Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Көңілді информатика


Көңілді информатика

Көңілді информатика

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, информатика пәніне қызығушылығын арттыру,  мамандыққа бағыт бағдар беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, ізеттілікке, техника қауіпсіздігін тәрбиелеу. 

Сабақтың түрі: Сайыс

Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, пікірлесу

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивтік тақта.

Техникалық құралдар: мультимедиалық құралдар, музыкалық орталық.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Екі топқа бөлу

ІІІ. Сайыстың бағдарламасы

ІV. Қорытынды

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Мектебімізде өтіп жатқан «Көңілді информатика» атты  сайысқа қош келдіңіздер!(Слайд) Міне бүгін сіздердің алдарыңызда  8,9,10 сынып оқушылары білімдерін сынамақ. Олай болса ортаға  «Алғырлар» тобын  шақырамыз, енді «Жүйріктер» тобын  ортаға шақырамыз.

Ең алдымен сіздерге осы сайыста әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайық.

  1. Информатика пәнінің  мұғалімі- Абдуллаев Әсетулла  ағай
  2. Математика  пәнінің  мұғалімі- Тлеубекова  Күнсұлу апай

Мынау ұшқыр заманда,

Жаңалық енді ғаламға.

Компьютер тілін меңгеру,

Қажеті туды адамға-дей отырып сайыстың бағдарламасымен таныстырайық.

Сайыстың  бағдарламасы:

1-тур. Үй тапсырмасын  тексеру

2-тур. Сен маған,  мен саған

3-тур. Тапқырлар  сайысы

4-тур.  Кім  жүйрік

5-тур .  Сурет салу

1-тур. Үй тапсырмасын  тексеру. Оқушыларға алдын-ала өз топтарын таныстыру жөнінде презентация жасап келу  беріледі.

2-тур. Сен маған,  мен саған.

Екі  топ бір-біріне дайындаған сұрақтарын қояды.

3-тур.  Тапқырлар сайысы.   Оқушыларға  жұмбақ  жасырылады.

ЖҰМБАҚТАР

1.Бір сарайда тұрады екен,

Бес атаның  балалары.

Қыдырмашы біреуі

Бір күн бар да, бір күн жоқ

Соны есепке алсақ,

Ұзын саны жүз жеті

 (пернетақта)

2.Экранның бетінде тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады

 (меңзер)

3.Төртбұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек

 (монитор)

4.Кемірушіге ұқсайды бейнесі,

Түсі оның сұр, құйрығы ұзын.

Ойланып білгіш болсаң жауап берші,

Қалай деп аталады аты оның?

  (тышқан)

5.Ұзынтұра жалқаубек,

Тұрмай ылғи жатады

Қозғала қалса артынан,

Ешбір белгі қалмайды (бос орын)

6.Биологияда бұл паразит,

Көзге зорға көрінер

Информатикада өлшем бірлік

Ақпаратты өлшер  (бит)

4- тур. Кім жүйрік. Ұпайлар астында сұрақтар жасырынып тұрады. Оқушы ұпайды таңдап, сұрақ  тыңдайды.  Дұрыс жауап  берілсе  ұпайды  алады.

  1. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс ортасы? (интернет)
  2. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны? (файл)
  3. Паскаль тілінде шығару операторы қалай  жазылады? (Writeln)
  4. Паскаль бағдарламасында циклдің  қанша түрі бар? (3)
  5. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрылғы (Компьютер)
  6. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы (модем)
  7. Беттерді номерлеу үшін қандай әрекеттерді  жасаймыз? (Вставка/Номера страниц)
  8. Паскальда программа қандай қызметші сөзбен басталады? (Program)
  9. Ақпараттық  процестерді жүзеге асыратын  ғылым (Информатика)

5-тур.  Сурет салу. Paint графикалық редакторында табиғаттың суретін салу.

Әділ қазыларға алқасына сөз беру: Команда мүшелерін марапаттау, сыйлықтар тапсыру, Алғыс хаттар

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! (Слайд)


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жас информатиктер
Паскаль бағдарламалау тілінде сызықтық бағдарлама құру
Информатика алғырлары сайысы
Информатика білгірлері мен тапқырлары
«ИНФОРМАТИКА»еліне саяхат
Информатика әлемінде сайысы
Жас балғын
Компьютер пайдалы ма, әлде зиянды ма? атты пікір сайыс
Ғажайып информатика
Коңілді информатика
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 2646 | Қосты: Айменова Меруерт | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык