Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Призма және оның қасиеттері


Призма және оның қасиеттері

Призма және оның қасиеттері

Сабақтың тақырыбы: Призма және оның қасиеттері

Сабақтың мақсаты:

1) Призманың анықтамасын , «тік призма», «дұрыс призма», «көлбеу призма» ұғымдарын енгізу.

2) Призманың бүйір беті, толық беті ауданын формулаларын жете білу , танымдық қабілеттерін дамыту.

3) Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа,жылдамдыққа ,ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, талдау .

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, математикалық диктант, электрондық оқулық.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. «Кім көп біледі, сол ұтады» (қайталау сұрақтары)

ІІІ. Математикалық диктант.(көп нүктелердің орнына математикалық терминдерін жазу)

ІV. Жаңа сабақ V. Есептер шығару

VІ. Сабақты бекіту.

VІІ. Сабақты қорытындылау: (бағалау). «Формуланы кім дұрыс табады?»

VІІІ. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу; Оқушыларды түгелдеу; Назарларын сабаққа аудару; Оқу – құралдарын түгелдеу.

ІІ. Үй тапсырмасын оқушылардан сұрақ қою арқылы тексеремін. «Кім көп біледі, сол ұтады»(қайталау сұрақтары)

1. Тұйық облыс дегеніміз не? Жауабы: Шекара мен ішкі облыстың бірігуін айтамыз

2. Кеңістіктік облыс дегеніміз не? Жауабы: Бір жазықтықта жатпайтын , кем дегенде төрт нүктені қамтитын облысты айтамыз

3. Дене дегеніміз не? Жауабы: Тұйық кеңістіктік облыс дене, ал егер ол шектелген болса, оның шекарасы дененің беті деп аталады.

4. Көпжақ дегеніміз не? Жауабы: Беті саны шектеулі көпбұрыштардың бірігуінен тұратын денені айтамыз

5. Дөңес көпжақ дегеніміз не? Жауабы: Егер көпжақ өзінің жағын қамтитын жазықтықтардың кез-келгеніне қарағанда тұтастай бір жақ бетінде орналасса, онда ол дөңес көпжақ дейміз

ІІІ. Математикалық диктант. (көп нүктелердің орнына тақырыпқа сәйкес сөздерді жазу. ) Көпжақтың құрам бөліктері  Көпжақтың бетін құрайтын көпбұрыштар көпжақтың ............ деп аталады.  Жақтарының ортақ қабырғалары- .................. деп аталады.  Қырларының ортақ нүктелері - .............. деп аталады.  Көпжақтың бір жағында жатпайтын екі төбесін қосатын кесіндіні - ............ деп аталады.

ІV. Жаңа сабақ Анықтама.

Екі жағы параллель жазықтықтарда жататын өзара тең көпбұрыштар, ал қалған жақтары осы көпбұрыштармен ортақ қабырғалары бар параллелограмдар болып келген көпжақты призма деп атайды. Призманың құрам бөліктері ABCDE және A 1B1 C1 D1 E1 - көпбұрышты призманың табандары, қалған жақтары бүйір жақтары, олардың бірігуі призманың бүйір беті, бүйір жақтарының ортақ қабырғалары бүйір қырлары деп аталады. Призманың бір жағында жатпайтын екі төбесін қосатын кесіндіні призманың диагоналі деп атайды. Бір табанның нүктесінен екінші табан жазықтығына түсірілген перпендикуляры призманың биіктігі деп аталады. Табан қабырғаларының санына байланысты призма үшбұрышты, төртбұрышты , ... , n бұрышты деп аталады.

Призманың құрам бөліктерінің қасиеттері:

1) табандары тең

2) табандары параллель жазықтықтарда жатады

3) бүйір қырлары параллель және тең Көлбеу призма Тік призма Бүйір бетінің ауданы Sб.б=P┴∙ l , Мұндағы P┴ - перпендикуляр қиманың периметрі, l – бүйір қыры Sб.б=Pmaб∙ H , Мұндағы Pmaб -табанының периметрі, H- биіктік Толық бетінің ауданы Sm.б= Sб.б + 2Smaб, Sm.б= Sб.б + 2Smaб, V. Есептер шығару 1. Көлбеу призманың бүйір қыры 15 см және оның табан жазықтығымен жасайтын бұрышы 30 0 - қа тең. Призманың биіктігін табыңыз. 2. Тік призманың табаны катеттері 6 см және 8 см болып келген тікбұрышты үшбұрыш.Егер призманың биіктігі 7 см болса, оның толық бетінің ауданын табыңыз. 3. Үшбұрышты дұрыс призманы бүйір жағының диагоналі d-ға тең және табан жазықтығымен ᵠ бұрыш жасайды. Призманың бүйір бетінің ауданын табыңдар. VІ. Сабақты бекіту Призманың құрам бөліктерінің қасиеттері: 1) табандары тең 2) табандары параллель жазықтықтарда жатады 3) бүйір қырлары параллель және тең

VІІ. Сабақты қорытындылау: (бағалау). . «Формуланы кім дұрыс табады?»

ТЕСТ І нұсқа ІІ нұсқа

1. Тікбұрышты үшбұрыштың катеттері бойынша, оның гипотенузасын анықтау: а=3 және в=4. 5 10 а=8 және в=6. 2. Тікбұрышты үшбұрыштың бір катеті мен гипотенузасы бойынша, оның екінші катетін анықтау: с=41 және а=9. 40 12 с=13 және а=5. 3. Ромбының диагональдары бойынша, оның қабырғаларының ұзындықтарын анықтау: 16 дм және 30 дм. 17 10 16 м және 12 м. 4. Тіктөртбұрыштың қабырғаларының ұзындықтары бойынша оның диагоналін анықтау: 16 см және 30 см. 34 17 15 м және 8 м. 5. Тең бүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы мен табаны бойынша, оның табанына түсірілген биіктігін анықтау: 10 см және 16 см. 6 4 5 м және 6 м

VІІ. Үйге тапсырма §2. Призма. Моделін жасау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ТРАПЕЦИЯНЫ ШЕШУ ТӘСІЛДЕРІ
Дәстүрден тыс сабақтар өткізу.
Пифагор теоремасы
Үшбұрыштарды шешу
Үшбұрыштар тарауын қайталау
Шар бетінің және оның бөліктерінің аудандары
Үшбұрыштар тарауын қайталау
Тереңдетіп оқыту- білім сапасын арттырудың бастауы
Көпжақтардың көлемін табуға есептер шығару.
Призма көлемі
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 17285 | Қосты: Туребекова Айгуль Кураловна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык