|
|
Глобус. Глобустан картаға көшу
Мақсаты:
Білімділік: Географиялық ендік, бойлық, координаталық тор деген түсініктерді қалыптастыру. Географиялық координаттарды анықтау жолдарын, әдіс-тәсілдерін үйрету. Глобус, оның маңызы мен глобустан картаға көшіру тәсілдері туралы білім беру.
Дамытушылық: Интербелсенді тақтамен, глобуспен жұмыс істеуді дамыту.
Тәрбиелік: География пәніне деген қызығушылықты ояту, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: жергілікті жердің планы картасы, интербелсенді тақта, глобус, дүниежүзінің физикалық картасы.
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі
4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
5. Сабақты қорытындылау кезеңі
6. Бағалау кезеңі
7. Үйге тапсырма беру кезеңі
Сабақтың барысы
Сабақ-тың кезеңде-рі |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеті |
1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) |
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. |
Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. |
2. Үй тапс-ырмасын тексеру кезеңі. (10 мин) |
Шартты белгілерді пайдалана отырып, географиялық диктант алу: |
Мұғалімнің үйге берілген тапсырмаларына дайындалып, сұрақтарды мұқият тыңдап, жауап беру. Интерактивті тақтадағы суреттерді еске түсіріп, мұғалімнің сұрақтарына жауап беру. |
3. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі (13 мин) |
1. Глобус Жердің нақты үлгісі екендігіне оқушылардың көзін жеткізу. 2. Глобустан қажетті нүктелерді табу және өлшеу жұмыстарын жүргізу. Меридиандар, параллельдерді табу. 3. Жер шары бетіндегі географиялық объектілер карта бетіне бұрмаланусыз түспейтіндігі. Ендік, бойлықпен жұмыс істеуді, географиялық координаттарды анықтау жолдарын үйрету.
|
Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтадағы суреттерді бірге талқылап, оларды түсіндіреді. Керек жерлерін жазып, сызып алады. |
4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі (10 мин) |
Төмендегі тапсырмаларды орындау: - Қазақстан Репсубликасы қандай жарты шарда және қай ендікте орналасқан? - Африка материгінің төрт шеткі нүктесін тауып, олардың 4 бағытта орналасуына көз жеткізу. |
Оқушылар тапсырмаларды орындау барысында атласты, жарты шарлар картасын және дүниежүзінің физикалық картасын пайдаланады. |
5. Сабақты қорытындылау кезеңі (7 мин) |
Тақырыпты қорытындылай келе фронтальды сұрақтар қою:
|
Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді. |
6. Бағалау кезеңі (2 мин) |
Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды. |
Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады. |
7. Үйге тапсырма беру кезеңі (1 мин) |
§ 11-12 оқу. 29 суретті салып келу.Анықтамаларды жаттау. |
Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды. |
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |