Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Абай Құнанбаев. «Қыс»


Абай Құнанбаев. «Қыс»

 Абай Құнанбаев. «Қыс»

Сабақ №  54               Пән Әдебиеттік оқу.    Күні :                   Барлығы -        Қатысқаны-

Сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбаев. «Қыс» /ашық сабақ/

Жалпы мақсаты

Абайдың «Қыс» өлеңімен таныстыра отырып, өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу,байланыстыра сөйлеу дағдысын жетілдіру,тіл байлығын дамыту, туған жер табиғатын сүюге және қорғауға, ұқыптылыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу.

Оқу нәтижелері

Абай Құнанбаев туралы біледі, өлең мазмұны мен негізгі идеясын түсінеді, өз беттерінше жұмыс істей алады, сұрақтар қоя біледі, топпен жұмыста бірін-бірі түсіне біледі.

Сабақ типі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

Жекелей, жұптық, топтық.

Көрнекілігі

Ақ қағаз,  оқулық, маркерлер, стикер АКТ, слайд,

Сабақ кезеңдері Уақытты меңгеру

  1. Мотивациялық- бағдарлау кезеңі-8-10 минут
  2. Операциялық- орындаушылық кезең (оқу-танымдық, ізденім, ішінара зерттеу, проблемалық әдістер) -15-20 минут
  3. Рефлексиялық- бағалау кезеңі (өзіндік бақылау- өзін-өзі бағалау әдістері) –

5-8 минут

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің            іс-әрекеті

Оқушының

 іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру

 

Топқа бөлу

Психологиялық дайындық.                                                                   Мынау менің   - жүрегім,                                                                   Бәрі осыдан басталған.                                                                Мынау-басым ақылды,                                                                                Бәрін осы басқарған.                                                             Мынау менің –оң қолым,                                                          Мынау менің- сол қолым                                                                  Барлық істі атқарған.                                              Оқушылар өздеріне ұнаған түстерді ала отырып, сол түстер бойынша топтарға бөліну.

Қыс айларына байланысты топқа бөліну.                1-топ. Желтоқсан   2-топ. Қаңтар   3-топ. Ақпан

Кезекші есебі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар  қыс айларына байланысты топқа бөлінеді.

АКТ

 

Үй тапсырмасы.

Тарау. « Ата-бабам тарихы- менің тарихым»                  1. «Төрт ана» М.Шаханов. жатқа сұрау.                  2. Тест тапсырмасы.   Жауабы: 1. Ә 2. Ә. 3. Б           4. А  5. Б  6. Ә  7. А  8. Б  9 В  10 Ә

Әр топтан 3 оқушыдан жатқа сұрау.

Барлығы тест тапсырмасын орындап, экраннан тексеріп өзін-өзі бағалайды.

АКТ

«Ой шақыру»

-Қыс дегенде көз алдымызға не елестейді?

Әр топ өз ойларын ортаға салады.

 

Жаңа сабаққа даярлық             «Кім жылдам?»

Жұмбақ жасыру.                                                                                1. Қыста бар да , жазда жоқ.   ( қар)                                                  2. Құлағы мен көзі жоқ,                                                               Жоқ тіпті қол мен аяғы.                                                           Бірақ ғажап өнерпаз,                                                      Мәнерлеп ою ояды.   (қырау)                                                       3. Көлге жапқан қақпақ                                                      Сіресіп тұр-                                                                               Қатты-ақ.      (мұз)                                                                                        4. Қанаты  жоқ- ұшады.                                                    Аяғы жоқ –желеді.                                                               Аузы жоқ ұлиды. (боран)                                                       5. Ақ сақалды атаны –ай,                                                  Мінезінің шатағы-ай. (қыс)                                                       6. Бес ін , бес іннің,                                                             Аузы бір ін.( қолғап)  Бұл жұмбақтар қай жыл мезгіліне қатысты айтылған?

 

 

Әр топ екі жұмбақтан шешеді.

Басбармақ бағалау.

 Жаңа сабақ

-Ендеше , бүгін Абай Құнанбайұлының « Қыс» өлеңімен танысамыз. Абай Құнанбаев туралы мәлімет. 1-оқушы. Абай Құнанбаев ( 1845-1904)  қазіргі Шығыс Қазақстан облысының  Семей өңіріндегі Шыңғыстау маңында туған. Кішкене кезінен Зере әжесінің тәрбиесін көрді. Жастайынан зерек болды. Ол жас шағында Семей қаласындағы медреседе мұсылманша оқыды. Ол жастарды  өнер –білімге, адал еңбек етуге, халыққа пайда келтіруге шақырады. Әкесінің аты- Құнанбай, Шешесі- Ұлжан.Шын аты-Ибраһим. 2-оқушы. Абай-ақын. « Ғылым таппай мақтанба..», « Әсемпаз болма әрнеге»,                                « Жасымда ғылым бар деп ескермедім» , «Интернатта оқып жүр» деген өлеңдері бар. 3-оқушы. Абай- табиғат суретшісі, лирик ақын. Абай жыл мезгілдеріне арнап «Күз», «Қыс», «Жаз», «Қыс», «Қансонарда» 3-оқушы  . Абай-аудармашы. «Қарға мен түлкі», «Шегіртке мен құмырсқа», «Емен мен шілік» ,«Есек пен бұлбұл».  4-оқушы Абай-аудармашы. «Айттым сәлем, Қаламқас» «Көзімнің қарасы» «Сегіз аяқ», «Қараңғы түнде тау қалғып», « Желсіз түнде жарық ай» 5-оқушы. Абай –данышпан. Оның 45 қара сөзі, 500-ге тарта өлеңдері бар.

Оқушылар Абай Құнанбаев туралы білетіндерін айтады.

 

 

Сұрақтар

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулықпен жұмыс.

                     Абай Құнанбаев. Шын аты- Ибраһим

                     Ақын,аудармашы,сазгер,данышпан

                1845-1904 жылдары өмір сүрген Семей облысы  Шыңғыстау бөктері

             Өлеңдері «Қыс», «Күз»,  «Көктем» «Жаз», «Адам болам десеңіз», «Ғылым таппай мақтанба»                 

      Өлеңнің шығу тарихы. –Қыс өлеңін Абай атамыз 1884 жылы Семей өңірінде қыс қатты болып, ел жұтаған, мал қырылған екен. Қыста жауған қар сәуір айында бір-ақ еріген. Бұл өлең сол кезеңде жазылған. Сондықтан ақын қысты « Ақ киімді, денелі, ақ сақалдаы ,зор тұлғалы адам ретінде суреттеген.                                                             «Қыс» өлеңін оқушылардың оқуы. Инсерт әдісі. Мағынасы таныс емес сөздердің астын сызу.

Оқушыларға тақырыпты сатылай  түсіндіру

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар топта іштей, содан кейін  тізбектеп оқиды.

Сатылай түсіндіру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

оқулық

Сөздік жұмыс.

 

 

 

Соқыр-мылқау – түк көрмейтін

Оқшырайтып – бір шекесіне сәндеп кию.

Шидем- жұқа тоқылған сырт киім.

Долданғанда-аяз, жел тым күшейгенде.

Бұрқ-сарқ- қатты дауыл, боран.

 

 

 

 

 Экраннан оқып танысады

АКТ

Дәптермен жұмыс.

Жеке жұмыс.

Адам кейпіндегі қыстың суретін бейнелеп тұрған сөздерді тауып жазу, оқу.

Ақ киімді, денелі ,ақ сақалды;

Үсті –басы ақ қырау , түсі суық;

Бұлттай қасы жауып екі көзін.

Күн ретін жазу.

Өлеңнен тауып дәптерге жазу.

 

Өлеңнің ішкі мәнін сұрақ-жауап арқылы ашу.

1-топ.1. Автор қысты кімге теңеп тұр? (Қысты адамға,кәрі шалға )

2.Шалдың киімдері қандай? (Ақ киімді, үстін ақ қырау басқан)

3. Киім деп отырған не? (Ол жауған қар, қатқан мұз)

2-топ. 1.Автор суреттеп отырған шалды кімге ұқсатуға болады? ( (Аяз атаға)

2. Соқыр мылқау дейтін себебі не? ( Ол ештеңені көрмейді, аямайды, бәрін тондырады)

3. Түр-түсі қандай? ( Түсі ақ қырау сияқты, түсі суық болады)

3-топ. 1. Түсі суық дегенді қалай түсінесіңдер?                     ( Қатал, ашулы адамның түсі суық болады) 2. Өлеңдегі шалдың мінезі қандай? ( Ол қатал, соқыр, мылқау адам сияқты) 3.

Міне осылай табиғат құбылыстарын жандандырып, кісі кейпінде суреттеу тәсілін кейіптеу деп атайды.

Топ бойынша сұрақтарға жауап береді.

Басбармақ бағалау.

Сергіту сәті

Сергіту сәтін жасайды.

Музыка әуені бойынша жасайды.

АКТ

Жұптық жұмыс.

Өлең құрастыр.

Қар жауады......

Ойнауға жақсы- ақ.

Осындай .......

Кім үйде жатпақ.

 

Жұппен ақылдаса отырып өлең құрастырады.

 

 

 

 

Топтық жұмыс

1-топ. Венн диаграммасы  «Қыс» пен « Жаз»

2- топ.  «Абай Құнанбаев» топтастыру.

3-топ. 5 жолды өлең.

Оқушылар сұрақ дайындайды.

Сұрақ жазылған бетше

2 жұлдыз, 1 тілек

Суретпен жұмыс.

Қыс мезгіліне байланысты суреттер беріледі. Оқушылар  әңгіме құрайды.

Әр  топ сурет бойынша әңгіме құрайды.

Суреттер Бағдаршам

бағалау

Қорытынды.

«Ыстық орындық» Оқушылардың болжамды сұрақтары.

1. «Қыс» өлеңін кім жазған?

2. Абай кім?

3. Қыс несімен көңілді?

4. Автор қысты кімге теңейді?

Оқушылар өлең мазмұны бойынша сұрақтар қояды.

Оқушы, оқулық

«Рефлексиялық – бағалау»  кезеңі

Қыс маған ұнайды        Қыс маған ұнамайды.

 

Оқушылар өз ойларын жазады.

Кесте

Рефлексия

Балаларға баспалдақ суреті салынған қағаз таратылып беріледі де, сол баспалдақтағы өзінің орнын белгілеу тапсырылады. Егер оқушы өзін сабақта жақсы сезініп, сабақты жақсы түсінсе, баспалдақтың ең биік жеріне  күннің суретін салады.Ал егер сабақты дұрыс түсінбесе, сабақ ұнамаса, баспалдақтың  төменгі жағына бұлттың суретін салады. Сабақта оқушының көңіл-күйі орташа болып, кейбір нәрселерді  түсінбесе, онда  баспалдақтың ортасына  бір жағы ашық, бір жағы боялған  бұлттың суретін салады. Осылайша оқушының өзін-өзі бағалауы мен мұғалімнің сабағы бағаланып, өзара кері байланыс  жүзеге асырылады.

Оқушылар берілген баспалдаққа өздеріне ұнаған суретті салады.

Баспалдақ суреті.

Үйге тапсырма

«Қыс» өлеңін жаттау, сурет салу.

Күнделікке жазу.

 

Бағалау.

Өзін-өзі бағалау парағы, жиынтық бағалау.

 

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысы

Жарма ауданы Шар қаласы

«Б.Тұрсынов атындағы орта мектебі» КММ

Скакова Гульмира Сатыбалдиновна – бастауыш сынып мұғалімі.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Абай Құнанбаев. Қыс.
Абай Құнанбаев. Қыс
Абай. Қыс.
Абай Құнанбаев «Қыс»
Тіл және сөйлеу
Өнер, білім бар жұрттар
Қыс. Абай Құнанбаев.
Құнанбаев Өлең сөздің патшасы
Құнанбаев Қыс
Абай Құнанбаев Қыс
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 5725 | Қосты: Скакова Гульмира Сатыбалдиновна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык