Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Адамгершілік тәрбиені оқушылардың бойында қалыптастыру


Адамгершілік тәрбиені оқушылардың бойында қалыптастыру
Адамгершілік тәрбиені оқушылардың
бойында қалыптастыру




Азаматова Ботакөз Алтынбекқызы
№202 орта мектеп бастауыш сыныптың
өзін-өзі тану мұғалімі


Жоспар:
І. Кіріспе.
«Өркениет ізгілікпен өміршең».
ІІ. Негізгі бөлім.
1. «Жеке тұлғаны қалыптастыру».
2. «Тәрбие басы – тал бесіктен».
ІІІ. Қорытынды
ІҮ.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Ізгілік ғылымын меңгермеген
адамға кез келген басқа ғылым
тек қана зиянын тигізеді.
М. Монтень
Адамгершілік- адамдардың қауымдасып өмір сүруінің дәнекері болып табылады және рухани арқауы.Олар қоғамның тұла бойына қан тамырларындай тарап кеткен қарым-қатынастардың реттеушісі рөлін атқарады.Сондықтан адамгершілік нормалары әуел бастан, бір жағынан, қоғамның пайда болуы мен өмір сүруінің шарты болса, екінші жағынан, адамдардың бірлікте өмір сүруге, яғни ізгілікке қабілеттіліктерінің көрсеткіші де болып келеді.
Адамдардың қоғамдық тіршілікке қабілеттілігі, ең алдымен, олардың өзара міндеткерліктерін сезінулерінен, соның тікелей салдары ретінде өздері үшін, өздерінің іс- әрекеттері үшін жауапты екендіктерінің мойындауларынан көрінеді.
Бірлікте ғұмыр кешу заңы- адамгершілік қағидаларын мансұқтау адамдарды жол ережесін білмейтін жүргізушіден де бетер зардаптар мен қайғыға душар етеді.Арғы-бергі заман ғұламалары ой елегінен өткізген адамзаттың рухани тәжірибесі соны айғақтайды.
Қазіргі ғылым мен өндіріс технологиясының ғаламат дамуы, соған табан тіреген жаппай қырып- жоятын қарулардың жетілдіріле түсуі және оның болашағының болжалсыздығы, адамдардың моральдық кемелденуінің, жер бетіндегінің бәрі үшін жауапкершілігінің рөлін орасан арттырып жіберді.Бүгінде өркениетті гуманистік негізде құрудың бірден-бір шарты да, келешектен үміт те руханиятқа байланысты болып қалды.Қазіргі адамзаттың «бас ауруына» айналған өркениет проблемасын бұдан бір ғасыр бұрын кемеңгер Шәкәрім:
Әрі ғалым, әрі залым,
Ел түбіне сол жетер,-
деп, көрегендікпен болжаған, сақтандырған болатын.Ол өзінің данышпан туысы және ұстазы Абайдың ізімен «адам өмірін ... адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл» арқылы түзуге болады деген терең тұжырым жасады.
Нарық қатынастары жеделдетіп жіберген экономиканың әлемдік кірігуі дүние жүзін «қашып құтыла алмайтын» (Ш.Айтматов) ғаламдану арнасына үйіріп әкетіп барады.Бұл халқымыздың егемен ел, ұлт ретіндегі болашағына, өзінің рухани мәдениетіне, ата салт – дәстүріне қаншалық адалдығына үлкен сын болмақ.Өйткені , айналып келгенде, әлемдік қауымдастықта кәделі орнымыздың болу – болмауын рухани мұрамызды, салт – дәстүрімізді сақтап, өзіндік төл мәдениетімізді дамытуға деген бүкіл ұлттық ерік- жігеріміз бен табандылығымыз, дәйектілігіміз шешпек.Ал ұлтсызданудың отарлық формасының өркениеттік ғаламдану формасына айналып кету қаупінің алдын- алу, ең алдымен, халқымыздың әдебі мен адамгершілік- ізгілік дәстүрлерін оқушы ұрпақтың жан дүниесіне сіңіруге байланысты.
Қазақ елі өмірінде тарихи таңдау жағдаяты туған ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде А.Байтұрсынов: «Біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек», - деген қорытындыға келген болатын. Кемеңгер педагог «оқу ісін түзеу» деп оқытуды ізгілендіруді айтқан. Оның: «Білім мен адамгершілік – екі басқа нәрсе», - деген терең философиялық түйіні соны көрсетеді.
Данышпан бабамыз Әл –Фараби білім мен тәрбиенің бір еместігін айта отырып, тәрбиесіз берілген білім адамға таяқ болып тиеді деген тұжырым жасайды. Баяғы заман моралистері тәрбие ұғымын көбінесе ізгілік, әдеп –инабатқа балама мәнде қолданған. Оның әбден қисыны бар. Өйткені орта ғасырларда өмір сүрген француз философы М.Монтень айтқандай: «Ізгілік ғылымын меңгермеген адамға кез келген басқа ғылым тек қана зиянын тигізеді».
Рухани – адамгершілік білім беру жеке тұлғаның әлеуетін барынша ашуға бағдарланған. Адамгершілік адамның жалпы мәдениетінің көрсеткіші ретінде оның абыройын, жалпы адамзаттық құндылықтарды ұстануын білдіреді. Руханилық – адамның материалдық емес, адамгершілік құндылықтар басымдығына негізделген адам мен адамзат өмірінің рухтық – сезімдік жақтары, адамдардың өзгеше ойлау бейнесі мен тіршілік әрекеті.
Рухани – адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері:
1. Адамгершілік сананы қалыптастыру
2. Адамгершілік сезімді дамыту және тәрбиелеу.
3. Адамгершілік тәртібінде іскерлік пен дағдыны дамыту
4. Этикалық білім беру.
5. Гуманизм, адалдық, батылдық, төзімділікті қалыптастыру
6. Адамға сүйіспеншілік, құрмет, қайырымдылық сезімін дамыту.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы
Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы
Адамгершілік тәрбиені оқушылардың бойында қалыптастыру
Адамгершілік рухани тәрбиенің маңыздылығы.
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК-РУХАНИ ҚАСИЕТТЕРНІҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ІЗГІЛІКТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН ҚҰРУ
Өз білмегеніңді кісіден сұра, кісі жоқ болса кішіден сұра
Рухани адамгершілікке тәрбиелеу – басты мақсат
Биология сабақтарында электронды оқулықты қолдану
Биология сабақтарында электронды оқулықты қолдану
Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы

Автор Азаматова Ботакоз Алтынбеккызы

Қызылорда облысы, Жалағаш кенті №202 орта мектебі

Бөлім: Материалы / Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар | Көрсетілім: 4029 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар