Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі


Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі

Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі

Сабақтың тақырыбы: Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Төлен Әбдіковтің өмірі,шығармашылығы жайлы түсінік беру. «Қонақтар»әңгімесінің мазмұнымен таныстыру.

Сабақтың әдіс-тәсілі: АКТ-ны қолдану,топтық,жұптық,жеке жұмыс түрі,сұрақ-жауап,іздендіру,салыстыру.

Ұйымдастыру. Қызығушылығын ояту.

Психологиялық жұмыс негізінде оқушыларға үш түрлі фигура таратылып,сол негізде топқа бөлемін. Барлық назарды сабаққа аударып,әр топтың топ басшысын сайлап,бағалау парақтарын таратамын. (3 минут)

Үй тапсырмасын тексеру. «Туған жер» тақырыбында эссе жазып келген оқушылар ортаға шығып өз туындыларын оқып береді. Мен бұл жерде көшбасшы,оқушылар ізденуші. (7 минут)

Жаңа сабақ: Тақтаға жазылған тақырыпты дәптерге жазады.Оқушылар бүгінгі сабағымызды Төлен Әбдіковтің «Қонақтар»әңгімесін оқимыз. Ең алдымен сабағымыздың ұранымен танысайық.(ұраным, сыршыл ақын М. Жұмабаевтың «Дүниеде теңіз терең емес, адамның жаны терең» атты нақыл сөзімен басталады)

Төлен Әбдіков –Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,танымал жазушы.Әңгіме мазмұнымен таныспас бұрын,жазушы Т.Әбдіков өмірі мен шығармашылығы бойынша «Жылдар сөйлейді» кестесімен танысайық.(слайд көрсетіледі,одан әрі әңгімеден үзінділер оқылады) (7 минут)

Әр топқа тапсырма беремін,постер құру.

1топ. «Концептуалдық кесте».

Рет саны Кейіпкерлер Іс-әрекеті Адамгершілік қасиеті
1      
2      
3      
4      

2топ. Топтастыру.

Ерғали қарт

Сапабек

3топ. «Тұжырым»кестесі.

Кейіпкер Өмірге қызығушылығы Бойындағы қасиеті Кейіпкерге берілетін баға.
       
       
       

Әр топ өз жұмыстарын қорғайды. (15 минут)

Сергіту сәті. «Гүл» деп аталатын релаксациялық жаттығуын орындайды. (орта дауыспен оқимын)

-Ыңғайланып отырып алыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, басыңыз бен қолыңызды төмен түсіріңіз. Өзіңізді гүлдің дәні деп есептеңіз. Міне күннің жылы шуағы жер бетіне түсіп, қыздыра бастады. Гүлдің тұқымынан өскін пайда болды. Өскіннен әдемі гүл өсіп шықты. Басыңызды ақырындап жоғары көтеріңіз, орныңыздан жайлап тұрыңыз, екі қолыңызды тербелісте жоғары көтеріңіз де жайлап күнге қарай қозғалыңыз, иегіңізді көтеріп күнге қарап күлімдеңіз, басыңызды оңға-солға бұрыңыз. Кеуде кере еркін дем алыңыз, қолдарыңызды жайлап төмен түсіріңіз де көзіңізді ашып, орныңызға отырыңыз. (бір-екі оқушыға сұрақ қойылады) (3 минут)

Сабақты қорыту. Оқушылар сабағымызды қорыта келгенде,әр жазушының төлқұжаты іспеттес шығармасы болады. Көрнекті жазушы Төлен Әбдіковтің «Қонақтар»әңгімесі дүниеге келгеніне ондаған жылдар өтсе де,оқырмандарымен, яғни біздермен бірге. Жазушының бұл шығармасы әркез оқылған сайын жаңарып, түлеп,  өз сырластарын арманға, қиялға, мұңға батырып келеді. Себебі бұл әңгімеде үлкен рухтың ізі бар. Туған жерге, туған елге, Отанға деген үлкен сүйіспеншілік жатыр. Қазақ халқының классик заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың «Ел болам десең, бесігіңді түзе»деген нақыл сөзімен сабағымды аяқтаймын (3 минут)

Ендеше, қазір мен тақтаға «Ата-ана борышын қалай өтеуге болады?»деген сұрағы бар мына сатылай салынған флипчартты ілемін, ал сендер жеке-жеке стикерге ойларыңды жазып іліңдер. (4 минут)

Бағалау. Топ басшылары бағалау парақтарына қойылған бағаларға сипаттама береді. (3 минут)

Үйге тапсырма«Қонақтар» әңгімесін мазмұндау. (1 минут)

Стикер жазу, «Екі жұлдыз,бір тілек». (2 минут)


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі
М. Әуезов «Ақын қонақтар» әңгімесі
Төлеген Әбдіков Қонақтар
Талантты және дарынды балаларды оқыту
Күн режимі. Тамақтану
Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы
Т.Әбдіков. «Қонақтар»
Төлен Әбдіков «Қонақтар»
Дарынды және талантты балаларға тән қабілеттер
Адамдар мен табиғат арасындағы бірлік тұтастығы
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 11026 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык