтың жетіспеушілік мәселесін шешу үшін, бұл бағытта жасалып жатқан жұмысты арттыра түсу керек.

Қазақстан азаматтарының тұтынып отырған тағамын зерттейтін мамандардың айтуынша, қазақстандықтар тұтынып отырған азық-түлік сапасы соңғы жылдары жақсарған. Бірақ экологиялық тұрғыдан алғанда бұл тағамдардың сапасын жарсарту үшін әлі де болса, түрлі шараларды іске асыру керек,- дейді Қазақ Тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов. Таза деген ұғымды әртүрлі түсіну керек, мысалы тағам құрамында бір зат жетіспей тұрса, онда бұл өнімді таза деп айтуға болмайды. Витаминдері жетіспей тұрса, өнімнің сапасы төмен, деп есептеледі. Сонымен қатар өнім құрамында түрлі қоспалар көп болса, онда бұл тағамда сапалы өнімге жатпайды. Бұрыңғы уақыттарға қарағанда, қазіргі кезде қоспасы бар өнім азайып келе жатыр.
Тағамтану академиясы мамандарының айтуынша, қазақстандықтар дұрыс тамақтанбағандықтан олардың ағзасында түрлі витаминдердің жетіспейтіндігі байқалады. Қазіргі кезде мемлекет азаматтарының 90 проценті йодталған тұзды пайдаланғанымен, әліде де болса, оларға көптеген витамин керек. Академик Төрегелді Шармановтың айтуынша, бұл витаминдерді ұнға қосқан дұрыс.
Жалпы алғанда витамин жетіспеушілігі әрдайым байқалып тұрады. Әсіресі С витамині жетіспей тұрады. Сол себептен азаматтарымыз дұрыс тамақтануы керек, сонымен қатар, азаматтарымыз пайдаланатын ұн түрлі витаминдермен байытылып тұруы тиіс. Қазіргі кезде бізде ұнды витаминдермен байытатын мүмкіндік жоқ.
Жалпы, бұл мәселелерді атамағанда Тағамтану академиясының жетекшісі Төрегелді  Шарманов қазақстандықтардың тағамы сапалы деп есептейді.  
Бүгінгі таңда йодтың жетіспеушілігі салдарынан Қазақстанның 11 облысында тұратын азаматтардың денсаулығына қауіп төніп тұр.

Тамақтан улану дегеніміз – микробтармен және оның токсиндерімен, яғни уларымен ластанған азық-түлікті пайдалану салдарынан жедел пайда болатын, адамнан адамға жұқпайтын аурушаңдық.
Тағамнан уланудың жалпы белгілері:
– аурудың тез арада жедел түрде басталуы;
– бір мезгілде біраз адамның ауыруы;
– аурушаңдық тез басталып, тез жазылуы;
– аурудың белгілі бір тағаммен байланыстылығы;
– сезікті тағамды тоқтатқан соң аурудың тоқтауы;
– басқа жұқпалы аурулардан ерекшелігі, ауру адамнан сау адамға жұқпайды.
Бактериялар мен микробтар ылғалды, жылы және қоректік ортада тез өрбиді, өсіп-өнеді. Тамақтан улану жағдайы – тағамның дайындалуы, сақталуы барысында бактериялармен, бактериалды улармен, вирустармен немесе өз табиғатындағы улы заттармен ластанған тағамдарды қолданғанда болады. Тамақтан уланудың негізгі себептері – бұл жеке бас гигиенасының, санитарлық-гигиеналық талаптардың және тамақтарды дайындау барысында технологиялық процестердің сақталмауы, сақтау мерзімдерінің бұзылуынан болады.
Тамақтан уланудың алғашқы белгілері:
– асқазанның ауырсынуы, құсу, жүрек айну;
– дене қызуының жоғарылауы, сонымен қатар бүйрек, бауыр және неврологиялық синдром;
– тамақтан уланудың клиникалық көрісі – уланудың түріне және зақымданған улы тамақты қанша мөлшерде жегеннен кейін 30 минуттан соң басталады.
Алдын алу:
– тамақтанар алдында қолды сабындап жуу;
–термиялық өңдеуге жатпайтын жеміс-жидектерді қайнатылған сумен жуу, қалғандарын кәдімгі су құбыры суымен жуу;
– тек қайнатылған немесе бөтелке суын ішу;
– тез бұзылатын тағамдарды тоңазытқыштарда сақтау;
– кондитер өнімдерін тек дүкендерден ғана алу, қауіпсіздігін растайтын құжатының болуына көңіл бөлу қажет;
– үй жағдайында дайындалған консерві (ет, құс, балық, саңырауқұлақ) өнімдерін белгісіз адамдардан сатып алмау;
– егер тағамның түрі, түсі, иісі және тағы да басқа белгілері күмән тудыратын болса – ондай тағамды мүлдем пайдаланбаған жөн;
– әсіресе көктем-жаз мезгілінде тағамды көп мөлшерде дайындамаған жөн, қалған тамақты тоңазытқышта сақтаған дұрыс.

Бактериялар мен микробтар ылғалды, жылы және қоректік ортада тез өрбиді, өсіп-өнеді. Тамақтан улану жағдайы – тағамның дайындалуы, сақталуы барысында бактериялармен, бактериалды улармен, вирустармен немесе өз табиғатындағы улы заттармен ластанған тағамдарды қолданғанда болады. Тамақтан уланудың негізгі себептері – бұл жеке бас гигиенасының, санитарлық-гигиеналық талаптардың және тамақтарды дайындау барысында технологиялық процестердің сақталмауы, сақтау мерзімдерінің бұзылуынан болады.
Тамақтан уланудың алғашқы белгілері:
– асқазанның ауырсынуы, құсу, жүрек айну;
– дене қызуының жоғарылауы, сонымен қатар бүйрек, бауыр және неврологиялық синдром;
– тамақтан уланудың клиникалық көрісі – уланудың түріне және зақымданған улы тамақты қанша мөлшерде жегеннен кейін 30 минуттан соң басталады.
Алдын алу:
– тамақтанар алдында қолды сабындап жуу;
–термиялық өңдеуге жатпайтын жеміс-жидектерді қайнатылған сумен жуу, қалғандарын кәдімгі су құбыры суымен жуу;
– тек қайнатылған немесе бөтелке суын ішу;
– тез бұзылатын тағамдарды тоңазытқыштарда сақтау;
– кондитер өнімдерін тек дүкендерден ғана алу, қауіпсіздігін растайтын құжатының болуына көңіл бөлу қажет;
– үй жағдайында дайындалған консерві (ет, құс, балық, саңырауқұлақ) өнімдерін белгісіз адамдардан сатып алмау;
– егер тағамның түрі, түсі, иісі және тағы да басқа белгілері күмән тудыратын болса – ондай тағамды мүлдем пайдаланбаған жөн;
– әсіресе көктем-жаз мезгілінде тағамды көп мөлшерде дайындамаған жөн, қалған тамақты тоңазытқышта сақтаған дұрыс.

5 Жаңа тақырып бойынша  білімін пысықтау (10-15 мин):

6 Сабақты қортындылау (5 мин):

Студенттердің медициналық формасы

Ауызша сұрау

Тест жауаптары

Тапсырмаларды орындауы

Кроссворд

Жалпы бағасы

 

 

 

 

 

 

7 Үйге тапсырма беру (5 мин):

Ұсынылатын әдебиеттер:

 

 

Негізгі:

1.  Бурак И.И.  В.П. Филонов  «Гигиена»  Учебное  пособие  Минск  «Высшая   школа      2001  г

2.  Большаков  А.М,   Маймулов  В.Г.   Общая  гигиена,  ГЭОТАР.  2006

3. Торғаутов.Б.К. Сералиева М.Ш. Жалпы гигиена. Оқу қуралы. 2009

     Қосымша:

 1.Жалпы гигиена(практикалық сабақтарға арналған) Сералива М.Ш. 2010ж

 2.. Гигиена У.И.Кеңесариев. 2010ж

 3. Жалпы гигиена   Дадашева М.Ж.   2011ж

 4. Гигиена Р.Д.Габович  1982,1977,1970

 5. Общая гигиена   А.Н.Большаков


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тамақтану гигиенасы Тамақтану нормасы, тәртібі
Тамақтану гигиенасы
Тамақпен улану
Тамақтану гигиенасы
Ас қорыту жүйесі бойынша қорытындылау
Асқорыту мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу
Ас - адамның арқауы
Витаминдер және олардың маңызы
Ішек-қарын ауруларының алдын алу
Асқорыту мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу жолдары
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 4886 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык