|
|
Лексикадан өткенді қайталау
«Павлодар облысының туберкулезге қарсы балалар санаторийі» ММ
Қазақ тілі 5 «А» сыныбы
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Лексикадан өткенді қайталау»
Қазақ тілі мен
әдебиеті мұғалімі
Г.С.Давледбаева
Павлодар қ.
Қазақ тілі 5 «А» сыныбы
Сабақтың тақырыбы Лексикадан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты :
Білімділік: алған білімдерін, іскерлік дағдыларын тексеру, бағалау, таным белсенділігін арттыру;
Дамытушылық: сөз байлығын молайту, сөздік қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізуге машықтандыру, өткен ережелерге қорытынды жасауға үйрету;
Тәрбиелік: тіл құдіретін сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре құбылтып, оларды мейлінше дұрыс қолданып, нақты түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.
Сабақтың типі: Дәстүрлі емес сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар, дамыта оқыту, тест, топтастыру, кубизм.
Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық тапсырмалар, бағалау парақтары, техникалық құрал-компьютер құрылғысы, слайд, тірек –сызбалар.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру.
а) Оқушыларды түгелдеу, журналға белгілеу; ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару (бүгін бізге қонақтар келіп отыр, амандасып алайық);
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Құрметен сіздерге,
Бас иеміз Біз!
ә) Кім айтаы, үй жұысына не берілді? (Лексиканы қайталап келу).
ІІ. Кіріспе бөлім. Қызығушылықты ояту.
«Кезеңдер бәйтерегі»
Ерте - ерте –ертеде, грек елінде, Лексика деген патша өмір сүріпті. Лексика патшалығындағы халықтар өте тілге бай - тілмар, шешен болыпты. Сол патшаның бағында бір ғажайып алма ағашы өседі екен. Бірақ осы күнге дейін сол алманың дәмін ешбір адам татып көрмепті дейді. Оның себебі, алманы жегісі келген адам, алма ағашындағы тапсырмаларды дұрыс орындап жауап беріп, бірнеше кезеңнен өтеді. Сонда ғана дәмі тіл үйіретін алмадан ауыз тиуге береді екен.
Балалар! Бүгін біз де бағымызды сынап, Лексика патшалығына қонаққа келіп, сол тапсырмаларды дұрыс орындап, сұрақтарға жауап беріп көрейік.
Мен сіздерге сабаққа сәттілік тілеймін және дәмі тіл үйіретін алмадан ауыз тиетіндеріңізге сенемін.
ІІІ. Негізгі бөлім.
«Лексика» паталығында қандай қалашықтар бар екен еске түсірейіктер
Топтастыру жұмысы. (Омоним,тұрақты тіркес,синоним,антонм ......)
І Дәйексөз кезеңі .
« Тіл қаруы –сөз, сөз қаруы – ой. Мұралардың ең қымбаты – сөз. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады. Асылы адам да, нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды».
Ғ.Мұстафин.
Дәптерлеімізді ашамыз,бүгінгі күнді жазамыз: Қаңтардың жиырма екісі.
1 – тапсырма
І деңгей
Сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай топтап жазу.
А) Терең ой, терең сай, терең су, терең білім, терең сезім, терең құдық;
Ә) Алтын қазына , алтын қол, алтын сақина, алтын сөз , алтын тас, алтын уақыт;
Б) Қатты жел, қатты қол, қатты жер, қатты жүрек, қатты сөз, қатты құрт;
В) Жүйрік жел, жүйрік ат , жүйрік ой, жүйрік адам, жүйрік сөз;
ІІ деңгей. Диалект сөз деген не?
Суреттен диалект сөздерді тауып жазыңыздар:
ІІІ деңгей. Берілген сөздердің антонимін тауып жазыңыздар: Аласа, жылдам, қара, ақылды, күшті, ыстық, дұшпан.
ІІ. Дәйексөз кезеңі:
« Тіл- адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса, қандай қиындық күйге түсер еді ?!». А.Байтұрсынов.
2 – тапсырма.
І деңгей. Семантикалық картаны толтырыңыздар.
Лексика
Сөздер
|
Эвфемизм |
Дисфемизм |
Табу |
Көнерген сөздер |
Диалект |
Жаңа сөздер |
Кәсіби сөздер |
Термин сөздер |
Кірме сөздер |
Тұрақты тіркестер |
Аға сұлтан |
|
|
|
+ |
|
|
|
|
|
|
Жасыл |
|
|
+ |
|
|
|
|
|
|
|
Лексика |
|
|
|
|
|
|
|
+ |
|
|
Үнтаспа |
|
|
|
|
|
+ |
|
|
|
|
Сым |
|
|
|
|
+ |
|
|
|
|
|
Тарелке |
|
|
|
|
|
|
|
|
+ |
|
Қайтыс болды |
+ |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қырт |
|
+ |
|
|
|
|
|
|
|
|
Тас бауыр |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
+ |
Әңгелек |
|
|
|
|
|
|
+ |
|
|
|
2 – тапсырма.ІІ деңгей.
Графикалық диктант
Омоноим
Синоним
Антоним
Ат Ұзын Ақ Түс Сұлу Қысқа Жақ
ІІІ деңгей. Оқулықпен жұмыс.
225 – жаттығу.
Тапсырма:Мәтелдерді көшіріп жазамыз.Мәтел деп нені айтамыз?
Сергіту сәті.
ІІІ Дәйексөз кезеңі .
«Адамға екі нәсе тірек тегі,бірі - тіл, бірі - ділің жүректегі».
Жүсіп Баласағұни.
3 тапсырма.
« Кубизм » стратегиясы.
«Суретте» — Қазақ тіліндегі табу сөздердің пайда болу себебі?
«Салыстыр » — Көп мағыналы сөздер мен омоним сөздердің айырмашылығы, ұқсастығы неде? (Венн диаграмасы).
«Зертте» — Лексика сөзінің шығу тарихы.
«Қолдан» — Тіл туралы мақал, мәтелдер айтыңыздар.
«Талда » - «Туған тілім – тірлігімнің айғағы » деген өлең жолындағы «туған» сөзіне фонетикалық талдау жасаңыздар.
« Байланыстыр » - тест орындау
«Лексика»
1.«Бетінің оты шықты» тұрақты тіркесінің мағынасын тап.
А) ұялды В) қорықты С) мейірімсіз
2. Мына сөздердің қайсысы көнерген сөзге жатады?
А) отбасы В) отарба С) жасуша
3. «Айлакер» сөзінің антонимін табыңдар.
А) мейірімді В) қатыгез С) аңқау
4. Берілген тіркестердің тура мағынада қолданылып тұрғанын көрсет
А) терең білім В) терең көл С) терең ой
5. Мылжың сөзі қандай сөзге жатады?
А) көнерген сөз В) эвфемизм С) дисфемизм
6. Антонимді ажырат.
А) қызыл-ақ В)ақ-қара С) қызыл-көк.
7. Омоним сөздер қатысқан сөйлемді табыңыз.
А) ел үмітін ер ақтар В)көк алманы алма С)қарақұс-жыртқыш құс.
8. «Жалығу» сөзінің синонимін табыңыз.
А)зерігу, құмар болу В)еріну, көшіру С)Ззерігу, іш пысу
9. Неологизм сөзді белгіле.
А)несие. В)гарантия. С)процент
10. Көнерген сөзді тап
А)саяжай. В)найза. С)сәулет
Дұрыс жауабы:
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
А |
В |
С |
В |
С |
В |
В |
С |
А |
В |
ІҮ Қорытындылау
Мұғалім :
- Балалар, бүгін сіздер осы екі тоқсан бойынша «Лексика » тарауынан өткен тақырыптарды қайталап, еске түсіріп өз біліміміз бен біліктілігімізді көрсеттік. Ендеше , бағалау парақтарыңыздағы ұпай санын есептей қойыңыздар. Ұпай санына байланысты бүгінгі сабаққа баға қойылады.
Қандай әсер алдыңдар? Ол туралы ойларыңызды жазыңыздар!
Сөз қуаты шығарар ел төріне,
Жер бетінен самғатар көк шегіне.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |