Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ы. Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесі


Ы. Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесі

Ы. Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесі

Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесі

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың Ыбырай өмірі мен шығармашылығын қалай меңгергендігін пысықтау; әңгімелерінің тақырыбын ашу.

2. Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ойын ашық айта білуге және өз пікірін қорғай білуге баулу.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке, жақсы жолдас бола білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: СТО стратегиялары

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Көрнекілігі: Ы.Алтынсариннің портреті, кітаптар

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастырушылық кезеңі

І. Қызығушылықты ояту

- Оқушыларға түрлі түсті қағаздар үлестіріп, үш топқа бөлу.

- «Сандар сөйлейді...» стратегиясы  (Ы.Алтынсариннің өмірбаяны бойынша сұрау)

- 1841 жылы қандай оқиға болды?

- 1850 жылы қайда түседі?

- 1879 жылы не болды?

Ы.Алтынсарин кім? Осы сұрақ бойынша топтастыру.

ІІ. Мағынаны ажырату

- Сендер кіммен бірге тұрасыңдар?

- Отбасыңда неше адам бар?

- Әкең мен анаңды қалай сыйлайсың?

- Отбасы – тіршіліктің тірегі,-демекші отбасының бала өмірінде алатын орны ерекше. Бүгінгі өтетін тақырыбымыз отбасымен байланысы бар.

- Ы.Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Балаларға арналған әңгімелері өте көп. Бүгін «Әке мен бала» атты әңгімесімен танысамыз.

«Адасқан мәтін» стратегиясы бойынша әңгіменің мәтінін үщ топқа беру. 10 минут ішінде балалар мәтінді ретке келтіріп, оқып, түсінгендерін сұрақтар қою арқылы сұрау.

- Әңгіме кімдер туралы?

- Әкесі жолда не көрді?

- Баласы не деп жауап берді?

- Әкесі ақшаға не сатып алды?

- Жерге түскен шиені баласы не істеді?

- Әкесі балаға не дейді?

Балалар, сөздікпен жұмыс істейік.

- Ескі таға – старая подкова

-  Шие – вишня

- Ұста – кузнец

- Осы сөздермен сөз тіркестерін және сөйлемдер құрастыру.

- Мәтіннен қандай мақал кездесті? Оны дәптерлеріңе жазыңдар.

ІІІ. Ой толғау

- Бұл әңгімеден қандай ой түйдіңдер. Әңгіме неге үйретеді? Өз ойларыңды мына кестеге жазыңдар.

Менің әңгімеден алған әсерім

Пікірім

 

 

ІV. Бағалау

V. Үйге тапсырма: 8-тапсырма, жоспарға сүйене отырып, әңгіменің мазмұнын айту. Еңбек туралы мақал-мәтелдер жазу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелік мәні
Ы.Алтынсарин " Әке мен бала"
Ыбырай Алтынсарин. Бәрінен де жақсы.
Ы. Алтынсариннің әңгімелерінің тәрбиелік мәні
Ыбырай Алтынсарин «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесі
Ыбырай Алтынсарин
Алтынсарин әңгімелері
Таза бұлақ
Ыбырай-шағын әңгіме шебері
А-ә дыбыстары мен әріптері және олардың емлесі. Әке мен бала
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 13031 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык