Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Аялы алақан


Аялы алақан

Аялы алақан

Кештің тақырыбы: Аялы алақан

Кештің мақсаты: Аналар мерекесі қарсаңында асыл аналарды құттықтау, оқушылардың бойына адамгершілік деген асыл қасиетті сіңіру.

Кештің көрнекілігі: Интерактивтік тақта, шарлар, ұлағатты сөздер жазылған плакат, орамалдар.

Кештің барысы:

Күй ойнап тұрады, екі бастаушы ортаға шығады.

1.   Бастаушы: Құрметті- асыл аналар,

 Қадірлі- ұстаздар,

Қырмызы қызғалдақ- қыздар!

2.   Бастаушы. Қар астынан қылтиып шыққан қызғалдақтай болып, келіп қалған, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!

Сіздерден өскен балалар,

 Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

  Бәрі бірге: Аяулы асыл аналар!

Кім ойлап тапқан,

Сөздерді ең аяулы.

Енді білдім оларды,

 Бәрі бірге: Аяулы асыл аналар!

I Енді, аяулы асыл аналарымызды ортаға шақырамын.  Сыныптың аналарын екі топқа бөліп, «Өлеңнің жалғасын айт» ойынын ойнату арқылы, өнерлерін тексеремін.

Ойынның шарты: Бір топтың аналары өлеңді бастайды, екінші топтың аналары жалғастырып кетуі керек, келесіде керісінше екінші топ аналары ән айтады да бірінші топ жалғастыру керек. Ерекше көзге түскен ана «Әнші, ана!» дипломымен марапатталады.

  1.   Бастаушы:

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда мың бұралған бишілеріңіз.                                            

Би «Попури» 

II Ортаға үш қыз бен аналарын шығарамын да «Көзіңді жұм да таны» ойынын ойнатамын.

Ойынның мақсаты: Аналардың тапқырлығы, байқампаздығын анықтау.

Ойынның шарты: Аналардың көзі байланады, қыздардың орындары ауыстырылып қойылады да көзі байланған қыздардың аналары, өз қызын қалай да болса танып алуы керек. Жеңімпаз ана «Тапқыр ана!» дипломымен марапатталады.

әнін орындайды.

2.   Бастаушы:Әркімнің де өмірден аласы бар,

Аласы бар адамның анасы бар.

Мерекесін құттықтап аналардың,

Ән жолдайтын апалардың баласы бар.

«Анашым» әнін қабыл алыңыздар  

III Тағы да ортаға 3 ананы шақырып «Су тасы» ойынын ойнатамын.

Ойынның мақсаты: Аналарымыздың ептіліктерін тексеру

Ойынның шарты: Екі орындыққа кесеге құйылған су қойылады, келесі бетте екі орындықта бос кеселер тұрады. Аналар қасықпен тасып, бірінші кеседегі суды төкпей, шашпай екінші кесеге құю керек. Суды әдемі тасыған ана «Епті ана» дипломына ие болады.

1.   Бастаушы:Аяулысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сендер үшін мереке шашулары,-деп алдарыңызға 7-класс оқушыларын қабыл алыңыздар

Көрініс: «Ата- ананың қадірі»

IV Сыныптың аналарын екі топқа бөліп, ортаға шығарамын да «Мақалдың жалғасын айт» ойынын ойнату арқылы, білгірліктерін тексеремін.

Ойынның шарты: Бір топтың аналары мақал бастайды, екінші топтың аналары жалғастырып кетуі керек, келесіде керісінше екінші топ аналары мақал айтады да бірінші топ жалғастыру керек. Ерекше көзге түскен ана «Мақалшы, ана!» дипломымен марапатталады

2.   Бастаушы:     

Қазірет пайғамбарға бір адам келіп:

 -Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?-деп сұрайды.

Сонда пайғамбар:

-Анаң бар ма? -деп сұрайды.

-Бар,-дейді әлгі адам.

-Онда анаңа қызмет көрсет,-деген екен пайғамбар.Соны ескере отырып мен оқушыларға аналарымызды сыйлай,құрметтей,жақсы көре білейік дегім келеді.

V Ортаға үш ананы шығарып «Шынықсаң, шымыр боларсың!» ойынын ойнатамын.

Ойынның мақсаты: Аналарымыздың спортқа деген бейімін байқау.

Ойынның шарты: Жерге үш қатар газет төселеді де ортаға шыққан үш ана сол газеттердің үстімен жылдам жүріп келесі бетке өтуі керек те келесі беттегі есепті шығарып кері қайтуы қажет. Алғашқы боп жеткен ана «Спортшы ана» дипломына ие болады.

Ән «Асыл анам»  хор

VI Сыныптың аналарын екі топқа бөліп, ортаға шығарамын да «Биле, биле!» ойынын ойнату арқылы, бишіліктерін тексеремін.

Ойынның шарты: Бір топтың аналары би бастайды, екінші топтың аналары жалғастырып кетуі керек, келесіде керісінше екінші топ аналары би бастайды да бірінші топ жалғастыру керек. Ерекше көзге түскен ана «Биші ана!» дипломымен марапатталады

«Күнім, жаным» дегенді,

«Құлыншағым» дегенді,

«Ботақаным» дегенді

«Қошақаным» дегенді,

«Айналайын» дегенді,

 «Толған айым» дегенді

 Бәрі бірге: Ойлап тапқан, аналар!

1.   Бастаушы: Аналар- әрқашан да ән болып,

Күн болып, жүре беріңіздер!

2.   Бастаушы: Мерекелеріңіз мерекеге ұлассын!

Кеш аяқталды.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сыйынар ем Ана деген тәңірге!
Айналайын ана, мерекеңізбен!
Анашым, мерекеңмен!
Әкем ,шешем және мен.
Аяулы анашым.
Табиғат - туған үйіміз
Айналайын ақ анам!
Ана-әлем шуағы
Ана- өмірдің шуағы
Ана-әлем шуағы ашық сабақ
Бөлім: Уроки / Сценарий | Көрсетілім: 4201 | Қосты: Исатаева Шаттық Жаңабайқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык