Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақстанның топырақ типтері


Қазақстанның топырақ типтері

Қазақстанның топырақ типтері

Ақтөбе облысы

Байғанин ауданы

Қарауылкелді ауылы

Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің

тарих және география пәнінің мұғалімі

Тажибаева Алмагүл Наурызбаевна

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның топырақ типтері

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға Қазақстандағы топырақ типтері, топырақ эрозиясы оны қалай қорғау туралы жалпы түсінік беру
  2. Оқушылардың электронды оқулық пен картаны пайдалану арқылы,  олардың ой өрісін, зейінін, дағдысы мен іскерлігін пәнге деген қызығушылығын дамыту.
  3. Оқушыларды ұқыптылыққа, әдептілікке,  экологиялық тәрбие беру арқылы адамгершілікке баулу.

Сабақтың тегі:  жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:  сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау

Сабақтың түрі:  Электронды оқулықты пайдалану арқылы  модульдік оқытудың  «Бақытты сәт» кезеңі бойынша  іздену сабағы.

Пәнаралық байланыс:  әдебиет, экология

Сабақтың көрнекілігі: Электронды оқулық, Қазақстанның физикалық картасы, сызба кестелер

Сабақтың жоспары:

I кезең   – ұйымдастыру (2 мин)

II кезең  – үй тапсырмасын тексеру (15мин)

III кезең – жаңа тақырыпты меңгерту (20мин)

IV кезең – білім мен икемділікті бекіту (5мин)

V кезең – үйге тапсырма беру ( 3 мин)

VI кезең – бағалау кезеңі

VII кезең – қорытындылау

Сабақтың  барысы:

I кезең – ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.

II кезең  – үй тапсырмасын тексеру. Тест.

1.Алғаш топырақтың жұқа қабаты қашан пайда болған?

А. 650 млн жыл бұрын                     Ә. 520 млн жыл бұрын

Б.  500 млн жыл бұрын                     В.  300 млн жыл бұрын

2. Қазақстанның шөлейт және шөл зоналарының топырағы

А. Қара топырақ                              Ә. Құмды және құмдауытты

Б. Сұр                                                  В. Орманды далалық   

3. Құрылымды топырақ түрі:

А. Құрылымы кесек                         Ә. Түйіршіктері ұсақ

Б. Сазды                                    В. Құмдауытты

4.Топырақтың қара шірігі қалай аталады?

А. Гумус                               Ә.   Гамада

Б. Борықты сор                     В.Бедленд(шөл адыр)

5.Топырақтану ғылымын зерттеген ғалым кім?

А. Қ.И.Сәтбаев                    Ә.   Ш.Уәлиханов

Б. В.В Докучаев                   В. А.Н Краснов

III кезең – жаңа тақырыпты меңгерту (20мин)

Жоспары:

1.Топырақ түрлері

2.Зоналарға таралуы (видео пайдалану)

3.Алып жатқан аумағы

4.Шаруашылыққа пайдаланылуы

5.Топырақ эрозиясы

          Зоналар

 Таралып жатқан аумағы

Алып жатқан аумағы

Шаруашылыққа пайдаланылуы

1

 Қара топырақты зона

1.сілтісізденген қара топырақ

2. кәдімгі қара топырақ

3.қуаң даланың қара топырағы

Слтүстік қазақстан түгелімен,Қостанай,

Ақмола,Павлодар,

Ақтөбе,Батыс Қазақстан

 

 

25,5 млн.га

(9,5 %)

Республиканың

Астық өндіреті алқабы

2

Қара қоңыр топырақ

1.қуаң даланың күңгір топырағы

2. қуаң даланың  жай қара топырағы

3.шөлейт жердің ашық қара топырағы

Орталық Қазақстанның көп бөлігін,Каспий маңы ойпатының солтүстігі,Шығыс Қазақстан облысының жазығы.

 

 

90,6 млн.

(34 %)

Солтүстігі астық өндіру,

Мен мал шаруашылығы

3

Қара қоңыр топырақты зона

1.қоңыр топырақ

2.сұр қоңыр топырақ

 Қазақстанның Оңтүстік бөлігін түгел қамтыған.

 

 

 

 

120 млн.

(44% )

Мал шаруашылығымен және суармалы егіншілікпен

 

Топырақ эрозиясы  жайлы  кесте бойынша түсінік беру.  ( Топырақтың құнарлығын кемітетін табиғаттағы апаттардың бірін топырақ эрозиясы деп атаймыз)

Топырақ эрозиясының түрлері

Сел тасқын

Топырақтың жел эрозиясы

Топырақтың су эрозиясы

Шаңды дауыл

Күнделікті жел эрозиясы

Топырақтың шайылуы

Жыра эрозиясы

Таудағы эрозия

IV кезең – білім мен икемділікті бекіту (5мин)

Жел эрозиясы мен су эрозиясын салыстыру (ВЕНН диаграммасы бойынша)

Жел эрозиясы

Су эрозиясы

Ұқсастығы

V кезең – үйге тапсырма беру ( 3 мин)

36. Қазақстанның топырақ  типтері.

Топырақты қорғау туралы шығарма жазу

VI кезең – бағалау кезеңі

VII кезең – қорытындылау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері
Топырақ экологиясы
Қазақстанның топырақ жамылғысы
Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері
Қазақстанның топырақ жамылғысы
Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері
Қазақстандағы топырақ типтері
Қазақстандағы топырақ типтері
Топырақтың маңызы
Қазақстандағы топырақ типтері
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 8045 | Қосты: алмагул тажибаева | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык