Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » САРЫАРҚА



САРЫАРҚА

«Сарыарқа» тақырыбын өткенде оқушылардың оның географиялық орнын анықтай алуға, картадан көрсетіп сипаттай білуге, пайдалы қазбалардың заңдылықтарын, климатының ерекшеліктерін, ішкі суын, жер бедері арасындағы байланысты аша білуге дағдыландыруды, табиғат қорғау ісіне назарларын аудару, бірін-бірі тыңдай білуге, тапқырлыққа, жылдамдыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеуді мақсат етіп қойдым.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, атлас картасы, Сарыарқаның табиғат көріністерін бейнелейтін слайдтар, пайдалы қазбалар үлгісі. Әріптер, сандар жазылған белгілер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. ( Сәлемдесу, түгендеу)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Солтүстік қазақ жазығын картадан көрсетіп, географиялық орнына сипаттама беріңдер
  2. «Жорға» ойыны. Сөзжұмбақ шешу.

 1

 

 

 

С

 

 

 

 

 

 

 

 2

 

 

 

О

 

 

 

 

 

 

 

 3

 

 

 

Л

 

 

 

 

 

 

 

 

 4

 

 

Т

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 5

Ү

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 6

 

С

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 7

 

Т

 

 

 

 

 

 

 

 

 8

 

 

І

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10Қ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 11

А

 

 

 

 

 

 

 

 

 12

 

 

З

 

 

 

 

 

 

 

 

 13

 

 

А

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14Қ

 

 

 

 

 

 

 

      СҰРАҚТАРЫ:

  1. Негізгі өзені? (Ертіс)
  2. Жер бедері қандай эрада қалыптасқан? (Кайназой)
  3. Орал тауынан басталатын өзен? (Тобыл)
  4. Орманда шоқ-шоқ болып өседі? (Көктерек)
  5. Ертіс-Құлынды жазығының ең үлкен көлі? (Шүрексор)
  6. Ірі темір кен орны? (Лисаков)
  7. Есілдің жағасындағы қала? (Астана)
  8. Пайдалы қазбасы? (Темір)
  9. Қысқа қарай келетін құс? (Кекілік)
  10. Тобыл-Обаған жазығының ең үлкен көлі? (Құсмұрын)
  11. 1959 жылы ұйымдастырылған қорық (Наурызым)
  12. Есіл өзені бастау алатын тау? (Нияз)
  13. Солтүстік Америкадан әкеліп жерсіндірілген аң? (Ондатр)
  14. Орманды дала, дала зоналарының шөлтиін өсімдігі? (Қарабас)

ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. «Сарыарқа» күйін тыңдату.
  2. Қандай күй?
  3. Кім жазған?
  4. Құрманғазының суретін слайдтан көрсету
  5. Осы күйді тыңдай отырып, не ойладыңдар, не елестеді?

Олай болса бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Сарыарқа»

ü 3 мақсатын айту

Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Топ басшыларын сайлайды. Топ басшылары бақылау парағына  топ мүшелерінің білімін бағалайды. Әрбір топ мүшелеріне әріптер және сандар жазылған төсбелгілер тағылады ( мысалы: А-1; А-2; А-3; А-4…)

«Қарлы кесек» ойыны

Оқушылыр жаңа сабақты өздері меңгереді.

А тобы – географиялық орны, жер бедері, геологиялық құрылысы.

Ә тобы – пайдалы қазбалар.

Б тобы – климаты, өзендері, көлдері

В тобы- табиғат зоналары, өсімдігі, жануарлары

10 минут оқуға беріледі. Мұғалім әріптердің орнына 1,2,3,4 сандарын қояды.

Енді оқушылар:

№1 столға А-1, Ә-1, Б-1, В-1

№ 2 столға А-2, Ә-2, Б-2, В-2

№ 3 столға А-3, Ә-3, Б-3, В-3

№ 4 столға А-4, Ә-4, Б-4, В-4

Ал,  А-5, Ә-5, Б-5, В-5 оқушылар тақтада сызба-конспект (модель) жасайды.

№1 столдан бастап алфавит ретімен оқушылар өздерінің оқыған тақырыптарын әңгімелейді, картадан көрсетеді.

«Сіз білесіз бе?»

Слайд арқылы сұрақтар қойылады, суреттер көрсетіледі. Оқушылар өздерінің үйден іздеп, тауып әкелген мәліметтері бойынша әңгімелейді. Мұғалім толықтырады. 

  1. Неліктен Сарыарқа және Қазақтың ұсақ шоқысы деп атайды?
  2. Шайтанкөл
  3. Ұлытау
  4. Көкшетау (Бурабай, Оқжетпес)
  5. Баянауыл
  6. Ертіс – Қарағанды каналы
  7. Астана қаласы
  8. Қорғалжын қорығы

ІV. Бекіту, қорытындылау.

  1. Венн диаграммасы.

 А тобы – Мұғалжар

Ә тобы – Маңғыстау

Б тобы – Сарыарқа

В тобы – ұқсас белгілері

  1. «Даналық ағашы». Оқушылар сұрақтар құрап, сандықшаға салады. Содан кейін оқушылар осы сұрақтарды алып оқиды да,  жауап береді.
  2. Әр топ өз тақырыптарын қорытып, өлең шығарады.

Мұғалімнің қорытындылауы

V. Үйге тапсырма. § 43 тақырыпты оқу,

- эссе жазу (көрікті жерлерге)

- сөзжұмбақ, ребус құрау

- сурет салу (Сарыарқаға байланысты)

VІ. Бағалау. Топ басшыларының бақылау парағына қойылған бағалары бойынша бағалар қойылады. Топ басшыларына мұғалім баға қояды.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сарыарқа
Солтүстік Қазақ жазығы
Қазақстанның жазықтары
Сарыарқа
Жергілікті жердің табиғат зоналары, экологиялық проблемалары
Білгір географ - XXI
Қазақстанның табиғат зоналары
Алтай таулары
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын география сабақтарында қолдану
Сарыарқа
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 3827 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык