Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Абылай ханның жыр толғауларда алатын орны


Абылай ханның жыр толғауларда алатын орны

Абылай ханның жыр толғауларда алатын орны

Сабақтың тақырыбы: Абылай ханның  жыр толғауларда алатын орны

Тарих пәні мұғалімі: Адамжанова К.К

Сабақтың мақсаты: Бұқар жырау Қалқаманұлының өмірі,шығармаларына тән  ел бірлігі мәселесіне тоқталу. Туған жердің тарихын соның ішінде Абылайдың өмірі және қызметімен таныстыра отырып, аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы болғандығын көрсету.

Дамытушылық: Оқушылардың қызығушылығын арттыру, өз ойларын жүйелі сөзбен жеткізуге бейімдеу. Ой қозғауға, өз пікірлерін ортаға салуға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Алты алаштың ардағына айналған батыр бабамыз Абылайды құрметтеуге, елімізге, Елбасына деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, кубизм, карточкалармен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта арқылы көрсетілетін слайдтар, 
кубизм, Бұқар жырау мен Абылай ханның портреті, «Көшпенділер» фильмінен видео – ролик .

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Пәнаралық байланыс: тарих,  география, музыка.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, түгендеу, класс тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II.Үй тапсырмасын сұрау:

1.Сұрақ – жауап арқылы үй тапсырмаларын тексеру

1.Қазақстан аумағындағы ғылыми зерттеулер?

2.Орыс зерттеушілерінің Қазақстан туралы еңбектері?

3.ХҮІІІ ғ. суырыпсалма қазақ ақын – жыраулары мен әншілерінің есімдерін атаңдар.

4.Шежіренің қазақ қоғамындағы атқарған қызметі туралы әңгімелеп беріңдер.

5.Тарихи әңгімелердің өзіндік ерекшеліктері қандай?

2.Ерлік, батылдық, достық, адалдық, туған жер, ерлік жайында мақал- мәтелдер айту.

III. Жаңа сабақ.
а) Кіріспе сөз.

ә)«ХVIII ғасырдағы тарихи жағдай» сергіту сәті. «Көшпенділер» фильмінен үзінді.

1. 1723 жылы - Жоңғар қалмақтары қазақ жеріне ұрыс бастайды.

2. 1726 жылы - Бұланты өзенінің бойында болған шайқаста қалмақтар жеңіледі.
3. 1749жылы - әр түрлі бағыттағы  дипломатиялық қарым – қатынастар жасалады.

Сонымен  Абылай хан XVIII ғасырдың 30 жылдары ішінде Қазақ хандығын басқарған мемлекет қайраткері, халықаралық саясатта дипломат.
1752 ж. ол бастаған қазақ әскері шамасы 15 - 20 мың адамдай ойраттар қолының шабуылына тойтарыс берді. 1753ж. желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгермен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерлерін азат етті. 1754ж. сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ әскері 10 мың қалмақпен соғысуға мәжбүр болса, сол жылдың тамыз айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты тұтқынға алып келген.
1756 ж. Абылайдың бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен шайқасып, оның бірінде жеңіліп, екіншісінде жеңіске жетеді. 1757ж. Абылайдың 6000 әскері Қытайдың  40 мың әскерімен шайқасынан соң, қытайлар Абылайдан бітім сұрады. Абылай хан хандыққа 25 жасында келіп, 48 жыл абыроймен басқарады.
б) Абылай ханға арнаған толғаулары жайлы.     

Жыраудың сөздері тұнып тұрған ақыл, өнегелі, ғибратты сөздер. «Ай не болар күннен соң», «Ежелгі дос жау болмас», «Жар басына қонбаңыз», «Жарқ – жарқ еткен жайда бар», т.б. Биік тауға жарасар «Асқар таудың өлгені» дегең өлеңінде жырау «өлмегенде не өлмейді?» сұрағына «жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді», – деп жауап беріп, бүкіл ой – білімін, талант – дарынын, өмірін, адамзаттың асыл арманы үшін сарп еткен адамдардың есімі де, олардың артына қалдырған аталы сөздері де ғасырларға кете береді деген түйін жасайды. Адам өмірінің кезең – кезеңдері туралы толғауларының да ғибраты мол. Бұл тақырыптағы өлеңдеріне «Жиырма жасыңда», «Ей Абылай, сен он бір жасыңда» т.б.жатқызуға болады. Адамзаттың жас кезінен бастап қартайған шағына дейінгі өмірін суреттейді.

Сонымен бірге елді бірлікке шақыру идеясы да аңғарылады. Ел бірлігін сақтап қалу үшін не керек екенің анық айтып береді. Ел бірлігі болса, алынбайтың қамал жоқ екеніне көз жеткізеді. «Абылай есімімен байланысты өлендерінен де ел бірлігін көздеген ойымен қатар, ханға айтқан ақылын, ханның ел басқарудағы жақсы істерін  жырлағаның көреміз.

Қырық беске келгенде,

Жақсы мен жаман демедің

Елу жасқа келгенде,

Үш жүздің баласының

Атының басын бір кезеңге тіредің,- дейді.

Абылайды Абылай еткен, оған бақ – абырай әперген, бір жағынан, «елдігі болса», екіншіден «бар күшін қазақтың абыройы мен ары үшін сарп етіп» ел қамын ойлаған қаһарлы батырлары еді деген әділ пікір айтқан. Абылайға көп өлеңдер арналуының бір себебі – қазақ елін хан айналасына топтастыру еді. Алайда, жырау ханның барлық іс-әрекет, ішкі-сыртқы саясатын түгелдей қостай бермеген. Үлкен мәні бар әлеуметтік мәселелер төңірегіндегі келелі кеңеске көнбеген тұста ол ханды аяусыз сынап, ашы шындықты бетке айтып отырған, Бұл тұста біз жыраудың көрші орыс елімен соғысуды ойлаған Абылайға тоқтау айтып, болашағы зор елмен тату-дос болуға шақырғанын көреміз. Жалпы, жыраудың толғауларын бірінен – бірін бөліп қарау мүмкін емес. Себебі, әр өлеңінде тақырып пен идея ел бірлігі, татулығын дәріптей келіп, бір-бірімен сабақтасып жатқан үлгі өнегеге толы жырлар екенін көреміз..Оның «Абылай ханның қасында», «Ал, тілімді алмасаң», «Ай, Абылай, Абылай», «Қазақтың ханы Абылай», «Ханға жауап айтпасам», «Басыңа біткен күніңіз», «Ай, Абылай, сен он бір жасыңда», «Ал, айтамын, айтамын» атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталған. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасаған.

Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлаған. Жыраудың толғауларынан асқақ қаһармандық рухтың лебі білінеді.

2. Сөздікпен жұмыс:

 Жырау - өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі. Сәуегейшілік, батагөйшілдік, түс көру, ырым айту, табиғат құбылыстарына болжамдар жасау.

Абыз – ғұлама, әулие, көріпкел адам. Тайпа, ұлыс өміріне, ел басқару ісіне, жорық жасау мәселесіне араласып отырған саяси тұлға.

Боғдыхан - Қытай императорының моңғол тіліндегі атауы.

Стелла – ескерткіш құлпытас.

Шежіре – қазақтардың генеологиялық кестесі.

Ақын - өз жанынан өлең шығаратын сөз шебері

  1. а)   Кубизм ойыны (сұрақ - жауап) оқушыларға кубик беріледі, кубикті ортаға тастап түскен саны бойынша сұраққа жауап беруі тиіс.

1.(жасыл түс жағы) Абылай – қазақ хандығының аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері.

2.(қызыл түс жағы) Абылайдың ішкі саясаты.

3.(көк түс жағы) Абылайдың Ресеймен қарым –қатынасы.

4.(сары түс жағы) Қазақ – жоңғар қатынастыр

5.(қара түс жағы) Абылайдың қазақ жерлерін біріктіру жолындағы күресі.

6.(қоңыр түс жағы) Абылайдың қазақ тарихында алатын орны

б) Рефлексия. РАФТ әдісі.

Рөл ретінде мұғалім тақырып айтады. «Бұхар жырау Абылай хан туралы не білдік ?»

Аудитория-(тақырыпқа байланысты мінездеме беріледі)

Бұқар жырау

Ақылгөй адам                   Философ                        Терең ойлы адам

Көрнекті ақын                   Шешен                           Кеңесші                         

Жырау                                Өткір сыншы                    

Абылай хан

Батыл                                   Ер жүрек                        Батыр                            Хан

Мәмлегер                             Күйші                             Қолбасшы                    Сұлтан

Қайраткер                            Адал                               Сабалақ                         Күйші

Форма - көне шындыққа жаңа көзқарас. Бұхар жыраудың есімімен Қарағанды облысының бір ауданы аталған. Қарағанды қаласында Бұхар жырауға арналған ескерткіш қойылған. 2003 жылы 11 маусымында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің алдындағы алаңда қолдан бюст-ескерткіші ашылды. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін 1991 жылы Алматының басты даңғылдарының біріне Абылай есімі беріліп, темір жол вокзалының алдына ат үстіндегі ескерткіші орнатылды. Хан ескерткіші Жезқазған, Павлодар қалаларында да бар. Қазақстанның 1993 жылғы ең бірінші төл теңгесінде бейнесі бедерленді. 2005 жылы Абылайдың өмір жолына арналған «Көшенділер» фильмі түсірілді. 2008 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен Петропавлда «Абылай хан ордасы» кешені ашылып, алдына ескерткіші орнатылды. Оның есімі Алматыдағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіне берілген.

Тақырып-ой-толғаныс кезеңі.(оқушылардың пікірі)

Сабақты түсінгендігін тексеру сұрақтары:

1.Жырау толғауларындағы негізгі тақырып пен идея қандай?

2.Абылайдың өмірі мен ерлігін жырлаған жыршыларды атаңдар.

3.Ақын толғауларында қандай әлеуметтік мәселелер көтерілген?

4.Ақын толғауында Абылай бейнесі қалай суреттелген?

5.Абылай кімдердің ақылына жүгінген?

6.Абылай ханның күйлерін атаңдар.

7.Абылайдың қазақ хандығын нығайтудағы еңбегі қандай болды?

Бекіту тұжырымдамасы: Абылай хан туралы көптеген дастандар, аңыз-әңгімелер, өлең–жырлар, тарихи деректер мен зерттеулер бар. Абылай ханды еске алғанда біз оны батыр, Орта жүздің сұлтаны, сосын Орта жүз және де бүкіл қазақ халқын біріктіріп, қазақ хандығын біртұтас мемлекет ретінде сақтап қалып, оның Ұлы ханы болып, өзіне қазақтың барлық хандары  мен билерін–сұлтандарын бағындыра алғанын және де саяси қайраткер, ақылды қолбасшы, дарынды мәлімгер, күйші екенін айтқанымыз жөн.

Абылай хан бүкіл өмірін қазақ елінің бостандығы, егемендігі үшін арнады. Бұқар жырау шығармаларынан ел бірлігін көздеген сұңғылалықты, татулықты аңсаған ақыл иесі екенін білдік. Жырау өз жырына заманның түрлері құбылыстарын жақсы мен жаман, достық, адалдық, мейірімділік т.б. жайындағы ойды да арқау еткен. Абылай образын ашуда да үлесі зор. Бұқар жырау жырлаған Абылайдай бабамызды ешқашан ұмытпай, есте ұстайық, аруағына бас иейік! Ұлы бабаларымыздың аманатын ұрпақтары орындады, ел билігін бекем ұстаған Елбасымыз бар. Ендеше, тәуелсіз  еліміздің ертеңі жарқын бола берсін, көк байрағымыз желбірей берсін деген ақ тілекпен сабағымызды қортындылайық.

Бағалау сәті

Үйге тапсырма: & 5 оқу, мазмұндау.Абылай хан жайында рефераттар орындау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
АБЫЛАЙ ХАН ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ
Абылай хан билігі тұсындағы Қазақ хандығы
Абылай хандығы
Абылай хан
Абылайдың хандығы
Абылай – Тәуелсіздік үшін күрескен тұлға
Абылай хан
Абылайдың хандығы
Абылай хан
“Ақжолтай Ағыбай батыр”
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 8873 | Қосты: Адамжанова Каламкас Кайрхановна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык