Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сингапур, Малайзия, Таиланд


Сингапур, Малайзия, Таиланд

Сингапур, Малайзия, Таиланд

Сабақ№_15

Пәні: География 

Сыныбы_11 «Ә»

Күні_20.10.14_

Тақырыбы: Сингапур, Малайзия, Таиланд

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Сингапур, Малайзия, Таиланд елдерінің өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлігі, салалары, таралуы жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақтың типі:  Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі:  Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:1. Сұрақ-жауап.                           

 2. Әңгіме-дәріс.             

  1. Кестемен жұмыс.               

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

  1. Корея Республикасының  өнеркәсібі?
  2. Корея Республикасының    ауыл шаруашылығы?
  3. Корея Республикасының    көлігі?
  4. Корея Республикасының    ішкі айырмашылықтары?

5. Корея Республикасының  экономикалық байланыстары?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс. Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

Келесі Азияның жаңа индустриалы елдері, кейде «Азиялық айдаһарлар» деп аталатын бірнеше мемлекеттер мен жер аумақтарын кейіннен түзілген жеке топшаға жатқызамыз. Олар өздерінің қолайлы экономикалық-географиялық жағдайын тиімді пайдаланып, делдалдық қызмет пен экономиканың еңбекті көп тілейтін жаңа салаларын дамыту барысында Батыс Еуропаның кейбір дамыған елдерін басып озған – Корей Республикасы, Тайвань, Сингапур, Малайзия және Тайланд осы топшаның өкілдері.

Малайзия - Калимантан (Борнео) аралының солтүстік және Малакка түбегінің оңтүстік бөлігін алып жатқан Оңтүстік Шығыс Азиядағы мемлекет. Малайзияның солтүстік жағалауы Оңтүстік Қытай, солтүстік шығыста Сулу және шығыста Сулавеситеңіздерінің суларымен шайылады. Малакка түбегінде Таиландпен, Калимантан аралында Индонезия және Брунеймен шектеседі. Малайзияны Сингапурдан Джохор бұғазы ажыратуда. Шекараның жалпы ұзындығы 2 669 км, жалаудың ұзындығы 4 675 км. Климаты экваторилдық, ыстық әрі ылғал.

2020-жылы әлемнің ең дамыған елдері қатарына қосылуды мақсат етіп отырған 26 миллион тұрғыны бар Малайзия -көпұлтты мемлекет. Оның ішінде тұрғылықты мекендеушілер – малайлықтар мен оранг-асли 65,1%, қытайлықтар – 26%, үнділер – 7,7%. Халықтың 65 пайызы қалаландырылған аймақтарда өмір сүруде. Өмір ұзақтығының орта шеңі: еразаматтар – 71,8 жас, әйел азаматтар – 76,3 жас. Малайзиялықтардың діні: мұсылмандар 60%-ды құрайды. Сонымен қатар елде буддистер, даосистер, христиандар тұрады.

Сингапур Республикасы — экватордан 137 км солтүстікте, МалайзияныңЖохороблысының оңтүстігінде, Индонезияның Рияу аралының солтүстігінде орналасқан қала-мемлекет, арал-ел. Сингапур атағы малай тілінің синга — "арыстан" және санскрит тіліндегі пура — "қала" деген сөздерінен құралған. Инвистициялық ахуалы өте жақсы, бәсекелесу деңгейі өте жоғары, экономикалық бостандығы жөнінен әлемдегі ең алдыңғы қатардағы елдердің тізімінде. Жергілікті халқы білікті, білімді, тәртіпті, тәрбиелі болады. Халықтың дәулетті соңғы уақытта жоғарылай түскен. Сингапур 63 аралдан тұрады. Олардың ішіндегі ең бастысы Пулау Уджонг (Малай: тікелей мағынасы 'пенинсула - аралдың соңы') немесе Сингапур аралы бұл Сингапур арал-мемлекетінің басты аралы. Ел аумағы 714,3 км² (2011 жыл). Оған қоса ел аумағына 58 ұсақ арал да кіреді. Елдің ең биік нүктесі Букит Тима төбешігінің биіктігі 163,3 м. Кенттену процесінің нәтижесінде аралдың ормандары кесілуде. Жағрапиялық қолайлы белдеуде орналасуы Сингапурды "Азия жолтарысына" айналуына себеп болды.

Халық саны 4,987 миллион (2009 жыл). Халықтың 33% буддизм дінін ұстанады. Христиан діні 18%, Ислам 15% құрайды, 17% ешқандай дін ұстанбайды. Төрт тіл ресми түрде бекітілген, олар: ағылшын, қытай, малай және тамил тілдері.

Таиланд — Оңтүстік-Шығыс Азиядағы мемлекет. Тайланд оңтүстігінде Малайзиямен, шығысында Камбоджажәне Лаоспен, батысында Мьянмамен шекараласқан.

Таиланд – жұмбақ Сиам, мыңдаған ғибадатханалар мен мыңдаған күлімдеулердің шахары және барлық континенттерден келетін миллиондаған туристтердің әйгілі демалыс орны. Тайланд жағалауларында көптеген курорттар орналасқан Үнді және Тынық мұхиттының суларымен шекараласқан, аол территориясының көлемділігі жағынан қазіргі Францияға тең. Елдің солтүстігінде жасыл таулы алқаптар орналасқан. Тайланд Оңтүстік-Шығыс Азияның дамыған және тартымды мемкеттерінің бірі ретінде әйгілі. Тауар мен қызметтің төмен бағасымен үйлескен жоғары экономикалық деңгей. Мұнда тамаша курорттар, қонақ үйлер, дәмді тағамдарға бай тайлық асхана және жергілікті салт-дәстүр, барлығы да адамды қызықтырады және тартады.

Бұл мемлекеттің тұрғындарының ақ көңілділік білдіруі, ғибадатханаларының әсемделген сәулеті, ұшы-қиырсыз жағалаулары, шуақты күндердің басым көп болуы, ауа температурасының бір жыл көлемінде тұрақты болуы, Тайландты шайып өтетін теңіздердің жылы сулары және экваторға жақын орналасқан бұл мемлекеттің ыстық тропикалық климаты негізгі ерекшелігі болып саналады. Бұл мемлекетте әсемдігі шексіз биік таулар, таза өзендер, арасында жүре алмайтын джунглилер, экзотикалық жануарлар мен өсімдіктер бар. Күні жыл сайын алтын жағалаулармен жиектелген Сиам шығанағын аймалайтын, шіркеулерінің көркем өрнектелген төбелері түпсіз терең аспанмен ұштасатын, орхидеялар мен жарқырап тұрған сапфирлер елі.

Халық саны 65 млн. адам тіркелген. Астанасы Бангкок. Бангкок 12 млн.-ға жуық тұрғыны бар қала. Халықтың көп бөлігін тай этникалық тобы құрайды. Халқының саны бойынша екінші орынды басым бөлігі қалаларда тұратын қытайлықтар алады. Елде сондай-ақ, малайлықтар, моныдар, кхемерлар және басқа бірнеше этникалық топ өкілдері тұрады. Мемлекеттік тіл – тай тілі. Қалалардағы білімді халықтың арасында және саудада ағылшын, қытай және жапон тілдері жиі қолданады. Мемлекеттік дін – будда діні. Халықтың 93% будда дініне сенеді. Тайландта сонымен қатар, мұсылмандар, үндістер, христиандар, сикхтар өмір сүреді. Патша конституцияға сәйкес, барлық діннің қамқоршысы болып саналады.

БангкокПаттайяПхукет және Самет аралдары туристтер үшін Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең тартымды курорттар болып табылады. Ең алдымен жылы климаты мен төмен бағалары арқасында.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

            1. ЖИАЕ географиялық орны?

            2. ЖИАЕ халқы?

            3. ЖИАЕ өнеркәсібі?

            4. ЖИАЕ ауыл шаруашылығы?

5. ЖИАЕ көлігі, сыртқы экономикалық байланыстары?

 

Кесте толтыру

Елдер- Астанасы

Жер ауданы, географиялық орны

Мемлекет құрылымы

Халқы(тығыздығы)

Тілі, діні

Ақша бірлігі

Сингапур

 

 

 

 

Малайзия

 

 

 

 

Тайланд

 

 

 

 

 

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.: Сингапур, Малайзия, Таиланд елдері туралы мәліметтер қарастырып, презентация жасау (бір елге топ болып )


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Дүниежүзінің дамыған елдері, халқы, шаруашылығы тақырыбы бойынша қорытынды сабақ
Жаңа индустриялы елдер
Оңтүстік және Оңтүстік –Шығыс Азия елдері
БРУНЕЙ
МАЛАЙЗИЯ
ТАЙЛАНД
КАМБОДЖА
ПӘКІСТАН
САРАМАНДЫҚ ЖҰМЫС
ҚОРЫТЫНДЫ САБАҚ
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 17027 | Қосты: Айгерим Кенжебаева | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык