Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сурет және сұлба


Сурет және сұлба

Сурет  және  сұлба

Сабақтың тақырыбы: Сурет  және  сұлба.

Сабақтын мақсаты:

1.«Табиғат » тарауын оқуды жалғастыра отырып , жергілікті жердің сұлбасын сыза   білуге үйрету .

2. Оқушылардың оқу ,әңгімелеу, есте сақтау қабілеттерінің, топта ж/е жұпта жұмыс істеу дағдыларының дамуына жағдай жасау;

3. Алған білімдерін өмірде пайдалана білуге , заттың суретін және сұлбасын сызуға үйрету , тұлға ретінде дамытуға ерекше көңіл бөлу;

 

Сабақтың көрнекілігі: суреттер.

Оқыту әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушыларды сабакқа даярлау.

2.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй   тапсырмасын   тексеру: 

 «Көкжиек   және көкжиек сызығы.Тұсбағар» тақырыбы   бойынша  түсінгендерін сұрау.

III. Мақсат қою:

Оқушыларға сұрақ қою арқылы білімдерін жан-жақты тексеру.

V. Жаңа білімді меңгерту.

- Балалар ,бүгін біз « Сурет және сұлба » тақырыбымен танысамыз.

Сурет деген не ?Қалай ойлайсыңдар?

Сурет деген кез келген заттың бейнеленген көрінісін айтады.Әрине сендер бұл заттарды күнде көріп жүрсіңдер.сондықтан суреттен оны бірден білесіңдер.

Суреттер көрсету.

Сұлба деген не екен.

Сұлба деп бір нәрсенің үстінен қарағандағы көрінісін айтамыз.

Сұлбаны сызудың реті.

1.Сіріңке қорабын қағаз бетіне қой.

2.Оны қарындашпен айналдыра сыз.

  Қандай заттың бейнесі шықты? 

Сен  сіріңкенің қорабының сұлбасын сыздың.

Ой қозғау.

Ал  өздерің  жазу жазып отырған партаның қағаз бетіне қойып сыза аламыз ба? Қалай ойлайсыңдар?

-Жоқ .Неге?

Өйткені ол параққа сыймайды,ендеше оның көлемін кішірейту керек.

Яғни затты үлкейту  және кішірейту үшін  масштаб  қолданылады  екен. 

 Белгілі бір заттың көлемін кішірейтетін санды «масштаб» дейді.

Үстелдің ұз.120см делік.Оны он есе кішірейтсек,12см болады.Ал 60см-ді тағы тағы он есе кішірейтсек қанша см болатынын өздерің ойлап көріңдер?

-6см

Ені 6см,ұз.12см төртбұрыш сызсақ,ол-үстелдің сұлбасы.

Сонда 1см -10см-ге тең болады.

Үстелдің масштабы :1см:10см.

Сұлба                       көрініс

Дәптермен жұмыс.

Дәптеріңе сыз.

Жазу үстелі мен дөңгелек үстелдің сұлбасы.

Оқулықпен жұмыс 

 - Іштей оқу  

 - Тізбектей оқу.

Сергіту сәті.

“Ойын тәртібі: Мұғалім бір сөзді ақырын айтады. Оқушылар сөзге мағынасы қарама-қарсы сөзді табады. Мысалы, мұғалім “ұзын” десе, оқушы “қысқа” дейді. Осы тәрізді мұғалім мәндес сөздің біреуін атаса, оқушы сол сөзге мағынасы жуық екінші сөзді атауы тиіс. Мысалы: мұғалім “Отан” десе, оқушы “туған жер”, “ел”, “атамекен” дейді. Ойын осылай жалғаса береді. Көп сөз ойлаған оқушы жеңімпаз атанады.

 

Қорытынды:

- Нені білдік?

- Сұлба деген не?

-Үлкен заттың сұлбасын қалай сызамыз?

-Масштабтың анықтамасын кім айтады?

Бағалау.

Үйге тапсырма

Үйден өзіңнің сабақ қарайтын үстеліңнің  сұлбасын салып кел.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қанағат қарын тойғызар
Ауа. Ауаның қасиеттері
Өткізгіштерде ток күші, кернеу және кедергі. 8-сынып
ХІХ ғасырдың ортасы мен ХХ ғасырдың басындағы Англияның саяси-экономикалық дамуы
Тілдің мәні мен қызметі
Алтынсарин әңгімелері
Тіл- тарихи құбылыс
Құжаттық сызба. Өңделетін бөлшек әдібі
Үй жануарлары. Дыбыстық талдау
Заттың атын білдіретін сөздер. Жазғытұрым
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 12521 | Қосты: Лейменова Мадина Ариновна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык