Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жастарға ұлттық тәрбие беру


Жастарға ұлттық тәрбие беру

Жастарға ұлттық  тәрбие беру

        Бұрын қазақ халқының әрбір отбасысы өзінің ұрпағын ақылды, ержүрек етіп тәрбиелеуді жеке басының жұмысы деп қарамай, ұлтының, Отанының ертеңі, болашағы  тұрғысынан қарап, өзінің қоғамдық борышы деп санаған.

          Қоғам ауысқан сайын оның өзіне тән құндылықтары мен тәрбие жолдары өзгеретіні белгілі. Алайда өзгеріп жатқан заман, қоғам жаңалықтары жас ұрпаққа әрқилы ықпал ететіні  сөзсіз  түсінікті. Дана халқымыз: «Ұл туғанға  күн, қыз туғанға  ай  туады»,- дейді. Сондықтан адамның бар байлығы да, күні мен айы да -  артында қалған ұрпағы.

          Бүгінгі таңда сол ұрпақтың бойына адалдық, тазалық, өнерпаздық сияқты ізгі мінез-құлықтарды дарытуда ақындардың сырлы өлеңдері мен жазушыларымыздың көркем туындыларының мәні зор. Осы орайда жерлес жазушы әрі драматург Шахмет Құсайыновтың шығармаларын атап өткім келеді.    Бұл кісі - Қоскөл өңірінің  тумасы, демек, жерлесіміз болғандықтан, оның шығармаларын оқып, тану-біздің борышымыз іспетті.

          Қазақтың ақыны Әбділда Тәжібаев Шахмет туралы : «Шахметтің маған ұнаған бір жері - ақжарқын, ішінде бүкпесі жоқ, тықпасы жоқ жігіт сияқты. Бір ғажабы еріну дегенді білмейді. Жібектей жұмсақ жүзінде,  адамға сеніп, сүйіп қана қарайтын ақылды көзінде шытынау, ашулану  деген  болмайтын сияқты»,- деп өз ойын білдіреді.  Әбділда ақынның  Шахмет туралы айтқан осы бір пікірінен кейін  еріксіз ойда  қалатының анық. Ендеше осындай жаны таза, сұлу адамның қаламынан туған шығармаларын  неге оқып зерттемеске?   Оның үстіне кеңес дәуірінде өмір сүрген жазушы болғандықтан, ол өз заманының жыршысы болатыны даусыз. Дей тұрғанмен,  жазушы-драматургтың көптеген драмаларының ішінен  «Әл-Фараби», «Үкілі Ыбырай»,  «Алдар көсе», «Қилы-қилы тағдырлар» драмаларын атап өтуге болады.

       Шығармаларына тереңнен үңіліп қарайтын болсақ, әр кейіпкерінің сөзінің астарынан небір салиқалы ойларды аңғарып қана қоймай, ұлы ойшылдарымыз Абай, Шәкәрімнің ой - пікірлерімен үндес екенін аңғаруға болады. Мысалы, Шахметтің «Әл Фараби» драмасында Әл Фарабидың мынадай сөзі бар: « Жүрек - басты мүше,  мұны тәннің ешқандай мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ мұның үстемдігі бірінші емес». Ал данышпан Абайдың ақыл, қайрат, жүрек туралы он жетінші қара сөзінде: «...Сонда ғылым үшеуінің сөзін тыңдап болып айтыпты... Сен үшеуіңді басың қоспақ менің ісім. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек  болса жарайды», - дейді. Міне, бұл сөздерден екі ұлы ойшылдың да жүрек жөніндегі танымдарының негізі бір екенін, тек баяндау жолы өзгешелеу екенін байқаймыз. Екеуі де өз таным-түсініктерінде жүрекке шешуші мән берумен қатар, оны бүкіл ізгілік, рақым, шапағат атаулының қайнар көзі, тұрақты мекені деп таниды. Тағы бір көңіл аударатын нәрсе,  жоғарыда аталған драмада  Фарабидың: «Махаббатсыз өмір тұл»,- деген сөзі болса, Абай: «Махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосыңдар» деп айтпап па еді? Осы жерде Абай мен Фарабидың ой іліктестіктері  бірден көрінеді. Адам өмірін қалай түзеуге болатыны туралы Шәкәрім де жақсы ойлар айтқан. Ол сөзінде: «Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық адам тату тұруға негізгісі - адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болу керек»,- деп ой толғаса, Шахметтің әл-Фарабиі: «Адам баласының  тұрмысы қаншама ауыр болса да, адамшылығымызды қадірлеп, өзімізді қадірлеуіміз керек», - дейді. Ендеше, осы жерде тағы да Абай атамыздың «Еңбек етсең, ерінбей, Тояды қарның тіленбей» немесе халқымыздың «Еңбек етсең, еленерсің, еңбегіңе кенелерсің» деген дана сөздерімен үйлесімділік тапқанын аңғаруға болады.  Ал «Үкілі Ыбырай» драмасында Ыбырайдың: «Айдауда, қамауда жүрсе де, жоқтап өттім туған жерімді...» деген сөздері, «Әл Фараби» драмасында ғұламаның: «Көрсем екен елімді, жетсем екен туған жеріме деп аңсай сағындым» деген сөздері туған жеріне сағына асыққан жандардың сөзі екені айдан анық . Ал туған жер, атамекен жайлы айтқан қазақ халқының небір асыл ойлары бар емес пе? Мысалы «Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас», «Туған жер - алтын бесік», «Туған ауылдың түтіні де ыстық» деген халық даналығы  жаңағы кейіпкерлердің ойларымен үндес. Сонымен бірге «Қилы-қилы тағдырлар» шығармасында Шегір деген кейіпкердің: «Ағаштардың аласасы бар, биігі бар, Адамдардың аласы бар, сұйығы бар»  деген сөздеріне құлақ салайық. Менің ойымша, бұл сөз оқып отырған оқырманға да, сахнадан көріп, естіп отырған адамға да  бір ой тастайтыны анық. Өйткені  көреген халқымыздың адамның мінез-құлығы  жайында «Арамдық адамның ажарын бұзады», «Жаманға жүзіңді салма, малды екен деп, Жақсыдан күдер үзбе, жарлы екен деп» айтылған ойлары  Шахметтің кейіпкерлерінің  сөздерімен орайлас келеді.

          Шахмет Құсайынов шығармаларынан бүгінгі таңдағы қазақ ұлтына    байланысты көкейтесті мәселелерді көруге болады.  Мәселен, қазіргі таңда қазақ  халқының ең басты проблемасы  - ана тіліміздің мәртебесі. Осы орайда «Әл Фараби» драмасындағы данышпанның мына сөзіне көңіл аударсақ:

«Мен жетпіс жұрттың тілін білемін дедім. Сонда айбалта ұстаған жендеті дәл желкемде төніп тұр еді. Менің сөзімнен кейін жендет балтасын төмен түсірді». Кейіпкердің бұл сөзінен көп тілді меңгерген Фараби талантына қанды қол жендеттің өзі айбалтасын сілтей алмағанын аңғаруға болады. Бұл ретте Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына  жолдаған биылғы Жолдауында «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын іске асыру жөніндегі  ісі  құптарлық жайт. Өйткені қазіргі  жастарымыз ана тіліміздің қадір - қасиетін көркем шығармалар арқылы бойларына сіңіріп, өзге тілді де меңгерсе, нұр үстіне нұр емес пе? Ал өзге тілді меңгеріп тұрсақ,  сол арқылы өзге халықтың өнері мен мәдениетін құрметтейтініміз даусыз.

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның әрбір  жас азаматын  отансүйгіштік рухта, ер тұлға, білімді азамат етіп тәрбиелеу мәселесі оларға ұлттық құндылықтаымыз арқылы  патриоттық тәрбие берудің көкейтестілігін арттырып отыр. Ұлттық  дәстүрді бүгінгі  тәрбиеде   пайдалану  -  уақыт талабы. Халқымыздың асыл мұрасы болып табылатын ақын- жазушыларымыздың шығармаларының қайсысын алып қарамайық, олардың мазмұны елжандылық идеяға бай. Мәселен, жоғарыда сөз боп отырған Шахмет Құсайыновтың шығармалары осы сөздеріме дәлел десем артық емес. Өйткені оның артықшылығы мынада деп ойлаймын:

Біріншіден, Шахметтің  шығармалары арқылы тарихи тұлғалардың, атап айтсақ, әл Фараби, Алдар көсе, Үкілі Ыбырайдың басқа қырларын  және өмірлеріндегі жетістіктері мен сәтсіздіктерін, даралық қасиеттерін көруге болады.

Екіншіден, халқымыздың мыңдаған жылдар бойы сан ғасырлар елегінен өткізген үлкенді сыйлау, әйел затын аялау сияқты  ізгі дәстүрлеріміз Шахметтің шығармаларында молынан кездеседі. Міне, мұның бәрі өскелең ұрпаққа саналы тәрбие беруде таптырмайтын ерекше қасиеттер.

 .  Сайып келгенде, ұлтымыздың әртүрлі сүйіспеншілік қағидалары көрінетін Шахметтің шығармалары қоғамымыздың жастарын адамгершілік рухта тәрбиелеп, адалдыққа, ізгілікке баулиды деген сенімдемін. Сонымен қатар Шахмет Құсайыновтың шығармаларын бүгінгі таңдағы театрлар өз репертуарларына молынан енгізіп, сахналап жандандырса,  қалың көрермен назарына ұсынса нұр үстіне нұр болар еді!                                                                                                                          


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы
Ұлттық тәрбие - сапалы білім берудің негізі
Ұстаз болу- жүректің батырлығы
Ұстаз болу- жүректің батырлығы
Баланың періште әлемі-тәрбиешінің бақыты.
Тіл байлығы-ел байлығы
Ұлы ақын Абай
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе
Адамгершілік тәрбиені оқушылардың бойында қалыптастыру
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 1586 | Қосты: Тажина Асем Баделхановна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык