Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Балауса бағым, шаттық пен қуаныш ордасы


Балауса бағым, шаттық пен қуаныш ордасы

Балауса бағым, шаттық пен қуаныш ордасы

1 маусым Балаларды қорғау күніне арналған ертеңгіліктің сценарийі

ТақырыбыБалауса бағым, шаттық пен қуаныш ордасы

Мақсаты:Балалардың жеке қасиеттерін дамыту,өлеңдерді, әндерді нақышына келтіре  айтуға үйрету. Бір- бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін  жоғалтпауға  тәрбиелеу.

Көрнекілігі: жалаушалар, түрлі- түсті шарлар, балабақша түлектерінің суреттері бейнеленген бельброт, фото монтаж.

Өтілу  барысы:

Кіріспе

Баяндама 

Әдеби- музыкалық  монтаж

Ертегілер еліне саяхат

Мерекелік дастархан

Жүргізуші:     Армысыңдар балалар, бармысыңдар

Жазда келді жайнаған гүлді шыңдар

Алдыменен алайық амандасып,

Армысыңдар бәріңде бармысыңдар!

Жүргізуші:    Бүгін бізде мереке қуанышта балалар,

Хош келдіңдер, хош келдіңдер,  ата- аналар, қонақтар

Құрметті «Қызғалдақ» балабақшамыздың көркі де сәні болған бүлдіршіндеріміз.!Бүгінгі төл мерекелерің құтты болсын!Болашақтарың жарқын, аспандарың ашық,елімізді өркендетер, келешектің кемеңгері болыңдар , демекпін.

Баршамызды бала тілмен баурайтын

Бала деген бір бақыт қой самғайтын

Ата- ананың арманы мен тілегін

Бала емес пе  бал бұлақтан жалғайтын

Бүгінгі  1- маусым  Балалар күніне арналған»Балауса бала бағым, шаттық пен қуаныш ордасы» атты мерекелік ертеңгілігімізді ашып беру үшін және  бүлдіршіндерге мерекелік лебізін білдіру үшін сөз кезегін балабақша меңгерушісі Ж Қаражановаға береміз.

Жүргізуші: Ән айтайық қосылп

 Сәбилердің бұл күні

Мақтап кетсін осы жұрт   

Балалар деп үлгілі

 Ән шашу : «Біз өмірдің  гүліміз»

Ендігі кезекті баяндамаға береміз  «Бар мейірім балаларға»  баяндамашы  Қанибаева Айнұр

Жүргізуші :  Балалар, бүгін бізге қонаққа  бүкіл әлемге жарық жылу беретін  күн келу керек еді. Бірақ күніміз қиын бір жағдайға ұшырап қалған сияқты. Жарық, жылу беретін күнге көмектесеміз бе? Қанекей қарайықшы. Күнді көріп тұрсыңдар ма? ( Күн костюмін киген ұл. Төрт бала бұлт  болып, күннің көзін жауып тұрады)

-Күнге нелер кедергі болып тұр? Бұлттар күнді бізге қарай жібермей тұр. Күнді құтқару үшін бәріміз бірігіп  сиқырлы сөздерді айтайық.

 Көк аспанда күн күлсін

Бірге күлсін бүлдіршін

Көк аспанда күн күлсін

Жерге ұдайы нұр құйсын!

(Бұлттар екі жақа қарай ашылады, күн ортаға шығады)

Күн:  Фархад

Сәлем, гүлім!

Сәлем , жерім!

Сәлем,саған- туған елім!

Бір шаңырақ астында

Сен тұрасың,

Ол тұрады,

Мен тұрамын,

Біз тұрамыз!

Жүрек жылуын,Берем саған,

Берем сіәзге,

Берем мен бәріңізге!

Диас:  Күлімде, күн, күлімде!

            Күлсін барлық бала шат.

            Берекелі бүгіндей,

            Бейбіт болсын болашақ!

 Бақыт: Күлімде, күн, күлімде!

Күлсін барлық бала шат.

Жаз келді деп қуанып,

Шаттанады бүлдіршін!

Альбина:  Бала деген бал дерсің, ел еркесі

Әрнбір үйдің шаттығы берекесі

Бүгінгі күн мінекей балғындардың

Қуанышқа кенелген мерекесі

Баян:

Балалар аман болсын әр үйдегі

Таусылмасын ананың әлдилері

Қуыршақ биін билейді томпаң қағып

 «Балапанның» шуақты сәбилері

«Қуыршақтар» биі орындайтын: «Балапан» тобы

Н.Шұғыла:  Балалардың бақшасында бүгін той

Балаларды қорғау күні біліп қой

Тақпақ айтып кезектесіп бір- бірлеп

Кел, қосылып ән шырқайық, би билеп

Ән:  «Балапаным»

Нұрперзент:  Балақай-ау, балақай,  

Жаз келедіалақай!

Жалаң аяқ жүреміз

Балақты да түреміз.

Ермұрат: Біз осы үйдің гүліміз

Біз осы үйдің сәніміз

Бұнда жақын туыстық

Бұнда тұңғыш достық дос таптық.

Ербол

Біздің топта ұл – қыздар

Тату тәтті ойнаймыз

Әлемдегі бар жанға

 Тек жақсылық ойлаймыз

Нұртөре:  Сүйкімділер, періштелер сендерсің

Қандай бақыт өздеріңе тең келсін

Данышпанда, ғарышкерде, ғалымда

Ең алдымен балалықты меңгерсін

Ханшайым:  Бейбітшілік әніміз

Бауыласпыз бәріміз

Қазақстан даласында

Жарасады сәніміз

Ұлы Отан аясында

Жадырайды  жанымыз

Хор:  «Біз шадыман бламыз»

Жүргізуші:  Йә, рас, бала болған бәрі де

Салған олар балалықтың әнін де

Бала кезін еске алып отырсақ

 Сол емеске тіршіліктің мні де!- дей келе ата-аналар  сіздерді  ортаға ойын ойнауға шақырамыз.

Жүргізуші: Өнерлі өрге жүзер талаптанып

Қыран биік самғайды қанат қағып

Адам үшін парыз ғой өнер іздеу

Жүрген соң адам деген атақты алып

 «Жастар» биі

Шахзада:  Бүгін қызық бүгін той

Бәрін оны біліп қой

Ән де салып би билеп

Жалғастырсын ойды ой

Аймереке:  Бірге болсын ойымыз

Құтты болсын тойымыз

Қыздарымыз шаттана

Би билесін шаттана

«Қуыршақ» биі

Аяулым: Барлық елдің бөбегі

Бір- бірімен туысқан

Бәрімізге төгеді

Өз шуағын күміс таң.

Жүргізуші:  Ән көмейден төгілді

Қайғы бұлты шегінді

Балалармен дүние көрікті де көңілді

Ән шашу:      « Қошақаным»

Нұрдаулет:  Біз тілейміз бар бөбек

Бақытты өмір сүргенін

Туған елге еркелеп

 Қуанғанын күлгенін

Досжан: Ана тілін ардақтап

Ата салтын біз көрдік

Сурет слып біз жаттап

Ертегілер үйрендік

Ертегі «Әтеш пен тоты құс»  сахналау.

Жүргізуші:  Жүздеріңнен көрем  шаттық арайын

Осылай болсын әрбір күнің арайың

Қадамдарың сәтті болсын балалар

Тілектерің қабыл болсын ағайын!

(Ата-аналардан бата сұрау)

 Бақшаға біз гүл ексек ,

 Балдырғаным, сен үшін,

 Бақытыңды жыр етсек,

 Балдырғаным, сен үшін

 Жігіт болар, күні ертең

 Балдырғаным, гүл еркем

 Бақытты бол, өсе бер,

 Құтты болсын мерекең! –деп, «Балауса бала бағым, шаттық пен қуаныш ордасы» атты мерекелік ертеңгіліміді аяқтай келе, балаларды мерекелік дастарханға шақырамыз.

Көңіл қойып  тамашалағандарыңызға көп рахмет.

 

Балабақша басшысы:  Ж. Қаражанова

№8 «Қызғалдақ» балабақшасында  Балаларды      қорғау күні мерекесіне орай  ұйымдастырылған«Балауса бала бағым, шаттық пен қуаныш ордасы» тақырыбындағы іс- шара жоспары

 

Р/с

Жүргізілетін жұмыс мазмұны

Уақыты

Тобы

Жауапты

 

1

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

5

 

 

 

6

 

 

«Балауса бала бағым, шаттық пен қуаныш ордасы» мерекесінің іс –шара жоспарын жасап бекіту.

 

 

«Балауса бала бағым, шаттық пен қуаныш ордасы» Ертеңгілік

 

 

 

 «Өнерлі бала сүйкімді»  балалардың өнерін тамашалау

«Тілегіміз бейбіт күн»

Әуе батпырауығын ұшыру.

 

«Ертегілер еліне саяхат»

 

«Балаларға базарлық»

Мерекелік дастархан 

 

Балаларға балмұздақ тарату

 

28.05.2014

 

 

 

 

 

 

29.05.2014

 

 

 

 

 

29.05.2014

 

 

 

29.05.2014

 

 

 

 

29.05.2014

 

 

 

29.05.2014

 

 

 

 

 

 

 

Барлық топ

 

 

 

 

 

Барлық топ

 

 

 

 

Барлық топ

 

 

 

Ортаңғы топ

 

 

Барлық топ

 

 

 

 

 

 

 

Әуез жетекшісі

 

 

 

 

 

Топ тәрбиешілері

 

 

 

 

Топ тәрбиешілері

 

 

Топ тәрбиешілері

 

Аспазшы

 

 

 

Шаруашылық меңгерушісі

Орындаған: Қ . Сәрсенова


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қыз сыны
«Күлімде, Наурыз, күлімде!»
«Балалардың бал мекені»
Мерекеңмен анашым
«Қыз – еркем, қылығымен көркем!»
Берекелі күз – мерекелі күз
МЕКТЕП БІТІРУ КЕШІ
«Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылдығына» орай ұйымдастырылған «Айгөлек» ән-би байқауы
Ана – өмірдің шуағы
Mектепалды даярлық тобының қоштасу кеші
Бөлім: Уроки / Сценарий | Көрсетілім: 85376 | Қосты: Оспанова Мөлдір Амангелдіқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык