Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мұнай және газ өнеркәсібі


Мұнай және газ өнеркәсібі

Мұнай және газ өнеркәсібі

Сабақтың мақсаттары:             

Білімділік:

Отын-энергетика кешенінің шаруашылықтағы рөлін көрсету. Отын-энергетика кешенінің құрамымен және оның негізгі салаларымен таныстыру.

Тәрбиелік:

Жаңа сабақты меңгертуде пәнаралық байланысты қолдана отырып ізденуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға дағды қалыптастыру. Отын өнеркәсібіндегі экологиялық проблемаларды шешуге тәрбиелеу.

Дамытушылық:

Оқушыларды оқулық пен тақырыптық карталарды, статистикалық материалдарды талдау, диаграмма, кесте, карта-сызбанұсқа құру және ақпарат құралдарымен жұмыс істей алу біліктіліктерін қалыптастыру. Жаңа технологияны меңгерту және қосымша тапсырмалар беру негізінде, логикалық ой-өрісті қамту;

Сабақтың типі:

Жаңа материалды меңгеру сабағы:

Сабақтың түрі: 

Ашық сабақ

Сабақ әдісі:

Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Көрнекілігі:

Оқулық, Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік  картасы, атлас, сызбалар, интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс:

әдебиет, химия, география, экология, эстетика т.б.

Сабақ барысы:  

І. Ұйымдастыру кезеңі                   

ІІ. Жаңа білімді меңгерту.

IІІ. Оқушылар білімін бекіту.

ІV.   Үй тапсырмасы туралы хабар беру.

V. Жаңа сабақты қорытындылау

VI. Бағалау

І. Ұйымдастыру кезеңі

   А) Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру;

Ә) Оқушыларды түгендеу, топқа бөлу; Б)Оқушылар назарын сабақ барысында білім алуға бағыттап, бірыңғайлап қою.

І-топ-«Мұнай»

ІІ-топ-«Газ»

 II.Жаңа сабақ материалын түсіндіруге дайындық

Еліміздегі салааралық кешендердің қайсысы жетекші рөл атқаратынын естеріңе түсіріңдер. Оның негізгі міндеті қандай?

Оқушыларға жеке және жаппай сұрақтар қою арқылы отын түрлері, олардың  орналасқан аудандары туралы 8- сыныпта алған білімдерін нақтылау

ІІІ. Жаңа сабақ материалын түсіндіру кезеңі.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Отын-энергетикалық кешен (ОЭК). Ол екі саладан тұрады. Отын өнеркәсібі мен элект энергетикасы. Оның негізгі міндеті-халықты, шаруашылықтың барлық салаларын отынмен және энергия қуатымен қамтамасыз  ету. Отын және электр энергиясы шаруашылықтың барлық салаларына өте қажет. Еліміздегі отын өнеркәсібінің салаларын естеріңе түсіріңдер.

Отын-энергетика кешені 

Балалар, біздер енді отынның түрлерімен жақынырақ таныс болу үшін  екі топқа бөлініп әр-түрлі тапсырмалар орындаймыз. Әрбір топ оқушылары берілген тапсырмаларды орындайды.

1-кезең. Танысу

1-топ. Мұнай-қошқыл қоңыр, қара көк, қоймалжың сұйық зат. Мұнайды еш уақытта шикі күйінде пайдаланылмайды. Оны өңдеп 300 түрлі өнім алады: ең, қажетті өнімдерінің бірі машиналарға арналған отын (бензин, керосин) және химия өнеркәсібіндегі шикізаттар, оның ең соңғы қалатын қалдығы гудрон жол құрылысында пайдаланылады. 350 градус температурада қайнаған мұнайдан мазут бөлінеді, оны электор станцияларынды, металлургия пештерінде отын ретінде пайдаланады.

2-топ. Газ-толық қалдықсыз жанатын, ауаны ластамайтын, құбыр арқылы тасымалданатын газ пропан «СзН », метанды «СН » кейбір автокөлікті жүргізуге пайдалынады

Электронды оқулық арқылы түсінік беру.

Қазақстанның қандай аймақтарында мұнай қоры шоғырланғанын естеріңе түсіріңдер. Қазақстанда алғашқы мұнайдың 1-т-сы қай жылы және қай жерден алынды? (Батыс Қазақстанда шоғырланған, 1899 жылы Орал-Ембі алабындағы Қарашүңгілден игерілді)  

2-кезең. Кім жылдам?

Картаданы пайдаланып,  мұнай мен газ кен орындарын табыңыздарда, мына кестеге толтырыңыздар.

Мұнай

Газ

 

 

1970 жылдары республикамыздағы барлық мұнайды үш облыс (Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе) өндіретін, қазір 6 облыс өндіріп отыр. Көш бастаушы Атырау облысы. Олар қай облыстар екенін анықтап, кескін картаға белгіле. Көш бастаушы Атырау облысы. Мұнай қоры жағынан (4,8 млрд т) Қашаған дүние жүзінде бесінші орында.

Қазақстандағы минералдық отын қоры, 2008

Минералдық отын

Қоры

Әлемдегі орны

Әлемдегі қордағы үлесі, %

Мұнай, млрд т

5,3

8

3,2

Табиғи газ, млрд м3

3

10

1,6

Оның көлемі жөнінен дүние жүзінде жоғарғы орындардың бірін алады

Оқушы

Мұғалім

Оқушылар бір-бірден мұнай мен газ туралы не білетіндерін айтып шығады.

І-топ

Мұнайдың ерекшеліктерін, пайдалану жолдарын

ІІ-топ

Газдың ерекшеліктерін, пайдалану жолдарын

«Ой қозғау» стратегиясы. 57-суретке қарай отырып, елімізде мұнайды шаруашылыққа қалай қолданатынына мән беріңдер. Мұнай өндіретін жерді қалай атайды? Оны тасымалдауда қандай көлік түрлері қолданылады? Мұнайды қайда өңдейді Қандай өнімдер алынады? Оны қайда қолданылады? Қазақстан Мұнайды қандай елдерге экспортқа шығарады?

   (Өндіріс ауданынан тұтынушыға темір жол аркылы цистернада және Каспий теңізі арқылы танкермен тасымалданады. Бірақ негізгі бөлігі құбыр арқылы тасымалданады. Мұнай тасымалдауда кұбырдың рөлі тиімді болғандықтан жыл өткен сайын оның үлесі артуда.

3-кезең. Қайда, кіммен, қалай?  (Кестемен жұмыс)

Отынның түрлері

Кен орындары

Шартты белгісі

Игерілген жылдары

Орналасқан жері

Мұнай

Қарашүңгіл

Доссор

Мақат

Өзен, Жетібай

Қаражамбас

Теңіз

Құмкөл

Қашаған

 

 
   

 

 

 

 

1899

1911

1915

1965

1975

1979

1980

2000

Атырау,

Маңғыстау, Қызылорда

Газ

Қарашығанақ

Қаламқас

Кеңқияқ

Теңіз,Имаш,  Батыс Прорва

 

1980

1979

196

Атырау,

Ақтөбе,

БҚО

1-тапсырма.

58-суреттен мұнай-газ алаптарын, негізгі мұнай, газ  құбырларын, мұнай өңдейтін орталықтарды, олар қай жердің мұнайын өңдейді?

(Мұнайды мұнай өңдейтін зауыттарда (МӨЗ) өңдейді. Мұнай өңдейтін зауыт көбінесе тұтынушыға негізделген. Қазақстанда 3 ірі мұнай өңдейтін зауыт (Атырау, Павлодар, Шымкент) және кішігірім отын жанар-жағармай зауыты Қарашығанақта жұмыс істейді. Құбырдың мұнайды өткізу мүмкіншілігі жоғары. Диаметрі 83 см болатын құбыр жылына 10 млн тонна өткізе алады. Сонымен бірге өрт шығу қаупі құбырларда сирек болады. Қазақстандағы магистральді мұнай құбырының ұзындығы 7000 км-ден артық. Ең ірілері Атырау-Новороссийск, Атырау-Самара, Атасу- Алашаңкоу және Омск-Павлодар-Шымкент.

Атырау мұнай өңдей зауыты-Атырау-Ембі және  Маңғыстау алабы мұнайын өңдейді.  Павлодар, Шымкент мұнай өңдеу зауыттары Омбы-Павлодар-Шымкент мұнай құбырымен келетін Батыс Сібір және  Құмкөл мұнайымен жұмыс істейді.)

VI. Сабақты бекіту.  Миға шабуыл стратегиясы

Сәйкестерін тауып қой. “Сандық диктант”

Орал-Ембі алабы

Маңғыстау алабы

Оңтүстік-Торғай алабы

Солтүстік Каспий

Шу-Сарысу (газды)алабы

7

8

5

1

5

 

9

 

 

 

 

 

6

 

 

                             

1.Солтүстік Бозащы; 2. Қашаған; 3. Қарашығанақ; 4.Прорва; 5. Кеңқияқ; 6.Амангелді; 7.Доссор; 8.Теңіз; 9.Құмкөл.

Географиялық диктант

1-топ. Мұнай

Айыру жолмен мұнайдан __________________________________алынады. Қайта өңделген мұнайдың қалдығынан__________отын ретінде қолданылады. Мұнайдың қатты қалдығы-________жол құрылысында пайдаланылады. Қазақстандағы мұнай қоры газ конденсатымен бірге ______, газ қоры_________құрайды. Қазақстанда мұнай ________жылдан бастап өндірілді. 1911 жылы_________кен орны, 1915 жылы _________кен орыны игерілді. 1979 жылы ашылған _______________кен орны-әлемдегі ірі мұнай кен орындарының бірі болып табылады. Каспий қайраңында___________________________________ірі кен орындары ашылды.  Жетібай мен Өзен кен орындары_____________түбегінде, Қаламқас пен Қаражанбас _________________түбегінде орналасқан. _____________________қалаларында мұнайды қайта өңдеу зауыттары жұмыс істейді.

2-топ. Газ

Газдың қоры жағынан Қазақстан әлемде Каспий қайраңын қоса есептегенде____орынға ие. Газ өндіру көлемі жағынан____________________млрд.текше м Қазақстан______________орынға ие. Қазақстандағы барлық газ қорының 70 %-ы__________________________газ-конденсатында. Газ өңдеу зауыттары _________________және_________________жұмыс істейді.

Қазақстан төмендегі берілген мемлекеттердің қайсысынан газ алады (қажеттісінің астын сыз):

“Семантикалық карта”

Бағандардағы тапсырмаларға сәйкес орналасуын  Х  белгісімен белгілеңдер.

V.Сабақты қорытындылау:    Өзін-өзі тексеру кезеңі.

Тест жұмысы:

1.Отын-энергетика балансын (тепе-теңдік) анықтау үшін барлық отын түрлерін неге ауыстырады?

А) отынның барлық түрлеріне;       ә)шартты отынға;+      б)газға;

в) электр қуатына;            в)минералды шикізатқа.

2.Энергия қуатының «көгілдір» ресурсы:

А) өзен;+         Ә)күн көзі;       Б) жел;      В)жердің ішкі жылуы;  Г) барлығы.

3.Қазақстандағы ірі мұнай-газ алабы;

А) Оңтүстік Торғай;     Ә)Маңғыстау;      Б)Шу-Сарысу;      В)Зайсан;

Г)Орал-Ембі.+

4. Мұнайды өңдегенде қандай зат алынады?

А)бензин;       Ә)сұйытылған газ;   Б)аталғанның бәрі;+
В)керосин;     Г)майлайтын май.

5.Қазақстанның ірі газ кен орындары:

А) Теңіз;        Ә) Қашаған;     Б) Жаңажол;      В) Имашев;       Г)Қарашығанақ.+

6.Қазақстанның оңтүстік облыстарын газбен қамтамасыз ететін:

А)Бұхара-Орал;+     Ә)Бұхара-Алматы;       Б)Орта-Азия-Орталық;

В)Атырау-Самара;         Г)Атырау-Новосибирск.

7.Мұнайды тұтынушыға құбырдан басқа қандай жолмен жеткізеді?

А)әуе;      Ә)Автокөлік;       Б)танкер;+    В)күш көлігі;    Г)дұрыс жауап жоқ.

8.Қазақстанда мұнай өңдеу зауыттары орналасқан қалалар

А) Қостанайда, Петропавлда, Көкшетауда

Ә) Семейде, Өскеменде,Алматыда

Б) Атырауда, Шымкентте, Павлодарда

В) Таразда, Қарағандыда, Ақтөбеде

Г) Қызылордада, Талдықорғанда, Астанада

Дұрыс жауап: Б

9.Қазақстандағы ең алғашқы игерілген мұнай кен орны

А) Қаламқас        Ә) Теңіз       Б) Қашаған        В) Өзен        Г) Доссор

Дұрыс жауап: Г

10.Отын-энергетика кешенінің салалары

А) Көмір, металлургия         Ә) Көлік және ауыр өнеркәсіп

Б) Отын, энергетика         В) Энергетика, химия         Г) Металлургия, көлік

Дұрыс жауап: Б

11.Қазақстанда 1911 жылы игерілген мұнай кен орны:

A) Құлсары    Ә) Мақат    Б) Доссор    В) Қосшағыл     Г) Жаңа өзен

Дұрыс жауап: Б

12.Қазақстанның негізгі табиғи газ қоры шоғырланған жер:

A) Ақтөбе   Ә) Шымкент   Б) Павлодар   В) Қарағанды    Г) Маңғыстау түбегі

Дұрыс жауап: Г

13.Мұнай кен орындары

А) Доссор, Теңіз         Ә) Майкүбі, Кемпірсай         Б) Өзен, Екібастұз

В) Торғай, Қоңырат           Г) Құмкөл, Саяқ

Дұрыс жауап: А

14.Қайсы кен орындары ең ірілердің қатарына жатады?

А)Доссор;    Ә)Мақат;     Б)Қаражамбас;    В)Теңіз;     Г)Қаламқас.

VI. Үйге тапсырма:  тақырып соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беріп келеміз

VII. Бағалау: Сабаққа жақсы араласып, белсенген оқушыларды бағалаймын


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Машина жасау кешеніне тақырыптық тест сұрақтары
Пайдалы қазбаларды өндіру мен қорғау.
Көмірсутектердің табиғи көздері. Табиғи және мұнайға серік газдар.Олардың құрамы, қолданылуы. Мұнайды өңдеу әдістері.
Қазақстанның көлік және коммуникация кешені
«Атажұрт» этногеографиялық ойын сабағы
Көлік және байланыс географиясы
Орталық Қазақстан шаруашылық географиясы
Отын энергетикалық кешен. Кешеннің ерекшелігі мен маңызы. Мұнай және газ өнеркәсібі
Көмір өнеркәсібі Электр қуаты
«Энергиямен қамту көздері»
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 31697 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык