Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Конструкциялық материалдар өндіретін басқа салалар


Конструкциялық материалдар өндіретін басқа салалар

Конструкциялық материалдар өндіретін басқа салалар

Білім беру мақсаты: Оқушыларға тақырыпты оқып үйрету,алдынғы алған түсініктерін шыңдау,тереңдету, алған білімдерін өмірде қолдану даңғдысын қалыптастыру;

Дамыту мақсаты: Түрлі әдістердің көмегімен оқушылардың  жан –жақты ойлау қабілетін, есте  сақтау қабілетін, өз білімін өзбетінше толықтыра алу қабілетін, есеп шығару қабілетін дамыту;

Тәрбиелік мақсаты: Сабақ барысында өз елін сүюге, өзара көмек және ұжымшылдыққа, ұқыптылыққа, нақтылыққа,жылдамдыққа ,уақытты сезінуге тәрбиелеу,пәнге деген қөзқарасты,білімге құштарлықты тәрбиелеу, География пәніне қызығушылық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу. 

     Пән аралық байланысы:  Химия ,экономика, технология, құқық негіздері, биология, математика, экология,  қазақ тілі;

Сабақ типі :Жаңа білімді меңгеру сабағы;

Сабаққа қажетті құрал –жабдықтар: Компьютер, интерактивті тақта, Қазақстанның саяси картасы, атлас-кескін карталар, маркерлер, А3 форматтағы қағаз,бағалау үшін жетондар;

Қолданылған әдіс-тәсілдері: Ж.Қараевтің «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі » педагогикалық технологиясының әдістері, Вассерманның бағалау картасы, сұрақ – жауап т.б.

Сабақтың барысы:

А) Ұйымдастыру  сәті

Оқушылармен амандасу,түгендеу;

«Ой ояту» сұрақтарын қою;

Ә) Өткенді пысықтау. (10-12 мин)

Тірек – сызбалармен  жұмыс. 

1) Химия өндірісінің ерекшеліктері;

2) Химия кешенінің салалары;

3) «Төрт  таған» химиясы

Картамен  жұмыс орындау;

Күкірт қышқылын «Қышқылдардың қышқылы», химия өнеркәсібінің наны деп атайды.
Химия зауыттары:  

1.Ақтөбе (Алға) суперфосфат зауыты
2. Шымкент фосфор зауыты
3. Тараз суперфосфат
4. Балқаш, Жезқазған, Өскемен, Риддер,Степногор  күкірт қышқылы
5. Атырау пластмасса, полиэтилен
6. Ақтау пластмасса, тіс пастасы
7. Теміртау ,Қарғанды синтетикалық каучук
8. Шымкент шина
9. Қостанай жасанды талшық
10. Теміртау азот, аммоний сульфаты
11. Өскемен калий тыңайтқыштары

12.Фармацевтика зауыттары: Шымкент, Алматы, Қаскелең,Семей, Қарағанды;  
 б)  «Көпір» қызметін атқаратын тапсырмалар,өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыру;

Конструкциялық  материалдар

 

Дәстүрлік

 

   Жаңа

Темір, мыс, темір мен мыс негізіндегі қорытпалар, бетон, цемент, кірпіш, әйнек, ағаш

Сирек кездесетін металдар қосылған қорытпалар,әйнек пластиктер, метал керамика, гипсекартон

В)Өз бетінше жаңа тақырыпты оқып меңгеру (18- 20мин)

«Тақырыптық  сөздік  қор» әдісі. Мұнда оқушылар бір минут уақыт ішінде осы тақырыпқа байланысты,  кұрылысқа  қажетті материалдарды тізіп жазады. Ең көп  сөз жазған  оқушылар  оқиды.

Құрылыс материалдары өнеркәсібінің құрамы.  Тірек –сызба толтыру.

Шартты белгілер мен жұмыс:

Оқулықтағы 204 беттегі 104-сурет бойынша

Цемент- бетон- темірбетон- анықтама беру.

Қазақстанда өсетін ағаштар? Кескін картамен жұмыс.

Ағаш өңдеу өнеркәсібінің өнімдері? 106 –сурет

Елдің ормандылығын  қалай есептейді?

Сергіту сәті:

Ә) Жұмыс  нәтижесін мұғаліммен бірігіп талқылау;

Негізгі мақсат –ой ояту, оқушыға ой-пікір, қорытынды шығаруға мүмкіндік беру. Тақырыпты қосымша ақпараттар мен толықтыру;Тапсырмалар орындау, мысал – есептер шешу.

Есеп шығару:

Оңтүстік экономикалық ауданның жер аумағы 70,1 млн гектар. Орман аумағы 8,8 млн гектар. Ауданның ормандылық көрсеткішін есептеп шығар.

О = А1 / А2 * 100;   О=8,8/70,1*100=12,5

г) Алған жаңа теориялық білімді практика жүзінде пысықтау;

«Ия немесе жоқ» стратегиясы

Мұғалім үш сөйлемнен оқиды. Егер сөйлем дұрыс болса, оқушы «1» санын, егер дұрыс болмаса, «2» санын жазады. Нәтижесінде үш таңбалы сан шығу керек. Оны мұғалімдегі кілт бойынша тексереді.

Құм, әктас, саз құрылыс материалына жатпайды.2

Шымкент қаласында ірі цемент зауыты орналасқан.1

Ұстастыратын материал – құм.2.  Кілті :212

Темірбетон Қазақстанның барлық ірі қалаларында өндіріледі.1

Ұлутас Қазақстанда өндірілмейді. 2

Цемент өндіруге әктас пен саз қажет. 1.  Кілті: 121

Қазақстанның жер аумағының 4,5 пайыз жерінде орман өседі.1

Солтүстігімізде қайың мен көктерек өседі.1

Шөлді аймақтарда сексеуіл орманы өседі.1.  Кілті : 111

„Ою-өрнек“ перфокартасы

Мұғалім 16 сұрақтан тұратын тест дайындайды. Оқушылар алдын ала 16 төркөзден тұратын перфокарта дайындайды. Мұғалім тест сұрақтарын оқиды (немесе оқушыға жазба түрінде таратады). Оқушылар жауабын перфокартаға белгілейді. Жұмыс соңында алдыңғы келісім бойынша бірдей әріптерді (а,б немесе с) бір сызықпен сызады. Нәтижесінде бір ою-өрнек шығу керек. Оқушылар тапсырманы дұрыс орындаса, мұғалімдегі кілт бойынша ою-өрнек бірдей болып шығады.

Тест тапсырмасы:

1.Негізгі ұстастырғыш материал?

a)     Құм

b)    Цемент

c)     Ұлутас

2.Кенге жатпайтын пайдалы қазба?

a)     Қиыршық тас, саз

b)    Темір, марганец

c)     Полиметал

3.Цемент өндіруге керекті шикізат?

a)     Саз және әктас

b)    Құм және саз

c)     Гипс және саз

4. 1 тонна цемент  өндіруге қанша тонна шикізат қажет?

a)     2 тонна

b)    3 тонна

c)     1,5 тонна

5.Ұлутас қайсы облыста өндіріледі?

a)     Маңғыстау облысы

b)    Қарағанды облысы

c)     Қызылорда облысы

6.Елімізде неше ірі цемент зауыты бар?

a)     3 зауыт

b)    7 зауыт

c)     5 зауыт

7.Бетон құрамына арматура қосып неалынады?

a)     Асбест

b)    Темір бетон

c)     Темір жол

8.Еліміздің жер аумағының қанша пайызын орман алып жатыр?

a)     4,5  пайыз

b)    7,5 пайыз

c)     25 пайыз

9.Еліміздің солтүстігінде өсетін ағаштар?

a)     Қайың, көктерек

b)    Балқарағай, самырсын

c)     Шырша, сексеуіл

10.Целлюлоза – қағаз өнеркәсібінің ақырғы өнімі?

a)     Картон

b)    Қағаз

c)     Фанера

11.Полиграфия өнеркәсібі деген не?

a)     Жазып сипаттау

b)    Қағаз өндірісі

c)     Кітап-қағаз баспасы

12.Ертіс бойында қандай орман өседі?

a)     Қарағайлы

b)    Қайыңды

c)     Шыршалы

13.Үй салуда қабырғалық материалды көрсет?

a)     Бөрене

b)    Шифер

c)     Кірпіш

14.Сирек кездесетін құрлыстық пайдалы қазба?

a)     Ұлутас, асбест

b)    Құм, әктас

c)     Саз, гипс

15.Қож деген не?

a)     Металлургия қалдығы

b)    Отын қалдығы

c)     Қазба-байлық

16.Жаңа консрукциялық материалды көрсет?

a)     Бетон

b)    Пластик терезе

c)     Кірпіш

Тест кілті.

б

 

а

а

с

а

с

б

а

а

б

 

с

а

с

а

 

 а

б

Оқушыларды бағалау. Сабақты  қорытындылау.  Үйге тапсырма беру (3-5 минут)

Үйге 204 беттегі  4- сарамандық жұмысқа дайындалып келу;

Озық оқушыларға тапсырма: «Ормандар – «Планета тынысы», - судың қорғанышы» реферат дайындау;

Үлгерімі төмен оқушыларға тапсырма: Құрылысшылардан бетонның, сылақтың құрамын анықтап, өлшемдерімен  жазып келу


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Машина жасау кешеніне тақырыптық тест сұрақтары
Тоғызқұмалақ ойынының әдіс - тәсілдері
Пайдалы қазбаларды өндіру мен қорғау.
Силикат өнеркәсібі
Конструкциялық материалдар өндіретін басқа салалар
Орталық Қазақстан
Орталық Қазақстан шаруашылық географиясы
Машина шығарудың технологиялық кезеңдері, икемді технологиялар, машина жасауды орналастыру факторлары
Орталық Қазақстан - Қазақстан экономикасы дамуындағы үлесі
Түсті металлургия
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 6987 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык