Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Көлік және байланыс географиясы


Көлік және байланыс географиясы

Көлік және байланыс географиясы

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар біздің  сабаққа  қош келдіңіздер.Біздің  сабағымызға  көлік   және коммуникация  минисртлігінен  бір  топ  ғалымдар қонаққа  келді  және  аудандық  «жаңа  өмір»  газетінің  тілшілері  қатысып отыр. Ал енді  сөз  кезегін  тілшілер  мен  мамандарға  берейік.

Тілші: 1  сауал: Көлік  және  байланыс  министрі .................. мырза, сізге. Жалпы  көлік  және  байланыс  жүйесі  дегенді  қалай? Түсіндіріп  беріңіз.

 

Слайд  бойынша;

Жауап:1. Көлік  және  байланыс  жүйесі  Халық  пен  өндірісте  қызмет  көрсететін  кешенге  жатады. Соның  ішінде  көлік пен  байланыс  жүйісі  коммуникациялық  жүйеге  жатады.Көлік  4  құрамдас  бөліктен  тұрады.

  1. Көлік  құралдары : автомобиль, кемелер, ұшақтар.
  2. Жолдар: автомобиль  жолы, темір жол, құбырлар,  әуе  жолы, теңіз  жолдары.
  3. Ұйымдар: авиациялық,  теңіздік,  темір  жол   компаниялары.
  4. тиеу түсіріу  пункттері: теңіз және әуе  порттары, темір  жол станциялары

Тілші: келесі  сұрағымыз  құбыр  көлігі  маманына.

Сұрақ: Дж  құбыр  көлігі  қалай  дамыған?

Маман:  Құрлық  жолдары  көлігінің  арнайы  маманданған  түрлері  құбыр  және  электронды  көліктер. Оларды  кез – келген  бағытта  жүргізуге  болады.Әрі  темір  жолдан  қысқа  және  ең  арзан  көлік.

Қазақстанда  құбыр  жүйесі  ең  жақсы  дамыған  аймақ  батыс; одан  мұнай  мен  газдың  қуатты ағындары  таралады  Қазақстанда  ең  алғаш  салынған  мұнай  құбыры 60  км. Доссор – Ракуша.

Ең  алғаш  ұзындығы  720  км ²  магистралды  мұнай  құбыры  1936 жылы Атырау  мен Ресейдің  Ор  қаласындағы  мұнай  өндіру  зауыты  арасында  салынды.

Маңғыстау мұнайын тасымалдау  үшін Өзен – Жетібай –Ақтау, Өзен – Ақтау – Самара.

Ресейдің  Туймазы- Иркутск  мұнай  құбырынан  Омбы -  Павлодар – Шымкент – Чарджоу.

   Келешекте  Қазақстаннан  5  бағытта  мұнай  құбырын  тарту  жоспарлануда. 

  1. Атырау  облсындағы  Теңіз кен  орнынан  Ресейдің  Қара  теңіз  жағалауындағы  Новороссийск  портына  дейін  ұзындығы  1000  жарым  км  қуаты  жылына  75  млн  тонна  мұнай  тасымалдайды.
  2. Теңіз – Баку – Супса – Джейхан  құбыр  жолы  Каспий  теңізі  арқылы  Қазақстан  мұнайын  халықаралық саудаға  шығару  мүмкіндігі.
  3. Иран мемлекеті арқылы  өтіп  Парсы  шығанағы жағалауын  баратын  Теңіз – Харг   құбыр  жолы.
  4. Батыс  Қазақстан – Қытай – Тынық  мұқиты жағалауы  құбыр  жолы  Атасу – Алашанькоу.
  5. Батыс Қазақстан – Құмкөл   мұнай  құбыры.

 Тілші: Менің  сұрағым  Теңіз  көлігі  маманына сауал.Дж  теңіз  көлігінің  даму  дәрежесі  қандай?  Теңіз  көлігі  бүкіл  халықаралық  сауданың  5,4-ін  құрайды.  Теңіз  порттарының жалпы  саны  2,5  мың. Ең  ірі  порт – Роттердам.

     Кеме  қатынасы  мен  жүк  тасымалдауда:

1- орынды  Атлант  мұхиты,

2- орынды  Тынық   мұхиты,

3- орынды  Үнді мұхиты  алады.

Ла Манш бұғазы арқылы тәулігіне 500 кеме өтеді.

Зонд бұғазы арқылы-175

Гибралтар бұғазы арқылы 140 кеме өтеді.

Тілші:сауалымды өзен-көл көлігі маманына қоямын.

Сауал:Дж және Қазақстандағы өзен-көл көлігі калай дамыған?

Маман:өзен – көл  көлігі жекелеген елдердің жүк тасымалының бір бөлігін камтиды.

Ірі халықаралық өзен жолдары Рейн,Дунай,Эльба,Одер,Әулие Лаврентий,Парана және Ұлы көлдер.Рейн   өзені  арқылы  жылына  250 – 300  млн  тонна  жүк  тасмалданады.

Тілші.Менің сұрағым Байланыс  жүйесі маманына. Қазақстанда  және  Дүниежүзінде  байланыс  жүйесінің  қызметі  қандай?

Маман : Байланыс құралдары  қазіргі  кездегі  ең  басты  қажеттіліктің бірі.

  Екі  жақты  қызмет  атқарады:

1.Экономикалық.

2.Әлеуметтік.

Дүние  жүзіндегі  халықтың тең  жартысы  телефон  дегенді  білмейді.

4 кезең. Мағынаны  ашу. Білімді  меңгертуге  арналған  тапсырмалар.

Картамен  жұмыс.

1. Көлік  кешенінің  негізгі  жүк  тасымалдау  бағыттарын картадан  табу.

2. Карта  бойынша  ірі  теңіз  проттарын  анықтау.

3. Ірі теңіз  каналдары  мен  бұғаздарды  көрсетіп  олардың  жүк  тасымалдаудағы  маңызын   сипаттау.

5 кезең .  Географиялық  есеп.

1.екі  автомобильге  бірдей  мөлшерде  5 тонна  жүк  тиелді. Біріншісі  10  км  қашықтыққа, екіншісі  100  км – ге  тасып  апарды, олардың  қайсысы  көп  жұмыс  атқарды?

Шешуі: Жүк  айналымы  дегеніміз  уақыт  бірлігі  ішінде  белгілі  қашықтыққа  тасымалданған  жүк  мөлшері.

1.автомобиль: 5  тонна* 10 км = 50 тонна  км.

2.автомобиль: 5 тонна * 100 км = 500 тонна  км.

Жауабы: 2-ші  автомобиль  көп  жұмыс  атқарды.

                                     6 кезең.Ой – толғаныс.

Биылғы  2012  жылғы  Елбасы  жолдауында  инфрақұрылымды  дамыту  үшін  қандай  маңызды  істер  жоспарлануда.

Жауап: Батыс – Еуропа – Батыс – Қытай   халықаралық  автомобиль  дәлізінің  қазақстандақ  учаскесінің  құрылысын  анықтау.

2.1200 шақырымға  созылатын  Жезқазған - Бейнеу   және  Арқалық – Шұбаркөл  екі  темір  жол  желісі  құрлысына  кірісудің  маңызы  үлкен. Бұл  жобалар  Жезқазған – Арқалық  өңірінің дамуына  қуатты  серпім  беретін  болады.

 7 кезең. «Пікір  талас».

«Көлік  кешенінің  пайдасы  мен  зияны». Оқушылардың  ой – пікірі.

8 кезең.  Білімді  бекіту сұрақтары:

1. Көліктің  ең  жылдам  түрі - Ұшақ

2. Таситын  жүк  көлемі  жағынан  ірі  көлік - Теңіз

3. Ең  қымбат  көлік - Ұшақ

4. Таситын  жолаушылар  саны  жағынан  ірі  көлік -  Автомобиль

5. Жүк  айналымы  бойынша  ірі  көлік – Теңіз.

6. Экологиялық  лас  көлік -  Автомобиль.

7. Ең  арзан  көлік -  Құбыр.

8. Қақпадан қақпаға  жеткізетін  көлік – Автомобиль.

9. Басқа  көлік  түрлеріне  ұқсамайтын  көлік – Электронды.

8   Кезең.  Сабақты  қорыту.

Кезең.  Білімді  бағалау.

Кезең.  Үйге  тапсырма.40  кескін  картаға  көлік  кешенін  түсіру


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Көлік түрлері.
Көлік кешені
Қазақстанның көлік және коммуникация кешені
Мұнай және газ өнеркәсібі
«Атажұрт» этногеографиялық ойын сабағы
Орталық Қазақстан шаруашылық географиясы
Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
Алғашқы саяхатшылар
Дүние жүзінің көлік кешені
Теңіздер мен көлдер
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 14552 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык