Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері


Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері

Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері

Білімділік:  Қазақстанның топырағы туралы көзқарастарын одан ары кеңейту. Қазақстан аумағында кездесетін топырақ типтеріне тоқталу, олар қандай табиғат зонасында жатқанын анықтау. Топырақ құнарлылығын кемітетін топырақ эрозиясының түрлерін айтып, топырақты қорғау шараларын түсіндіру.    

Дамытушылық: Оқушылардың жеке тапырмалармен жұмыс істеу арқылы өздігінен жұмыс істей білу дағдысын одан әрі қалыптастыру.  Икемділіктері мен дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Топырақэрозияларымен таныстырып, оқушыларды бұл мәселелерді шешудің жолын табуға бағытттау арықылы, ойлау дағдыларын арттыру, өз отанына деген жауапкершілік пен сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар

Сабақтың кезеңдері:  

Сабақтың барысы:

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

(1 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2

(8 мин)

Ең алдымен өткен тақырыпты еске түсіру үшін келесі сұрақтарды қояды:

1)      Топырақты зерттеген ғалым кім?

2)      Топырақ құрушы факторларды атаңдар.

3)      Топырақтың қара шірігі қалай пайда болады?

4)      Топырақтың механикалық құрамына нелер жатады?

Оқушылар өткен сабақта алған білімдерін еске түсіру үшін мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап береді:

1)      Топырақты зерттеуші – орыс ғалымы В.В. Докучаев.

2)      Топырақ құрушы факторлар – су, ауа, жылу, өсімдік және тірі ағзалар, тау жыныстарының үгілуі.

3)      Аналық тау жыныстарынан кейін топырақ құрушы жетекші факторлар ағзалардың тіршілік әрекетінің нәтижесінде шығатын тасты бұзатын қышқылдар тау жыныстарын ерітуінен шірінді (гуммус) пайда болады.

4)      Топырақтың механикалық құрамы ірілі және ұсақ минерал бөлшектерінің жиынтығы.

3

(10 мин)

Жаңа тақырыпты өткен тақырыппен байланыстыра жүргізеді. Жаңа тақырыпты меңгерудің жоспары:

  1. Қазақстанның топырақ жамылғысын сипаттау, олардың табиғат зоналары бойынша қалай таралғанын баяндайды.
  2. Қазақстан аумағындағы топырақтың түрлеріне тоқталып кетеді: қара топырақты зона республиканың солтүстік шетін, қара қоңыр топырақ қара топырақтың оңтүстігінде орналасқан. Қара қоңыр топырақты зонаның оңтүстігінде шөлді аймақ топырақтары алып жатыр.
    1. Кейін топырақ эрозиясы туралы, ол қарқындылығына байланысты 2-ге бөлінетінін: 1) геологиялық эрозия (денудация), 2) антропогендік эрозия (жыллдамдатылған). Топырақ эрозиясымен күресудің арнайы тәсілдері бар екенін айтып өтеді.

Республикада эрозияға бейім жер 70 млн га-дан астам, оның 52 млн га-ы жел эрозиясына бейім, ал 17 млн-нан астамы су эрозиясына бейім екенін Қазақстан Ұлттық Академиясының анықтағанын айтып өтеді. Павлодар облысында (1955-1958 жж) күңгірт қара қоңыр топырақты аймақ жыртылып, 805 мың га жер эрозияға ұшырап, егістікке жарамай істен шығып қалғанын айтады.

Оқушылар мұғалімнің әңгімесі мен оқулықтың мәтінін пайдалана отырып, тақырыпты меңгереді. Олар келесіні анықтайды:

Қазақстан аумағында таралған топырақ түрлері:

1)      қара топырақты зона республиканың солтүстік шеті – 25,5 млн га – 9,5%

2)      қара қоңыр топырақты зона республиканың қуаң және шөлейтті алқаптары

3)      шөлді аймақ топырақты зона, мұнда негізінен қоңыр және сұр-қоңыр топырақ жамылғысы басым.

Топырақ эрозиясының түрлері:

  1. Жел эрозиясы
  2. Су эрозиясы. Су эрозиясының топыраққа тигізетін әсеріне қарай екіге бөлінеді: 1) беттік, 2) сызықтық

Республикада эрозияға бейім жер 70 млн га-дан астам, оның 52 млн га-ы жел эрозиясына, ал 17 млн-нан астамы су эрозиясына бейім.

Эрозиямен күресу шаралары:

1)      Агротехникалық шаралар

2)      Тыңайту шаралары

3)      Гидротехникалық шаралар

4

(20 мин)

Тақырыпты бекіту үшін сұрақтар мен тапсырмалар береді:

1) кестеге топырақ эрозиясының түрлерін жазып, сипаттама беру.

2) Қазақстан аумағында қандай топырақ типтері таралған?

3) Топырақ эрозиясымен күресу шараларын ата.

Оқушылар сұрақтар мен тапсырмаларды орындайды:

1)

Топырақ  эрозиясының түрлері

Жел эрозиясы

Су эрозиясы

Топырақтың беткі құнарлы қабатын ұшырып әкетеді

Беттік

Сызықтық

 

Топырақтың  беткі қабатын бірқалыпты шайып әкетеді

Кішігірім орлар мен ірі жыралар пайда болады

2)      Қазақстан аумағында қара топырақты зона, қара қоңыр топырақты зона, сұр-қоңыр топырақты зона таларған.

3)      Топырақтың эрозиясымен күресу шаралары: Агротехникалық шаралар, тыңайту шаралары, гидротехникалық шаралар

5

(2 мин)

Сабақты қорытындылау үшін оқушыларға келесі сұрақтарды қояды: 1) Бүгінгі сабақта не білдіңдер? Сабақ несімен қызықты болды?

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, сабақты қорытындылайды: Бүгінгі сабақта Қазақстанның топырақ жамылғысымен таныстық, оның қасиеттері мен топырақ эрозиясын білдік.

6

(2 мин)

Оқушыларды сабақтағы белсенділігіне қарай бағалайды. Күнделіктеріне бағаларын қояды.

Оқушылар алған бағларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады.

7

(2 мин)

Үйге §36, кескін картаға топырақ түрлерін түсіру.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері
Қазақстанның топырақ типтері
Топырақ экологиясы
Қазақстанның топырақ жамылғысы
Қазақстанның топырақ жамылғысы
Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері
Қазақстандағы топырақ типтері
Қазақстандағы топырақ типтері
Топырақтың маңызы
Қазақстандағы топырақ типтері
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 3207 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык