Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Рр дыбысы мен әрпі


Рр дыбысы мен әрпі

Рр дыбысы мен әрпі

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы

«№3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешені» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Кутешова Жадыра Серикалиевна

Сабақтың тақырыбы: Рр дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:Оқушыларды Рр дыбысының баспа және жазба түрімен таныстыру,Рр дыбысы бар сөздерді дұрыс оқуға қалыптастыру

Міндеттері:

 1. Оқушыларға Рр дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.

2. Рр дыбысы мен әрпіне қатысты сөздерді оқыту арқылы оқушылардың тілі мен білімін қалыптастыру,
буындық, дыбыстық талдау жасату

3. Сауаттылыққа үйрету

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, талдау - жинақтау

Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, буындық сөздер

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру.

2. Үй тапсырмасын тексеру.
Ғғ дыбысы бар сөздерді оқыту
3. Жаңа сабақ
Мысық пен күшік суретіне байланысты түсіндірме жұмысы жүргізіледі.
- Мысық қайтеді?
- Күшік қайтеді? (күшік ырылдайды)
- Ендеше, бәріміз хормен айтайық.
- ыр, ыр, ыр
- Созып айтуға келе ме?
- Жоқ
- Ендеше бұл қандай дыбыс?
- Рр дыбысы - дауыссыз дыбыс.
4. - Баспа, жазба түрлерімен таныстыру.
- Жазу дәптеріндегі Рр әрпінің баспа, жазба түрлерін салыстырып, жазба түрінің бөліктерін көрсету.
- Ауада жазу
- Тақтаға жазу

5. Сергіту сәті:
Арпа, радио, роботтың суреттеріне байланысты берілген тапсырманы Тапқышбектің тәсілімен орындайды.
6. Тақтаға суреттер ілінеді, оқушылар олардың атын айтады.
Радио, ара, нар.
- Балалар, р дыбысы сөздің басында, ортасында, аяғында келеді екен.
7. Сөйлемдер құрату. Ара - жәндік. Ара - сайман. (Сөздік қорын молайту, тілін дамыту үшін сөйлемдер құрауға машықтандыру.
8. Дәптермен жұмыс.
1) Сөйлемдердің сызбасын жазу.
2) Р әрпінің жазу элементтерімен таныстыра отырып, үзбей жазуға машықтандыру.

9. Сергіту жаттығуы.
Бала, бала, балақан,
Қане қайсы алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай - былай ойнап.
Жазуды жалғастыра жазу. Рр, ар, ара.

10. Буындық талдау жасау. (сөзден дауысты дыбысты таптырту, соған байланысты буынға бөлінетіндігін пысықтау)
Шор/тан, ар/ба, тыр/на...
11. Суреттермен жұмыс.
12. Логикалық тапсырма (қай сөзде р әрпі кездесетінін табу)
Аю, орындық,..
13. Буындық диктант жазу.
Ар, ор, ра, ро, ара, ора

14. Сабақты қорытындылау.

- Сонымен қандай жаңа дыбыспен таныстық?
- Р дыбысы қандай дыбыс?
- Р дыбысы бар сөздерге мысал келтір?
- Р дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

15. Үйгетапсырма беру.

16. Бағалау. Оқушылардыңбілімінмақтап, мадақтапбағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қ дыбысы мен әрпі
"Пп"дыбысы мен әрпі
Г дыбысы мен әріпі
Ұұ дыбысы мен әрпі
А а дыбысы мен әрпі
Х дыбысы мен әрпі
С с дыбысы мен әріп таңбасы
Н н дыбысы мен әріп таңбасы.
Х дыбысы мен әрпі
: “ Ю ” дыбысы мен әрпі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 2503 | Қосты: Жадыра Серикалиевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык